Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фотограмметрия шпаргалка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
46.45 Кб
Скачать

1. Аэрофототүсіріс жұмыстары

Топографиялық мақсаттар үшін тар жолды бір маршрутпен толықтырылатын аэрофототүсірістерді маршрут деп атайды. Маршруттың көптеген түрінде көпмаршрутты немесе алаңды деп атайды.

Түсіріс кезіндегі экспозиция арасындағы уақыт интервалын есептеу екі бірдей жер аралас түсіріс қылып бейнеленуі керек. Аэрофототүсірісті орындағанда бойлық жабылыс 60% -тан кем болмауы тиіс. Сонда ғана маршруттың екі бірдей көршілес түсірістерінде ғана емес, бір түсірістерден кейін да орналаса алады. Үш түсіріс арасындағы жабылысты үштік жабылыс түсірісі деп аталады.

Екінші және келесі маршруттарды жасағанда көршілес жатқан маршрут арасында да жабылыс болуы тиіс. Оны кесе орналасқан жабылыс деп атайды. Егер де кесе орналасқан жабылыс 50% кем болса, онда аралас жатқан маршруттар ғана жабылады.

2. Фототрансформаторда суреттер трансформациясынын геометриялық және оптикалық шарттары

Трансформациялаудың фотомеханикалық әдісі арнайы аспаптардың – фототрансформаторлардың көмегімен жүзеге асады. Олар горизонталь суретке сәйкес келетін көрініс бекітілетін экранмен және проекциялаушы камерада орналасқан көлбеу суреттің жазықтықтарының арасында перспективалы сәйкестікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Осымен бірге алынған көріністі берілген масштабқа келтіреді.

Перспективті сәйкестікті қалпына келтіруге болады, егер суреттің ішкі және сыртқы бағдарлауының барлық элементтері белгілі болса ғана. Ішкі бағдарлау элементтері бойынша түсіру кезінде болған проекциялаушы сәулелердің жиынтығын қалпына келтіреді, ал сыртқы бағдарлау элементтері бойынша оны суретке түсіру кезінде горизонталь жазықтыққа қатысты тұрған орына келтіреді. Егер осылай алынған проекциялаушы сәулелер жиынтығын экранның горизонталь жазықтығымен қиып өтсе, онда оның үстінде фотографиялық жолмен бекітуге болатын трансформацияланған көріністі аламыз.

Фототрансформаторлар трансформацияланған көріністі алу ережесі б-ша екі топқа бөлінеді: бірінші және екінші текті фототрансформаторлар.

Бірінші текті фототрансформатор суретке түсіру кезінде болған проекциялаушы сәулелер жиынтығын сақтап, сурет пен экранның прерспективті сәйкестігін қалпына келтіреді. Екінші текті фототранс-да суреттер трансформациясы проекциялаушы сәулелер жиынтығы өзгерту арқылы жүзеге асады.

Экранның жазықтығында дұрыс және айқын көрініс алу үшін суреттер трансформациясының геометриялық және оптикалық шарттарын орындау қажет. Бірінші текті трансформаторда трансформациялаудың геометриялық шарттарын қарастырсақ. S проекция ортасы бар P фото суреттің проекциялаушы сәулелер жиынтығы суретке түсіру кезінде болғандарға ұқсас болсын. Сыртқы бағдарлау элементтері бойынша жергілікті жерге қатысты аэрофототүсіріс кезінде орналасқан орнына орнатылады да, горизонталь жазықтығымен қиылады.

3. Фототеодолит аспабының тексермелері

Фототеодолит аспабының тексермелері: 1) Фотокамера және касета жарық өткізбейтін болу керек. Алдымен жарық көзінің фотокамераларға өтуін тексеру үшін зарядталған касетаны салып, объективті жабық күйінде пердешені ашып фотоплстинканы қолданбалы қолданбалы рамканың жазықтығына қатайтып, фотокамераны күннің жарық көзіне қояды. Егер фотоплстинка проявкадан кейін жарықтандырылмаған болса, шарттың орындалғаны. 2) Фотокамераны цилиндрлік деңгей теңгермесінің осі фотокамераның вертикаль айналу осіне перпендикуляр болу керек. Бұл тексерме теодолиттің цилиндр тәріздес тденгей теңгермесінің тексермесі сияқты орындалады. Салынбалы денгейді арнайы орнатылған алаң камерасының жоғарғы бөлігінде орнатылады, ал камераның жоғарғы бөліктері қарама-қарсы екі перпендикуляр бағытта көзделген.Фотокамераға фотопластинкамен зарядталған касетасы ішінде орнатылады. Камера салынбалы денгей б-ша дәл горизонтальданады. 3) Қолданбалы рамканың жазықтығы фотокамераның вертикальды айналу осіне параллель болу керек. Бұл тексерме көбінесе арнайы рамка н/е 30˝ б-ша бөлінген бұрыштық денгейдің көмегімен орындалады. Фотокамераны штативке орнатады, тұғырдың қатайту бұрандалары арқылы қатайтады және горизонтальдайды. Зарядталған касета алынған қолданбалы рамкаға бұрыштық н/е рамкалы денгейді қосады. Егер денгейдің үлбіреуігі нөль пунктінен 2 бөліктен кем емес ауытқыса, бұл теңгерменің дұрыс келтірілгені. 4) Көру дүрбісінің айналу призмасының осі дүрбінің визирлік осіне перпендикуляр болу керек. Фотокамерадан 8-10 мм-ден баулы қашықтықта тіктеуіш ілінеді. Фотокамераны ұқыпты горизонтальдап және көру дүрбісінің биссекторы арқылы тіктеуішпен визирленеді. Көру дүрбісінің призмасын жан жақты ең максимальді бұрышқа бұрып, биссекторға қатысты тіктеуіштің қимылын бақылайды. Берілген шартты орындаған кезде тіктеуіш биссекторға қатысты беттеспейді. Шарт орындалмаса оптика – механикалық бөлімде жөндеу жүргізіледі. 5) Фотокамераның бастапқы сәулесін және бір жазықтықта көру дүрбісінің визирлік осін орнату кезінде лимб б-ша есеп нөлге тең болу керек. 6) Үстіңгі және астыңғы координаталық белгілер арқылы өтетін түзу фотокамераның вертикальді айналу осіне параллель болу керек. 7) Горизонтальді координаталық белгілер арқылы өтетін түзу үстіңгі және астыңғы координаталық белгілер арқылы өтетін түзуге перпендикуляр болу керек.

Емтихан билет №5