- •1. Сапа түсінігінің анықтамасы
- •2. «Менеджмент» түсінігі және оның ерекшелігі.
- •1. Сапа Менеджмент жүйесінің талаптары
- •2. Құжаттамаға талаптар
- •Iso 9001 халықаралық стандартын енгізу артықшылықтары
- •2 Аудит кезіндегі өткізілетін шаралар
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
1. Сапа Менеджмент жүйесінің талаптары
2. Құжаттамаға талаптар
СМЖ Ұйым міндеті: СМЖ-ін жасау,құжаттау, енгізу, жұмыс қалпында сақтау, СМЖ-ін үнемі жақсарту.
Ұйым міндетті:
- СМЖ үшін керекті үрдістерді анықтау.
- Бұл үрдістердің кезегі мен өзара байланысын енгізу
- Тиімді әрекеттер мен басқару үшін критерийлер мен әдістерді анықтау
- Бұл үрдістерді қадағалау,өлшеу және анализдеу
- Жоспарланған нәтижелер мен осы үрдістердің үнемі жақсаруы үшін шаралар қолдану.
Егер ұйым кейбір үрдістер үшін сыртқы ресурстарды алса, олардың бақылануын қамтамасыз ету керек.
Ұйым СМЖ әзірлеп, құжаттандырып, енгізіп және үнемі жұмыс жағдайында ұстап, халықаралық талаптарға сәйкес оның нәтижелігін арттырып отыруы керек. егер ұйым басқа ұйымға қандайда бір өнімнің сапасына әсер ететін процесті орындауды тапсырса, ол өз тарапынан осы процеске бақылау жүргізу керек.
Құжаттамаға талаптар
СМЖ талаптарына мыналар кіреді:
a) Сапа саласындағы саясат пен мақсаттар туралы құжат түрінде ресімделген өтініштер.
b)Сапа бойынша басшылық
c) Құжатталған процесстер
d) Жоспарлау, үрдістерді жүзеге асыру және оларды басқаруды қамтамасыз ету үшін қажет құжаттар.
e) Халықаралық стандартпенталап етілетін жазбалар.
СМЖ негізгі құжаттамасында мыналар болуы керек:
1. сапа саясаты мен мақсаттары.
2. сапа жөніндегі басшылық
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың келесідей болуын қамтамасыз ету керек:
- ұйым мақсатына сәйкестігін
- СМЖ талаптарына сәйкес және үнемі нәтижелікті жоғары бағыттауға міндетті.
- Сапа саласындағы мақсаттарға және оны талдауға негіз салу.
- Ұйым қызметкерлеріне жеткізіп, оларға түсінікті болуы керек.
- Үнемі жармдылыққа анализ жасалуы керек.
Ұйым сапа бойынша басшылықты жасап, оны жұмыс қалпында сақтауы керек,оның құрамында:
- Қандайда болсын ерекшеліктерді қосып СМЖ ашып жазу.
- Оларға құжатталған процедуралар немесе сілтемелер.
- СМЖ үрдісінің өзара байланысын ашып жазу.
Құжатталған процедура- әзірленіп, құжат түрінде ресімделген, енгізілген және жұмыс жағдайларында жүргізілетін процедура. Құжатталған процедуралар:
- Құжаттаманы басқару бойынша.
- Жазбаларды басқару бойынша.
- СМЖ ішкі аудитін жүргізу бойынша.
- Талаптарға сай емес өнімді басқару бойынша.
- Жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша.
- Ескерту жұмыстарын өткізу бойынша.
- Тиімді жоспарлау жұмыс істеу және үрдістерді басқару үшін керекті құжаттар.
- Сапа бойынша жазбалар.
Құжат кез-келген формада және кез келген тасымалдаушыда болуы мүмкін:
- Сапа бойынша басшылық.
- СМЖ қолдану аясы.
- Құжаттанған процедуралар.
Бақылау сұрақтары:
1.СМЖ Ұйым міндеті қандай?
