
- •1. Сапа түсінігінің анықтамасы
- •2. «Менеджмент» түсінігі және оның ерекшелігі.
- •1. Сапа Менеджмент жүйесінің талаптары
- •2. Құжаттамаға талаптар
- •Iso 9001 халықаралық стандартын енгізу артықшылықтары
- •2 Аудит кезіндегі өткізілетін шаралар
- •6 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •6.2 Қосымша әдебиеттер
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1
Тақырыбы:Халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесіне кіріспе.
Дәріс мақсаты:Студенттерді сапа менеджмент жүйесімен таныстыру, менеджент, сапаны басқару терминдерін талқылап, сапаны басқару ұғымын түсіндіру
Жалпы мағлұматтар
1. Сапа түсінігінің анықтамасы
2. «Менеджмент» түсінігі және оның ерекшелігі.
Қазақстан Республикасының ашық нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты бәсекеге қабілетті өнімді шығару мен өндіруді қажет етіліп отыр. Кез келген тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның сапасымен анықталады.
Сапа – субъективті түсінік. Бұл анықтаманың түсініктемелері және терминологиялық ықпалдары да көп. 1968 жылдың өзінде бұл анықтамаға 100 шақты түсініктеме берілді. Бұндай әртүрлілік сапаның көп аспектілігімен түсіндіріледі.
«Сапа» терминіне нақты анықтама берген кезде, 1994 жылы оның анықтамасынан оның алдындағы жылдары «қасиет» термині алынып тасталынған болатын. Жалпы сапа терминін түсіну үшін терминдерді келесідей тізбектеп орналастырамыз: сипаттамалар–қасиеттері - cапа.
Сипаттамалар – бұл текст, кестелер, математикалық формулалар түрінде берілген тәуелді және тәуелсіз ауыспалылар арасындағы өзара байланыс.
Сапаға анықтама берген кезде қажеттіліктер түсінігі бастапқы болып алынады. Қажеттіліктер сипаттамалары объектінің сапа сипатттамаларына сәйкес келуі тиіс.
Сапа түсінігіне «нысан» термині де кіреді. Нысан дегеніміз – жеке қарастырылатын және сипатталатын зат. Нысан, мысалы, қызмет немесе үрдіс, өнім, ұйым, жүйе немесе жеке тұлға, сонымен қатар кез-келген комбинация бола алады.
Сапа қажеттіліктер жиынтығын қанағаттандыру деңгейіне тәуелді. Бұл жиынтық элементтер тізімінен тұрады. Бұл элементтер сапа құрамалары деп аталады. Сапаның негізгі құрамасы:
- нарық қажеттіліктерін анықтау;
- өнімді жобалаудың сапасы;
- өндіру процесінің сапасы;
- соңғы өңделіп шығарылған өнімнің жобаға сәйкестігі;
- сатудан кейінгі қызмет көрсету сапасы.
Жоғарыда аталған сапа құрамдастарынан басқа сапа мәселелерін дұрыс түсіну үшін келесі жағдайларды есепке алу қажет:
- өнімнің сапасы тұтынушыға бағытталу қажет;
- сапаны қамтамасыз ету – бір бөлімше орындайтын тек қана техникалық функция ғана емес, сонымен қатар компанияның ұйымдық құрылымын түгелдей қамтитын жүйелілік процесс;
- сапа мәселелері тек қана өндірістік процесте ғана емес, сонымен қатар өнімді, маркетингті және т.б. құру сферасында да өте өзекті болып табылады;
- өнім сапасын жақсарту, жетілдіру технологияларды қаншалықты дәрежеде жаңартуға байланысты;
- өнімнің жалпы жоғары сапасы өнімді өндіруге немесе қызметті көрсетуге қатысушы барлық жақтардың қатысуымен ғана қамтамасыз етіледі.
Менеджмент — материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану арқылы жетуге бағытталған бөлек кәсіби қызмет.
