
- •1. Фотограмметрияның даму тарихы
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •3. Фотосуреттердің стереофотограмметриялық өлшеудегі тәсілі
- •1.Фотограмметриялық объектілердің сипаттамасы
- •2. Стереоэффект түрлері және оларға жалпы сипаттама
- •3. Заманауи аэрофотосуреттерді өндейтін фотограмметриялық бағдарламалар.
- •1. Нақты фотографиялық көріністі құру ерекшеліктері
- •2. Үлкен фототрансформатор фтү
- •3. Фототеодолиттің құрылысы және жұмыс істеу принципі
- •1. Аэрофототүсіріс жұмыстары
- •2. Фототрансформаторда суреттер трансформациясынын геометриялық және оптикалық шарттары
- •3. Фототеодолит аспабының тексермелері
- •1.Аэрофототүсіру жұмыстарының талаптары
- •3. Стереоавтограв туралы жалпы сипаттама
- •2. Стереокомпораторлар
- •1. Аэрофотосуреттерді трансформациялаудың жалпы ережелері
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •1. Аэрофототүсіріс туралы негізгі мағлұматтар.
- •1.Аэрофототүсіру жұмыстарының талаптары
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •3. Фотосуреттердің стереофотограмметриялық өлшеудегі тәсілі
1.Аэрофототүсіру жұмыстарының талаптары
Топографиялык мақсаттар үшін тар жолды бір маршрутпен толықтырылатын аэрофототүсірістерді маршрутты деп атайды. Маршруттың көптеген түрінде көпмаршрутты немесе алаңды деп атайды.
Түсіріс кезіндегі экспозиция арасындагы уакыт интервалын есептеу екі бірдей жер аралас түсіріс кылып бейнеленуі керек. Аэрофототүсірісті орындаганда бойлық жабылыс 60%-тан кем болмауы тиіс. Сонда гана маршруттың екі бірдей көршілес түсірістерінде гана емес, бір түсірістерден кейін да орналаса алады.Үш түсіріс арасындагы жабылысты үштік жабылыс түсірісі деп аталады.
Екінші және келесі маршруттарды жасаганда көршілес жаткан маршрут арасында да жабылыс болуы тиіс.Оны кесе орналаскан жабылыс деп атайды. Егер де кесе орналаскан жабылыс 50% кем болса, онда араласжатқан маршрутгар гана жабылады.
Емтихан билет №6
3. Стереоавтограв туралы жалпы сипаттама
Стереоавтограф – фотограм-лық кертпенің түзу кеңістікті шешілудің мех-лық принципі қолданылған, жоғары дәлдікті фотограмметриялық аспап.
Аспап келесі негізгі түйіндерден тұрады: Сілімді қаңқадан, сызғыштарды көпірінен, суретті ұстағыш кареткалардан, тіреу көпірлерінен, бақылау жүйесінен, белгі беру жүйесі және блокқа қою құрылғысынан.
Аспапты горизонтальдау үшін көтергіш бұрандалармен жабдықталған, үш аяқты тұғыр тіреу бар станцияның үстінде екі бағыттауыш тіреу көпірлері және суретті ұстағыш кареткалардың цилиндрлі бағыттауышы бекітілген. Сонымен қатар оның үстінде сызғыштардың көпірінің тіреу тақтайшалары, фототүсірістерге жарық түсіретін рефлекторлары бар екі электрошам, бинокулярлы басша, Х пен Z кареткалары және тіреу көпірлерінің орнын ауыстыру үшін арналған жүйе, есептеу құрылғысы бар Х пен Z штурвалдары, биіктік есептеу құрылғылары, Х және Z кареткаларының және тіреу көпірлерінің қозғалысын координатографқа жіберетін үш сельси – көрсеткіш бекітілген.