2. Құжаттамаға талаптар қандай?
3. СМЖ негізгі құжаттамасында не болуы керек?
4. Құжатталған процедура дегеніміз не?
Дәріс №7 -8
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу кезеңдері
Дәріс мақсаты:Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің әзірлеу енгізу кезеңін толығымен түсіндіру. Негізгі сатыларын талқылап, үйрету
Жалпы мағлұматтар
1. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі кезеңдері
2. Ұйымдастыру әдістемелік кезеңі
СМЖ құру үшін ұйымның жоғары басшылығының стратегиялық шешімі қажет.
СТ ҚР ИСО 9001 талаптары әмбебап және меншік түрі, персонал саны, қызмет түрі мен шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет түріне тәуелсіз барлық ұйымдар үшін арналған.
Жұмысты тез және тиімді жүргізу үшін жоғарғы басшылық СМЖ жауаптылар тағайындайды. СМЖ бағалау үшін ішкі аудиттер жүріп тұрады. СМЖ жасағанда адамға, факторға байланысты. СМЖ енгізу үшін қызметкерлерді оқыту керек және ашық ақпараттандыру керек. СМЖ әзірлеу, жасау негізгі 8 қағидаға негізделеді. Сонымен қатар, бір мекеменің СМЖ құжаттау деңгейі басқасынан ұйымда болып жатқан процестің күрделілігі мен әсерлесуіне, персоналдың қызмет бабына, ұйымның жалпы даму деңгейіне байланысты бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.
СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі 5 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең Ұйымдастыру-дайындық
2-кезең СМЖ әзірлеу
3-кезең СМЖ енгізу
4-кезең СМЖ сертификаттау.
5-кезең СМЖ жұмыс күйінде ұстау және ұдайы жақсарту
СМЖ өңдеу, енгізу және сертификаттауға дайындау сапа менеджменті принциптері негізінде жүзеге асыру керек. Ұйым басшылығы нәтижелі әрі тиімді СМЖ құру бойынша алға қойылған мақсаттарды ұстанатындығын көрсету керек. Жұмысқа ұйымның барлық қызметкерлері кірісуі керек.
СМЖ құрудың барлық кезеңдерінде ерекше назарды қызметкерлерді ақпараттандыру мен СМЖ өңдеу жұмысына кірісуіне, сондай-ақ, персоналды сапаны басқару әдістері мен қазіргі заманғы принциптеріне үйрету мәселелеріне аудару керек.
1.1.Ұйымдастыру дайындық кезеңіне келесі жұмыстар кіреді:
- СМЖ жауаптыны тағайындау
- Жоғары басшының жауапты тұлғаның қалғанда қызметкерлердің ҚР СТ ИСО 9001 талаптарынан танысу және оқуы.
- СМЖ негізгі мақсаттарын анықтау
- Ұйымның басқару жүйесінің Сапа менеджмент талаптарына сәйкестігін бағалау
- Ресурстар жағдайын бағалау
- СМЖ негізгі кезеңдерін жауаптыларды және мерзімін көрсеткен жоспар құру
- СМЖ құжаттамаларын дайындауға жауаптыларды дайындау
- Көмек көрсетуші кеңесші әдістемелік ұйымдарды таңдау.
Ұйымдастыру дайындық кезеңінің ресімдеу құжаты басшының бұйрығы болады.
СМЖ әзірлеу кезеңі- сапа саласындағы саясат және мақсат: Сапа саласындағы саясат сапа менеджмент жүйесін әзірлеу сапа саласындағы саясаттан басталады. Ол жерде ұйымның стратегиялық мақсаттары көрсетіледі. Саясатты жасау үшін үйымның миссиясы және видения сәйкес бағытты анықтау керек. Миссия-ұйымның неге арналғанын анықтау, не үшін деген сұрақтар,а жауап береді.
Сапа саласындағы саясат. ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына сәйкес жасау керек.
Иерархия сапа саласындғаы саясат сатысы.