«Менеджмент» түсінігі әлем әдебиетінде түрлі түсіндіріледі. Сондықтан оның кез келген анықтамасы толық емес. Оксфорд сөздігінде менеджмент адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі; билік және басқару өнері; ерекше біліктілік және әкімшілік тәжірибесі; басқару орыны, әкімшілік бірлігі деп анықталады. Шет елдің бір сөздігінде «менеджмент» – «өндірісті басқару, өндіріс тиімділігін және пайдасын жоғарлату мақсатында қағидалар, әдістер, құралдар және өндірісті басқару түрлерінің бірігуі».
Менеджмент сипаттамасында оны басқару ғылымы, басқару үрдісі, басқару өнері, басқару функциясы, басқарылатын ұйым адамдары ретінде баяндау үшін тәсілдемелер көп пайдаланылады.
Менеджменттің мазмұны мен мәнін анықтауда, оның процесстік қасиеті ерекше аталады.
Менеджмент арнайы дайындалған мамандар ұйымдастыруды, мақсаттар қойып басқару және оған жету үшін әдістер мен тәсілдерін жасауды біріктірген процесс ретінде сипатталады.
Менеджмент менеджерлермен және басқару органы мен аппаратымен ерекшеленеді.
Менеджмент көп анықтамаларда басқаруды – өз пәні бар, өзінің ерекше мәселелері және оны шешудің әдістері мен тәсілдері бар білімнің, ғылымның бөлек бір саласы деп ерекшелейді.
Менеджменттің соңғы мақсаты өндіріске пайданы қамтамасыз ету. Менеджменттің маңызды мәселесі – тұтынушылардың қызығушылығын ескеріп тауарлар шығарып, қызметтер көрсету және фирманың нарықта орнықты тұруын қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа дегеніміз не?
2. Сапа менеджмент жүйесі
3. Менеджмент деген не?
4. Сапаның негізгі құрамасы қандай?
Дәріс №2
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесіні енгізуді негіздеу және артықшылықтарын ашу.
Дәріс мақсаты:СМЖ енгізуді және СМЖ-н енгізу артықшылықтарын ашып үйрету
Жалпы мағлұматтар
1. СМЖ енгізуді негіздеу
2. СМЖ енгізудің артықшылықтары
Әлемдік нарықтағы бәсекелестік өте қатаң. Кез келген компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі – өз саласында, нарықтағы өз аумақтық сегментінде көшбасшылар тізімене ену. Және көптеген компаниялардың осы мақсатқа жету мүмкіндіктері бар..
СМЖ сәйкессіздіктер мен ақаулардың алдын алу тексерулерін жүргізуді (ішкі аудиттерді) қамтамасыз етеді, соынмен бірге оның өндіріске және тұтынушыға жіберілуіне тосқауыл қояды.
ИСО 9001 ге сәйкес сапа менеджменті жүйесі түрлі тараптар мүдделерінің тиімді тепе-теңдігін табуға мүмкіндік береді. Бүкіл қатысушылардың мүдделері үйлесімді келісілген жағдайда ғана компанияның ұзақ мерзімді тұрақты табысына қол жеткізіледі.
ИСО 9001 стандартын енгізуден келетін пайдаға қатысты кәсіпорын басшылары арасындағы статистикалық сауалдар өте көп. Олардың тек біреуін ғана мысал етейік (Ton van der Wiele and Alan Brown, Quality Journey after ISO 9000 Certification in SME’s . ЕОК 44 конгресінің материалдары, Будапешт).
Компаниялардың СМЖ енгізуден қандай пайда тапқандығы туралы сұраққа келесі жауаптар алынды:
Жобаны енгізуден кейін күтілетін пайда
- Компанияның сату көлемдерінің өсуі;
- Қызметкерлер еңбегі тиімділігінің өсуі;
- Тұтынушылардың жұмыс сапасымен қанағаттануы артқан;
- Клиенттер шағымдарының қысқаруы.