Юстирленген стереоавтограф келесі шарттарды қанағаттандыру керек:
Конвергентті аспаптың 0-дік есеп кезінде оң жақ жоспарлы сызғыштың бағыттауыш қабырғалары тік болулары керек;
Өлшенген маркалары орталық қиылысулардың бақылау тордың тұру копірінің қозғалуы барлық диапазонында қиылыспауы керек;
Фокустық ара қашықтық индикатор шкалаларының нөл орындары 0-ге тең болуы қажет;
Жоспарлы және төбелік сызғыштар бір-біріне параллель болуы керек, егер базистік құрушылар 0-ге тең болса; ал Z және Х кареткалардың жүргізуші роликтардың тұру центрлері тең болуы керек және У есепшотының көрсеткішімен сәйкес болуы қажет;
Вх және Вz құрушы базистік индикаторлардың шкалаларының көл орындары 0-ге тең болуы шарт.
Емтихан билет №10
2. Стереокомпораторлар
Стереокомпораторлар бұл фотосуреттердегі бейнелерді әр координаттарын, бойлық және көлденең параллакстарын өлшейтін фотограмметриялық аспап. Оның көлденең аэрофотосуреттердің, фототеодолиттік суреттердің, олардың негативтері мен диапозиттерінен суреттік координаттар мен паралакстарын анықтайды.
Стереокомпораторлардың бинокулярлық бақылау жүйесіне стереоскопиялық өлшеуде кеңістіктегі бір маркаға айналатын екі өлшегіш марка енгізілген. Стереокомпоратормен өлшеу жұмыстарының алдында оны арнаулы тексеру торлармен салыстырып, санақ алатын шкалаларының нөлдік орнын анықтайды. Салыстыру кезіндегі стереокомпоратордың кареткаларының остерінің бойымен жылжуы бірқалыпты және тура сызықтың бойымен жүруі тиіс; кассеталардың айналу центрі олардың центрлеріне дәл келуі керек; сәйкес штурвалдар мен паралактикалық бұрандаларын бұрғылағанда өлшегіш маркалар аспаптың өзара перпендикулярлық Х және Y өстерінің бойымен жылжуы тиіс. Өлшеу кезінде негативтердің кассетаға эмульсиялық бетімен төмен қарата салып арнаулы әйнектермен бастырады. Кассеталарға орналастырарда қатарлас негативтердің немесе фотосуреттердің өзара жабатын жерлері біріне-бірі қарай бағытталуы тиіс, ал олардың бас нүктелері шамамен кассеталардың центрлерімен беттесуі тиіс.
Стереокомпаратордың құрылысы: станина, негізгі каретка (ол х осі бойынша жылжиды), х штурвалы, х осі бойыншаесеп алу шкаласы, х=0.01 мм, оң және сол кареткалар және оның кассеталары , снимоктерді қатайтатан бұрандалар бинокуляр жүйесі ( z осі бойынша жылжиды), штурвал z, және z бойынша есеп алу шкаласы, z=0.01, Р және Q паралакстар штурвалы және олардың есеп алу шкаласы, P=0.001мм, Q=0.01мм.
Стереокомпараторда жұмыс жасау барысы:
Оң және сол фотоснимоктардың орта нүктесін центрге келетіндей етіп эмульсия бетін төмен қаратып саламыз да бекітеміз.
Х,Y штурвалдары арқылы оң марканы сол маркамен 1 к беттестіреміз. Оң суретпен оң окулярға қарау арқылы.
Х штурвалын жылжыту арқылы марканы 2 к нүктесіне бағыттаймыз. Егер де метка нормальмен беттеспесе онда касетаны бұру бұрандасы арқылы бұраймыз 1-ші оң жақ суретке жарты қиыспаушылықты ψ бұру бұрандасымен түзетеміз.
Сол жақ суретте Млев сол жақ бұру бұрандасымен және Z штурвалымен жұмыс жасаймыз.
Х штурвалы арқылы қайтадан 1К нүктесіне қайтып ораламыз, егер де қиыспаушылық болса, оны 2К нүктедегідей жоямыз.
Стереокомпаратордың тексермелері:
Бинокулярдың микроскоп түзуі орналасқаны қажет.
Негізгі каретканың жылжуы тік бағытта болуы керек.
Негізгі каретканың жылжуы бағыты Х осі бойынша бинокуляр жүйесінің жылжуы бағытына перпендикуляр болу керек.
Оң каретканың жылжу бағыты негізгі каретканың жылжу бағытына II болу керек.
Оң каретканың Z осі бойынша жылжу бағыты бинокулярлық микроскоптың бағытына II болу керек.
Емтихан билет №17