Сапа саласындағы саясат
Сапа саласындағы мақсаттар
Сапа бойынша басшылық (СМЖ негізгі құжатталған
процедуралар мен процестер сипатталады)
Жоспарлау, орындау және басқару үшін қажетті құжаттар
(техникалық реттемелер, стандарттар, н.т.қ)
Жазбалар
Сапа саласндағы саясатты көрсетілген деректер:
- Шығарылатын өнімнің көрсетілген қызмет аты.
- Сапа деңгейі ұйым басшысының көздеген сапа деңгейі.
- Тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру бағытындағы ұйым басшысының талпынысы (миссияда осылар көрсетіледі)
Ұйымның бағыты ретінде (введения) көрсетілуі мүмкін:
1. Түтынушылардың талаптарын қанағаттандыру
2. СМЖ нәтижелілігін жоғарлату
3. СМЖ өнімжәне процестерді дамыту
4. Өнімнің және өндірістің техникалық деңгейін көтеру
5. негізгі ресурстар түрін, персоналды дамыту
6. жұмысты ұйымдастыру әдістемесімен түрлерін персоналды жұмылдыруды жаңа деңгейге көтеру
7. ресурстарды пайдаланудың тиімді және рационалды жағдайларын құру.
Сапа саласындағы саясатты жоғары басшы өз міндетіне алып, соңына қол қояды.
Бақылау сұрақтары:
1. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді негізгі кезеңдері қандай?
2. СМЖ-ні әзірлеу және енгізуді қанша негізгі кезеңдері бар?
3. Ұйымның бағыты қандай болуы мүмкін?
4. Иерархия сапа саласындғаы саясат сатысы.
Дәріс №9
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесін құжаттандыру
Дәріс мақсаты:Студенттерге құжатталған процедураларды оқыту, мән мағынасын түсіндіру
Жалпы мағлұматтар
Құжатталған процедуралар (өндіріс орындарының стандарттары)-бизнес процестердің орындалу тәртібін бейнелейтін құжаттар.бұндай құжатта функциональды міндеттердің бөлінуі бойынша құрылымдық сызба қамтылуы мүмкін. бұндай процедураларды енгізу өте пайдалы,яғни олар құрылымдық бөліктерге барлық функциональдық байланыстарды көруге мүмкіндік береді.
Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты:
· ұйым мүшелеріне СМЖ функцияларының реттілігін жеткізе білу;
· білім мен тәжірибені сақтау мақсатымен ұйымды стандарттау;
· СМЖ аудиты және оның тұрақты қабылдануы үшін негізін қамтамасыз етуі.
СМЖ құжаттарының мынадай қасиеттері бар болу керек:
· жүйелілік (құжаттар өзара байланысты болу керек)
· адекваттылық (СТ РК ИСО 9001 талаптарына сай болу)
· қол рұқсаттылық (құжаттама жұмыс орындарында рұқсат ету керек)
· актуалдылық (құжаттамада ұйымдағы жұмыстардың күйі және барлық өзгертулер енгізілуі керек)
· мекен-жайлылық (құжаттама нақты орындаушыларға арналу керек)
СМЖ құжаттамасы қағаз және электронды түрде болу керек
СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтары:
· сәйкес ұйым мүшесі ақпаратқа тұрақты түрде қол жеткізіп тұрады
· ақпараттық таралуы тез таралып, оңай бақыланады
· жойылған жерден құжатты қайта алу
· өзгеріс енгізу мен ескірген құжаттарды жоюдың қарапайым және эффективті жүйесі
· құжат көшірмелерін тираждау мен оларға өзгеріс енгізумен байланысты шығындарды азайту
Электронды құжаттың версиясының кемшілігі ұйым мүшелерінің алдын ала жасап шығарылған және актуалданылған құжаттарды пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Құжатталған процедуралар дегеніміз не?
2. Ұйымның СМЖ құжаттарын құрудағы негізгі мақсаты қандай?