Компания мен қызығушылық танытушы тараптардың алатын артықшылықтары мен пайдасын кесте түрінде келтіруге болады:
Сонымен, СМЖ-ін енгізу қажеттілігімыналар болуы мүмкін:
- тапсырыс берушінің немесе келісімшарттың талаптары;
- нарықтық мүмкіншіліктердің кеңейтілуі және халықаралық нарыққа шығу;
- жақсаруға ұмтылу;
- менеджмент пен өндіріс мәдениетінің жоғарлауы;
- сапа шығындарының қысқартылуы, персоналдың дәлелдемесі;
- фирма жарнамасы мен өз имиджін қабылдау мақсатында;
- халықаралық келісімшартты алу.
Ұйымның қызығушы тараптары мыналардан тұрады:
- тұтынушылар және шектi пайдаланушылар;
- ұйым қызметкерлерi;
- иелер-салымшылар (акционерлер, ұйымға нақты қызығушылық танытатын қоғамдық секторды қоса жеке тұлғалар немесе топтар);
- жеткізушілер мен cepіктестер;
- ұйым немесе оның өнімі әсер ететін түрлi бiрлестiктер мен мемлекеттiк құрылымдар түрінде қоғам.
Ұйым өнімін тұтынушылар мен шеткi пайдаланушылардың қажеттiктерi мен күтулерiнiң мысалдары:
- талаптарға сейкестiгi;
- сенімділігі;
- болуы;
- жеткізілуі;
- өнімнің өмiрлiк кезеңi аяқталғаннан кейiнгi әрекет;
- өмiрлiк кезеңнiңң бағасы мен құны;
- өнім қауіпсіздігі;
- өнім сапасына жауаптылық;
- қоршаған opтаға әсер ету.
Өндіріс процесінде процестерді, технологияларды, материалдарды жетілдіру жөнінен тұрақты қызмет болуға тиіс. Бір орында тұру үшін үнемі өз қызметіңді жетілдіре отырып «жүгіру» қажет, әйтпеген жағдайда сіз бәсекелестерден қалып қоясыз. Үнемі жақсару үшін басқа себептер де болуы мүмкін.
Сонымен, сапа менеджмент жүйесін енгізудегі кәсіпорынға келетін артықшылықтар:
- кәсіпорынды басқару жүйесінің тиімділігін көтеру;
- басқаруға кететін шығындарды азайту;
- процесстер сапасын жақсарту;
- өнім және жұмыс сапасын жақсарту;
- кәсіпорын тапсырмасы мен мақсатын персоналдың жақсы ұғынуы;
- қызметкерлердің орындаушы тәртібі мен себеп деңгейін көтеру,
- өзінің нәтижелеріне деген үлкен жауаптылық және мұның негізінде еңбек өнімділігін көтеру;
- персоналды сапа бойынша жұмысқа еліктіру, сапа бойынша ойды ұстауын көтеру.
Сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001 стандарт талаптарына сәйкестігін растайтын құжат болып сапа жүйесін сертификаттау бойынша бұл қызметтің жүргізілуіне құқығы бар арнайы өкілетті органдармен берілген сәйкестік сертификаты табылады.
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттаудан кәсіпорыныға келетін артықшылықтар:
- отандық нарықта бағытты тұрақтандыру;
- тұтынушылар сенімділігіне ие болу;
- тендерге қатысу кезінде қосымша артықшылықтар;
- ішкі және сыртқы нарықта кәсіпорын мәртебесін көтеру;
- кәсіпорынды басқару бойынша таңдалынған стратегияның дұрыстығын растау.
Сапа менеджменті жүйесін енгізу құны көптеген факторларға байланысты. Оларға ең бірінші жатады: кәсіпорын көлемі; персонал саны; сапа менеджмент жүйесінің дайындығы (тиімділігі); сертификатталған қызмет түрлері; сертификаттау органын таңдау.
