
- •1. Фотограмметрияның даму тарихы
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •3. Фотосуреттердің стереофотограмметриялық өлшеудегі тәсілі
- •1.Фотограмметриялық объектілердің сипаттамасы
- •2. Стереоэффект түрлері және оларға жалпы сипаттама
- •3. Заманауи аэрофотосуреттерді өндейтін фотограмметриялық бағдарламалар.
- •1. Нақты фотографиялық көріністі құру ерекшеліктері
- •2. Үлкен фототрансформатор фтү
- •3. Фототеодолиттің құрылысы және жұмыс істеу принципі
- •1. Аэрофототүсіріс жұмыстары
- •2. Фототрансформаторда суреттер трансформациясынын геометриялық және оптикалық шарттары
- •3. Фототеодолит аспабының тексермелері
- •1.Аэрофототүсіру жұмыстарының талаптары
- •3. Стереоавтограв туралы жалпы сипаттама
- •2. Стереокомпораторлар
- •1. Аэрофотосуреттерді трансформациялаудың жалпы ережелері
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •1. Аэрофототүсіріс туралы негізгі мағлұматтар.
- •1.Аэрофототүсіру жұмыстарының талаптары
- •2. Сандық аэрофотоаппарат
- •3. Фотосуреттердің стереофотограмметриялық өлшеудегі тәсілі
3. Заманауи аэрофотосуреттерді өндейтін фотограмметриялық бағдарламалар.
Емтихан билет №3
1. Нақты фотографиялық көріністі құру ерекшеліктері
Объективті ең жақсы оптикалық жүйе деп есептеп, фото көріністі жергілікті жер нүктелерін 5проекция ортасы арқылы өтетін және көріністің ең жақсы жазықтығына түсетін түзу сәулелермен орталық проекция нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Бұндай түсінік фото көріністің геометриялық абстракциясы болып табылады және нақты жағдайда көрсетілген абстракциядан ауытқуларды туғызатын себептердің бір қатарына байланысты орындалмайды.
Линзалардың негізгі абберациялары сфералық абберация, кома, хроматикалық абберация, дисторсия және астигматизм болып табылады.
2. Үлкен фототрансформатор фтү
Аэрофотосуреттерді жобалық және перспективалық фототрансформациялау үшін үлкен фототрансформаторы (ФТҮ) кеңінен қолданады.
ФТҮ – екінші текті фототрансформатор, пішіні 30х30 см дейін аэронегативтерді фототрансформациялауға арналған, үлкейту (трансформациялау) коэффиценті 0,7-ден 5,0 есе. Еніс бұрыштары 450. Кассета бөлек негатив пен бөлек аэрофильмдермен жұмыс істейді. Аспаптың вертикаль құрылымдық осі объективтің басты оптикалық осімен беттеседі.
Фототрансформациялаудың оптикалық шарттарын орындау екі инверсорды жұмыспен қамтамасыз етеді. Масштабты инверсор бірінші оптикалық шартқа сәйкес трансформатордың құрылымдық осінің бойымен объектив пен негативтің және қозғалуысын келістіреді. Бұл инверсор бір-бірімен тік бұрыш жасай қосылған және қисық тетік құрайтын екі металдын сызғыштар түрінде орындалған. Перспективті инверсор екінші шарттың орындалуын қамтамасыз етеді және объектив картеткасында бекітілген, шарнирді айналатын жалпы тік сызғыштан тұрады. Негатив пен экран жазықтықтарына перпендикуляр тетіктер қатаң бекітілген, олардың соңдары шығыршық түрінде, экран мен негативтің жазықтықтарының қиылысу сызығы объективтің горизонталь басты жазықтығында жататындай, экран мен негатив жазықтықтарын бұрыштарға бұрып, жалпы сызғыштың жұмыс шетінің бойымен қозғалады.
ФТҮ фототрансформаторының негізгі сипаттамалары:
Суреттер форматы – 18х18, 24х24, 30х30см
Луч объективі – F=180 мм, 1:6,8
Суретті трансформациялау коэффициенті – 0,7-ден 5,0 дейін
Экран өлшемі – 100х100см
Экран көлбеулігі – 450дейін
Суреттің бұрылуы – 3600дейін
Бойлық децентрация - +90-70мм
Көлденең децентрация - ±50
Жарық көзінің қуаты – 150Вт
Аспап өлшемі – 1,5х1,2х3,0м
Масса – 700кг
3. Фототеодолиттің құрылысы және жұмыс істеу принципі
Фотокамераның құрылысы
1. Объектив – өлшеу объективі «Ортопротар» фокустық арақашықтығымен ф=19 см. Объективтің жарық түсіргіші пленканың кішірейген бейнесі арқылы жүзеге асады. 13х18 см форматты суреттің бұрышы. Көлденең б-ша 500, тігінен 380, камера түсірісінің бағыты әрқашанда көлденең болғандықтан фотограмма дайындау оңайға түседі. 2. Камера корпусы – жеңіл металл сұйығынан үшаяқта орналасқан, ол жанында орналасқан бекіткіш бұрандасы арқылы бекітіледі. Цапфа диаметрі басқа да геодезиялық аспаптар тәрізді болады. Көлденең осі, цапф айналымы арқылы жүзеге асады. 3. Камераның артқы көрінісі: 24 кассета – барлығы бірдей 13х18 ағаштан жасалынған түрден тұрады. Касета ішінде қалындығы 3,5 мм-ге дейінге айналы шыны пластинка кіреді. 4. Ориентир насадкасы – өлшеу камерасының үстінде орналасады. Ориентирдің вертикальды осі камеранын вертикальді осіне орналасқан. Ориентир насадкасы вертикаль н/е горизонталь бұрышы өлшеу үшін н/е фотограметриялық түсірістерді өлшеу үшін қажет.
Theo-020 теодолитінің құрылысы:
1. Көру дүрбісі – жарық диаметрі оның 20мм құрайды, ал ұлғайтқышы 21х. 2. Бұрыш өлшеу дөңгелектері – горизонталь дөнгелегі горизонталь бұрышын өлшеу үшін арналады. 3. Аспап қабы. Аспапты қабына салу үшін оны ағаш рамаға қояды. Раманы портативтік жәшік ішіне салады. 4. Екі базистік рейка (инварлық) Вала. 5. Нысаналау маркасы.Стереофотограмметриялық түсірісте станциялар мен түсіріс нүктелерінің орнын анықтау үшін қойылатын сигналдар.
Емтихан билет №4