3. СМЖ құжаттарының қандай қасиеттері болу керек?
4. СМЖ құжаттамасының электронды версиясының артықшылықтарын ата.
Дәріс №10
Сапа бойынша басшылық
Дәріс мақсаты:Сапа бойынша басшылық құжатын талқылап, оның негізгі міндеті мен қасиеттерін студенттерге үйрету
Жалпы мағлұматтар
СББ-ты ҚР СТ ИСО 10013 стандарттарына сәйкес жасайды.сапа бойынша басшылық СМЖ-ң негізгі құжаты.
Стандарт бойынша басшылығының құрылымы
Сапа бойынша басшылық бөлімі |
Бөлім мазмұны |
ҚР СТ ИСО9001 стандарт пунктері |
Кіріспе |
Ұйым басшысының СМЖ-н қолдану туралы сапа саласндағы саясат, жалпы ұйым туралы және шығарылатын өнім туралы мәліметтер |
|
1 бөлім қолдану аясы және тағайындалуы |
Сапа менеджмент жүйесінің әрекет саласы және ерекшеліктерді көрсете келе |
4,2,2 |
2 бөлім нормативті сілтемелер |
Нормативтік құқықтық актілердің, техникалық реттемелер стандарттарын т.б құжаттардың белгіленуі мен тізімі |
|
3 бөлім терминдер анықтамалар және қысқартулар |
Құжат мәтінінде пайдаланылған терминдер, анықтамалар, қысқартулар. |
|
4 бөлім СМЖ-сі |
ҚР СТ ИСО 9001 талаптарының СМЖ-не және СМЖ құжаттамаларына сапа бойынша басшылықты қосқанда орындалуы. |
4.1,4.2 |
5 бөлім басшылық жауапкершілігі |
ҚР СТ ИСО 9001 стандартарының басшылық міндеті бойынша тұтынушыларға қарай бейімделуі бойынша сапа саласындағы саясатты бекіту және орындау бойынша қызметкердің жауапкершілігі мен міндеттерін бөлу бойынша, басшылық тарапынан талдау бойынша талаптарының орындалуы. |
5.1,5.6 |
6 бөлім ресурстар менеджменті |
Тұтынушылардың талаптарын орындлау және СМЖ-н ары қарай дамыту үшін бөлінетін ресурстарды негіздеу және қамтамасыз ету. |
6.1-6.4 |
7 бөлім өнімнің өмірлік циклінің процестері |
Ұйымда жалпы жоспарлау ӨӨЦ жоспарлау жүйелері тұтынушылармен байланысты процестер өнімге қатысты талаптарды анықтау және талдау(тұтынушылармен байланыс ароқылы) өнімді және процестерді дайындау, сатып алу және жобалау, қызметтің валидациясы сәйкестігін рәсімдеу, реттеу және қадағалау. Мониторинг және өлшеу құралдарын басқару |
|
8 бөлім өлшеу, талдау, жақсарту |
Мониторинг және өлшеу процестермен өнімдердің мониторингі сәйкеспейтін өнімдерді басқаруү әрдайым жақсарту, түзетуші әрекеттер, ескертуші әрекеттер. |
|
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа бойынша басшылық дегеніміз не?
2. Сапа бойынша басшылықтың стандарты қандай?
3. Сапа бойынша басшылықта не қарастырылған?
Дәріс №11
Тақырыбы:Процесстерге, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптар
Дәріс мақсаты:Процесс, процесстік тәсілдемеге қойылатын талаптарды талқылау, негізгі білімді студенттерге үйрету
Жалпы мағлұматтар
ҚР СТ ИСО 9001 стандартында ұйымда процесстік тәсілдемені іске асыру үшін қажетті талаптарды бекітеді. Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекетінің өзара байланысқан әрекеттері мен ресурстарын біріктіріп процесс ретінде қарау басқару процесстік тәсілдеме. Процесс дегеніміз бір-бірімен байланысты кірісі және шығысы бар анықталған ресурстар арқылы қолданылуы арқылы жасалынатын қызмет түрі.