Мұндай факторлардың әрқайсысы келесі жалпы құн құраушыларына әсер етеді:
- персоналды оқыту құны;
- сапа менеджмент жүйесін әзірлеу құны;
- сапа менеджмент жүйесін енгізу құны;
- сертификаттау құны;
- сертификатталған жүйеге инспекциялық бақылау құны.
Сапа менеджментінің сапалы өнім шығаруға және қажетті шарттарға бағытталған кәсіпорындары мен ұйымдар бар. Сапаның менеджменті барысында кәсіпорындар мен ұйымдарда саяси сапа іске асырылып, стратигиялық және тактикалы мақсаты анықталады.
Кәсіпорын сапа менеджмент жүйесін жасауды өздігінен немесе мұндай облыста мамандандырылған консалтингтік фирма көмегімен жүргізеді. Шешімді кәсіпорын басшылығы қабылдайды.
Бақылау сұрақтары:
1. СМЖ-ін енгізу қажеттілігі қандай?
2. Сапа менеджмент жүйесін сертификаттаудан кәсіпорыныға келетін артықшылықтар
3. Ұйымның қызығушы тараптары қандай?
4. компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі
Дәріс №3
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесі стандарттары. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері.
Дәріс мақсаты:Студенттерме СМЖ стандарттарын талқылау, ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелерді үйрету.
Жалпы мағлұматтар
1. Сапа менеджменті жүйесі стандарттары
2. ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті негізгі ережелері
Ерте заманнан бері өнім сапасының көптеген стандарттары болған. Ол стандарттарды өнімнің нақты түрлеріне талаптар көрсетілген. Сапа жүйесі стандартты салыстырмалы түрде жаңа. АҚШ-тың MIL-Q-9858 және MIL-1-4528 қорғаныстық стандарттары сапа жүйесінің тарихи тұрғыда алғашқы стандарттары болды, одан кейін Ұлыбританияның 05-21 сериялы қорғаныстық стандарттары шықты, кейін олар АQAP (сапаны қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен материалдар) стандарттармен алмастырылды 05-21 және BS сериялы стандарттары арасында тікелей тарихи байланыс бар, ал 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы BS 5750 стандартына негізделген.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. Халықаралық стандарттарды көбінесе ИСО-ның техникалық комиттеттері әзірлейді.
9000 сериялы ИСО стандарты - сапа жүйесі стандартының қазіргі кездегі жалғыз стандарты емес. Басқа да көптеген стандарттар бар. Сапа жүйесі стандартының мынадай жолмен классификациялауға болады:
· өнімге қатысты сапа жүйесі стандарты;
· өндіске қатысты сапа жүйесі стандарты;
· сапа жүйесі стандарты.
Өнімге қатысты сапа жүйесі стандарттары өнімнің нақтылы түрлеріне қатысты талаптардан тұрады. Өндіріске қатысты стандарттар нақтылы сала үшін сапаны қамтамасыз ету моделін ұсынады. AQAP - НАТО қорғаныстық стандарты АРI - мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін жабдықтар стандарты немесе «Дженерал Моторз», «Форд моторз» және «Крайслер» компаниялары бірлесіп жасаған, автомобиль өнеркәсібі үшін сапа жүйесі талаптарынан тұратын QS 9000 стандарты оған мысал бола алады.
ИСО 9000 сериялы стандарттар және олардан тараған ұлттық стандарттар әмбебап сипаттағы сапа жүйесінің стандарттары болып табылады. Бұл олардың өнімнің сипатына қарамастан іс жүзінде кез-келген салада қолданылуы мүмкін екендігін білдіреді.
2000ж ИСО/ТК176 техникалық комитеті ИСО 8402 толығымен ауыстырып және оны жоққа шығарған «Сапа менеджменті және сапаны қамтамасыз ету» стандартын әзірледі.
ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.
Халықаралық стандарттардың прогресті сипатын, олардың халықаралық нарыққа шығуындағы реттеуші рөлін ескеріп, ИСО 9000, ИСО 9001, ИСО 9004 стандарттары Қазақстанда тікелей қолдану үшін келесі түрлерде қабылданған:
· ҚР СТ ИСО 9000-2001 – «Сапа менеджменті жүйесі. Негізгі жағдайлар және сөздік.»;
· ҚР СТ ИСО 9001-2001 – «Сапа менежментінің жүйелері. Талаптар.»;
· ҚР СТ ИСО 9004-2001 - «Сапа менеджментінің жүйелері. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар.».
Негізінен ИСО 9000 стандарттар жиынтығы барлық түрдегі және мөлшердегі ұйымдарға көмектесу және сапа менеджменті жүйелерін енгізу және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әзірленген:
· ҚР СТ ИСО 9000-2001 сапа менеджменті жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және сапа менеджменті жүйелері үшін терминалогияны бекітеді.
· ҚР СТ ИСО 9001-2001 тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданылатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда сапа менеджменті жүйелеріне талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған.
· ҚР СТ ИСО 9004-2001 сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. ҚР СТ ИСО 9004-2001 стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы талаптарды қанағаттандыру болып табылады.
· ИСО 19011 сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға ие.
Барлығы бірге ұлттық және халықаралық саудада өзара түсіністікке жеткізетін сапа менеджменті жүйелеріне келісілген стандарттар кешенін құрайды.
Бақылау сұрақтары:
1. 9000 сериялы ИСО стандарттың алғашқы басылымы қандай стандартқа негізделген?
2. Сапа жүйесі стандартының классификациясы
3. ИСО 19011 қандай стандарт?
4. Сапа менеджменті жүйелерінің нәтижелілігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие стандарт қайсы?
Дәріс №4
Тақырыбы:В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі
Дәріс мақсаты:В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклының артықшылығын түсіндіру, сапа менеджменті үлгісін көрсету, үйрету
Жалпы мағлұматтар
1. В.Шухарт-У.Э.Деминг PDCA жақсарту циклы
2. Сапа менеджменті жүйесі үлгісі
СМЖ талаптары. ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандарттаұйымдарға халықаралық деңгейде қойылатын минималды талаптар ретінде көрсетілген. Процестік тәсілдеменің артықшылығы басқарудың үздіксіздігінде – PDCA циклі.
Өндіріс процестерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған алғаш рет революциялық идеяны 1924 жылы Шухард ұсынды. Дегенмен оның ойы PDCA циклі өндірістік процестердің сапасын төмендететін себептерді жоюға мүмкіндік беретін сапаның үздіксіз жақсару идеясы немесе сапаны басқару қамтамасыз ету және одан әрі жақсарту этаптарының тізбегі.
Стандарт СМЖ әзірлеу, енгізу және нәтижелілікті жақсарту кезінде «процестік тәсілдемені» қолдануға бағытталған. Процестік тәсілдеменің артықшылығы басқарудың үздіксіздігінде –сапаның үздіксіз жақсару PDCA цикліне (Э.Деминг)сәйкес:
Plan (жоспарлау) – тұтынушы талаптары мен ұйым саясатына сәйкес нәтижелерге жету үшін қажет мақсаттар мен процестерді әзірлеу.
Do (жүзеге асыру) – процестерді енгізу.
Check (бақылау) – өнімге арналған талаптар, мақсаттар және саясатпен салыстыру үшін процестерді, өнімді ұдайы өлшеу, тексеру.
Act (әрекет) – сапа көрсеткіштерін ұдайы жақсарту бойынша жұмыстар.
Стандарт талаптары ұйымның түріне, көлеміне және өнім түріне байланыссыз барлық ұйымдарға арналған. Егер стандарттың қандай да бір талабын ұйымның ерекшелігіне қарай қолдануға болмаса, оны алып тастауға рұқсат етіледі, бұл әрекет тек 7-ші бөлімге ғана қатысты.