Ұйымда процесстік жақын келуді орындау үшін:
1) Сапа менеджмент жүйесіне қажетті процесстерді тенестіреді;
Процесстерді анықтау кезінде ұйым келесі факторларды қарап шыға алады-өнім сапасына ықпалын жасау, тұтынушының қанағаттанбай қалу тәуекелдігі,заң шығарушы және міндетті талаптар,экономикалық тәуекел, қызметші жете білушілігі,процесстердің қиындығы және т.б.
2) процесстерді суреттеп айтады, яғни әрбір процесстің кіріс және шығыс нәтижелерін анықтау, орындау кезеңдерін, процессті өлшеу және мониторинг, процесстің ағысы үшін қажетті ресурстар, процесстердің жұмыс жасау және мониторингі кезіндегі ұйым жұмысшыларының жауапкершіліктері және өкілеті;
3) процесстер арасындағы негізгі байланыстары мен жүйелілігін анықтайды;
4) процесстердің мақсаттарын жасайды және осы мақсаттарға жетудің көрсеткіштер жүйесін, процесстерді басқару және бағалау нәтижелігін жүзеге асыру кезіндегі критериларды анықтайды;
5) мониторинг объектілерін анықтайды, мониторинг әдістерін, талдау реті және монитеринг нәтижелерін дайындайды;
6) процесстердің нәтижелілік бағалау әдістерін орнатады.
СМЖ не қажетті процесстерге келесі процесстерді қосқан жөн:
· басшылық басқаратын қызмет;
· ресурстар менеджменті;
· -өнімнің өмірлік циклі;
· өлшеу, талдау және жақсарту.
Процесстерді суреттеп көрсету үшін көптеген тәсілдер қолданылуы мүмкін, солардың ішінде блок-схема, процесс картасы, процесс паспорты, сонымен қатар мәтіндік суреттеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымда процесстік жақын келуді орындау үшін не қажет?
2. Процесс дегеніміз не?
3. Процестік тәсілдеме дегеніміз не?
Дәріс №12
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесін бағалау. Сапаға жауапты қызметкерлердің міндеттері.
Дәріс мақсаты:Студенттерге сапа менеджменті жүйесін бағалау кезеңін түсіндіру, сапаға жауапты қызметкерлердің міндеттерімен таныстыру
Жалпы мағлұматтар
Мекеме басшысының шешімі бойынша СТ ҚР ИСО 9001 сәйкес өңделген және енгізілген СМЖ сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігін дәлелдеу бойынша актіркелген ұйымға сертификаттауға ұсыныла алады. СМЖ сертификаттау СМЖ-нің СТ ҚР ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін дәлелдеу үшін және өнім тұтынушыларында, ұйым басшысында және басқа мүдделі жақтарда мекеме тұтынушы талаптары мен міндетті талаптарға сәйкес өнім шығару үшін барлық шаралар мен жағдайдар сақталғандығын көрсету үшін, сондай-ақ, тұтынушы қанағаттануын сапа менеджмент жүйесін тиімді қолдану арқылы (оны тұрақты жақсарту үдерістерін қосқанда) арттыру мақсатымен жүргізіледі.
Сертификататуға сұраныс жібергенге дейін мекеменің жоғары басшылығы СМЖ жарамдылығын, тіркелуін және нәтижелігін бағалау үшін талдау жүргізу керек.
Сәйкестікті дәлелдеу бойынша мекеме аудиторларымен қатынасқа персоналды дайындау керек, персоналды сертификаттау ережелері мен процедурасымен, тексеру әдістерімен, аудиторлар жағынан шешім қабылдау критерийлерімен таныстыру керек.
СМЖ сәйкестігін дәлелдеу бойынша ұйымды таңдаған кезде негізгі таңдау критерийлері ретінде мыналарды қабылдау керек:
· мекеменің Қазақстан Республикасының №603-ІІ 2004 жылғы 3 қарашадан «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкестігіне тіркелуін;
· сәйкестікті дәлелдеу бойынша ұйымның тіркелу облысын;
· тұтынушы талаптарын;
· аудиторлар құзыретін;
· қызмет құнын.