ИСО 9001:2000 стандартын қысқаша келесі ретте бөліп сипаттауға балады. Сапа менеджменті жүйесінің талаптары негізгі 5 элементтен тұрады
1. Сапа менеджменті жүйесі
2. Басшылықтың жауапкершілігі
3. Ресурстар менеджменті
4. Өнімнің өмірлік циклының процесстері
5. Өлшеу, талдау, жақсарту
Бақылау сұрақтары:
1. Деминг-Шухарт циклі дегеніміз не?
2. Негізгі 5 элемент
3. бақылау дегеніміз не?
4. Plan-ға не жатады?
Дәріс №5
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесі қағидалары.
Дәріс мақсаты:Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің негізгі қағидаларын студенттерге үйрету
Жалпы мағлұматтар
Сапа менеджменті жүйесінің қағидалары
Ұйымды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін сапа менеджментінің сегіз қағидасы қалыптастырылған:
1. Тұтынушыға бейімделу ұйымның өз тұтынушыларына байланысты, сондықтан олардың ағымдағы және болашақ сұраныстарын түсініп, олардың талаптарын орындау керек және олардың күткендерінен де асып түсуге ұмтылу керек.
Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:
· тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін түсіну (мақсаттар мен міндеттер сәйкестігі);
· ұйымның мақсаттары мен міндеттерінің тұтынушылардың сұраныстары мен күткендерін сәйкес келуін қамтамасыз ету;
· ұйымның ішінде тұтынушылардың сұраныстары мен күткендері туралы ақпараттар тарату;
· тұтынушылардың қанағаттанушылығын және іс-қимыл нәтижелерін өлшеу;
· тұтынушылармен қарым-қатынастың менеджменті;
· тұтынушыға және басқа да мүдделі тараптарға қатысты теңдестірілген көзқарасты қамтамасыз ету.
2. Басшылықтың лидерлігі – ол әкімшілік қызмет емес. Басшылар ұйым қызметінің мақсаты мен бағытының бірлігін қамтамасыз етуге тиіс. Басшы ұйым қызметкерлері ұйымның міндеттерін шешуге және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге толық тартылатындай ішкі қызмет қалыптастыруы керек.
Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:
· тұтынушыларды, меншік иелерін, персоналды, жеткізіп берушілерді, жергілікті қауымдастық пен бүтіндей жұртшылықты қоса алғанда барлық мүдделі тараптардың сұраныстарын қарау;
· ұйымның болашақтағы түсінікті болмысын анықтау;
· сенім орнату және қорқыныштарды жою;
· қызметкерлерге тиісті ресурстарды беру, жауапкершілік пен есеп беруді талап ете отырып, оқуына және еркін қимылдауына мүмкіндік беру;
· қызметкерлердің үлестеріне бастамашы болу, ынталандыру және тану.
3 Қызметкерлерді тарту - барлық деңгейлердегі қызметкерлер ұйымның негізін құрайды, оларды өндірістік процестерге толықтай тарту, адамдардың қызметтестігі мен қатыстылығы олардың қабілеттерін ұйым пайдасына кеңнен және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:
· өзіңнің үлесі мен ұйымдағы рөлінің маңыздылығын түсіну;
· олардың қызметіне шектеулерді анықтау;
· проблемаларды шешудегі рөл мен жауапкершілікті анықтау;
· өзіңнің жеке мақсаттарыңмен және міндеттеріңмен салыстырғандағы өз көрсеткіштеріне баға беру;
· өзіңнің біліктілігіңді, білімің мен тәжірибеңді арттыру мүмкіндіктерін белсенді іздестіру;
· білім мен тәжірибені еркін алмасу.
4.Процестік тәсілдеме - қызметті және тиісті ресурстарды процестер сияқты басқарғанда өзің қалаған нәтижеге тиімдірек қол жетеді.
Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:
· өзің қалаған нәтижелерді алу үшін қажетті қызметтің шешуші түрлерін анықтау үшін құрылымдалған тәсілдерді қолдану;
· қызметтің шешуші түрлерін басқару үшін анық жауапкершілік пен есептілікті орнату;
· қызметтің шешуші түрлерінің мүмкіндіктерін түсіну және өлшеу;
· ұйымның функциялары арасындағы ішкі және сыртқы өзара байланыстарды анықтау;
· басшылықтаң ұйым қызметінің шешуші түрлерін жақсартатын ресурстар, тәсілдер мен материалдар тәрізді факторларға назар ұстауы;
· тұтынушылар, жеткізіп берушілер және басқа да мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді, зардаптар мен әсерлерді бағалау.
5. Менеджментке жүйелі тәсілдеме- өзара байланысты процестер көрінісін, түсінігін және менеджментін ұйымның өз мақсаттарына жетудегі нәтижелілігі мен тиімділігіне қосылған үлестің жүйесі ретінде қарайды.
Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарда көрініс табады:
· ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жолдармен қол жеткізу үшін жүйені құрылымдау;
· жүйенің процестері арасындағы өзара байланысты түсіну;
· мақсаттарды белгілеу және жүйедегі нақтылы қызметтердің іс-қимылдарының қалай болуы керектігін анықтау;
· өлшеу және бағалау арқылы жүйені үздіксіз жақсарту.
6. Ұдайы жақсарту - ұйымда өзгеріссіз тұратын мақсат. Қағиданы қолдану, әдетте, мынадай іс-қимылдарға апарады:
· бүкіл ұйымдағы тұрақты жақсаруға деген келісілген көзқарасты пайдалану;
· қызметкерлерге үнемі жақсарту тәсілімен және құралымен білім алуға мүмкіндік беру;
· үнемі жақсарту принципінің, процестер мен жүйелер қағидасының ұйымның әрбір қызметкері үшін мақсатқа айналуы;
· үнемі жақсару барысын басқару және өлшеу жөнінен мақсаттар белгілеу;
· жақсаруды мойындау және растау.
1. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау - тиімді шешімдер негізінде берілген және іс-жүзіндегі ақпараттарға қисынды және түйсікті талдау жасау ұғымы бар.
Қағиданы қолдану:
· Тапсырмаға байланысты берілгендерді және ақпаратты жинау және талдауын;
· Берілгендер мен ақпараттың дұрыстығын дәлелдеуін;
· Фактілер мен ақпаратты талдау негізінде шешімдерге келуін талап етеді.
8. Жеткізушілермен өзара тиімді қарым-қатынастар
Ұйым және олардың жеткiзушiлерi өзара тәуелдi, өзара пайда қарым-қатынасы екі тараптың құндылық құру мумкіндіктерін жоғарылытады.
Қағиданы қолдану сepiктecтік қарым-қатынасты құpған кезде ұйымға:
· негiзгi жеткiзушiлер мен басқа да ұйымдарды негiзгi cepiктecтep ретiнде анықтауы;
· тұтынушылардың қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiдей жетуi;
· серiктестердiң қажеттiктерi мен күтулерiн нaқты түciнyгe бiрдей жетуi;
· тұрақты серіктестік мүмкіндігін қамтамасыз ететін мaқcaттаp қоюы керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Процестік тәсілдеме қағидасы қандай?
2. Ұйымның өз тұтынушыларына байланысты қағида қайсы?
3. Қанша қағида бар?
4. Сегізінші қағида қандай?
5. Қызметкерлерді тарту қағидасы қандай?
Дәріс №6
Тақырыбы:Сапа менеджменті жүйесі талаптары
Дәріс мақсаты:Студенттерге сапа менеджменті жүйесінің негізгі талаптарын түсіндіру, оқыту
Жалпы мағлұматтар