СМЖ сертификаттау бойынша ұйым таңдаған соң мекеме тіркеудің сәйкес облысына сәйкестікті дәлелдеу бойынща СМЖ сертификаттау өткізуге сұранысты, бастапқы ақпаратты, толтырылған анкета-сауалнаманы, сапа бойынша Құралды жібереді. Мекеме арнайылығы мен оның шығаратын өнімін ескеру арқылы сұраныс, анкета-сауалнама мен бастапқы ақпарат мазмұнының формасын сәйкестікті дәлелдеу бойынша ұйым ұсынады.
Сертификациялық аудитке дайындығы (ҚР СТ ИСО 9001-2001 стандарты талаптарына сай СМЖ).
Бұл шаралар келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:
· Сапа менеджмент жүйесі ішкі аудиторларын оқыту және сапаны басқару қызметтерін құру: Жүйе эффективті жұмыс істеуі үшін, онымен тұрақты жұмыс істеп, бақылап, талдап, белсендендіру керек. Бұл үшін компанияда сапа қызметі (штаттық не штаттық емес) құрылады, арнайы оқытылатын және СМЖ талаптарының орындалуына периодты түрде тексеріс жүргізетін ішкі аудиторлар тобы тағайындалады (ішкі тексеріс жүргізудің тәртібі СМЖ процедурасының біреуінде ашылып жазылады);
· СМЖ қорытынды аудитінің өткізілуі. Консультанттар тобы және компания өкілдері тартылған ұйымда СМЖ сертификаттау процесін жүргізудің алдында сертификаттау жүйесіне дайындылығына бағалау жүргізіледі.
· Сапа менеджменті жүйесінің сертификациялық аудитін өткізуге дайындық. Дайындау кезінде қорытынды аудит өткізу кезіндегі жасалған ескертулер жойылады, сертификаттау бойынша органның эксперттік комиссия ұйымы тексерудегі өзара әсер ету және өткізу бойынша қызметкерге тағайындау беріледі.
Басшылықтың жауапкершілігі:
Жоғары басшылық СМЖ-н жасау мен енгізу кезінде өзінің қатысуының куәлігін мыналар арқылы қамтамасыз ету керек:
1. тұтынушылар талаптарын заңнамалардағы және техникалық реттемелердегі талаптардың орындалуының маңыздылығын ұйымға түсіндіру
2. сапа саласындағы саясат
3. сапа саласындағы мақсаттарды жасауды қамтамасыз ету
4. өз тарапынан талдау
5. қажетті ресурстармен қамтамасыз ету
6. СМЖ-ң тиімділігін жіне жұмыс қалпын қамтамасыз ету
7. сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жаңғырту жөніндегі шешімдерді қабылдау
8. СМЖ-н өнім сапасы мен қанағаттанарлық деңгейі туралы ақпаратты тұтынушылардан алады.
9. СМЖ-ң ішкі тексерістерін жоспарлау, өткізу, нәтижелерін ресімдеу.
10. СМЖ сұрақтары бойынша жоғарғы басшылыққа баяндама әзірлеу, есеп беру
11. СМЖ тиімділігін талдау және ұдайы жақсарту бойынша ұсыныстар жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. СМЖ сәйкестігін дәлелдеу бойынша ұйымды таңдаған кезде негізгі таңдау критерийлері қандай?
2. Сертификациялық аудитке дайындық кезеңі
3. Басшылықтың жауапкершілігі қандай?
Дәріс №13
Тақырыбы:Қызметті жақсарту бойынша ұсынымдар
Дәріс мақсаты:Ұдайы жақсартуға жаңа ұсынымдарды талдау
Жалпы мағлұматтар
СМЖ сертификаттау өткізген соң және сәйкестік сертификатын алған соң мекеме басшылығы СМЖ нәтижелігін тұрақты жақсарту мен жұмысшы күйінде сақтау жұмысымен айналысуы керек. СМЖ тұрақты жақсарту тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтардың көңілінен шығу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайды.
Тұрақты жақсарту мынадан тұрады:
· жақсарту (жетілдіру) облысын анықтау үшін қолданыстағы ережелерді талдау және бағалау;
· жақсарту мақсаттарын орнату;
· мақсатқа жету бойынша мүмкін шешімдерді іздеу;
· шешімді бағалау және үздігін таңдау;
· таңдалған шешімді жүзеге асыру; мақсаттарға қол жеткізуді орнату үшін орындалған нәтижелерді өлшеу, тексеру, талдау және бағалау;
Жақсарту үшін мүмкіндіктерді анықтау үшін ішкі және сыртқы СМЖ аудиттерінің, түзетуші және ескертуші амалдардың, басшылық жағынан ұйым қызметін талдау нәтижелері қолданылуы мүмкін.
Ұйымдарда қолданылатын СМЖ процесстерінің идентификациясы, бағалауы және диагностикасы
Компаниядағы ұйымдастырылған жұмыс жөнінде,процестердің әлсіз жақтарының көрінуі туралы толық ақпарат алу үшін,компания басшысы компанияда «ерікті аудиттің» өткізілуіне тапсырыс беруі мүмкін. Бұл бүкіл әлемде кең тараған практика, аз шығынмен бизнесті жандандыру және ұйым жұмысын белсендендіру болып табылады. Жинақталған тәжірибесі және жұмыстың сауатты ұйымдастырылуы туралы теоретикалық білімдері көп тәуелсіз және қызығушылығы жоқ эксперттер өндірісті бағалап және қысқа уақыт аралығында бас мамандармен ақылдасып, өндірістік процестер күйінің және компания жұмысының тиімділігін жоғарлату бойынша сауатты тағайындаудың квалификацияланғандығы туралы қорытынды береді.
Бағалау мен диагностикалауды өткізу келесі негізгі шаралардан тұрады:
· ұйымдық құрылымды бағалау мен белсендендіру (әр жұмыскердің міндеті, жауапкершілігі, функциясын бағалау және ролдері);
· компанияның қорытынды процесстерінің бөлінуі (өнім мен қызмет көрсету сапасы тәуелді болатын), берілген процесс иелерін-бөлім басшыларын анықтау (алдыңғы пунктпен тығыз байланысты);
· бұл процесстердің құжатталған процедураларының (жұмыстық инструкциялар, әдістемелер) нәтижелілігі мен толықтығын талдау;
· орындалған процесстердің журналдары, есептік формалары, бақылау карталары сапасы туралы мәліметтер тіркеуінің нәтижелілігі мен толықтығын талдау; осы формадағы бағалардың периодтылығын бақылау;
· процестер мен өнімдер бақылау және идентификациялау бойынша әрекеттің қажеттілігін және жеткіліктілігін бағалау бойынша шығарылған өнімнің өнімділігін қалпына келтіру мүмкіндігі;
· компания тұлғаларының қызығушын және мотивациясын бағалау.
Ұйымдағы жұмыстық процестерді бағалаудың нәтижесі процестердің әлсіз және күшті жақтарын есептейтін, «тар орындарды» көрсететін және компания басшысына берілетін ұйым жұмысының жақсаруы бойынша ұсынысы бар эксперттер жүргізген тексерудің есебі болып табылады.
Мекеме қызметінің тиімділігін арттыру үшін СМЖ тұрақты жергілікті жақсартумен тереңдетілген жүйелік өзгерістермен (мысалы, қоршаған ортаны басқару жүйесін СТ ҚР ИСО 9001 талаптарына сәйкес енгізу, СТ ҚР 1348 талаптарына сәйкес еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу) 5-7 жылдан сирек емес мерзімде өткізілуі керек.
