Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

17. Газдың жылуөткізгіштік коэффициентінің () өлшем бірлігін анықтаңыз.

a) Дж /(м·К);

b) (м·К)/ Дж;

c) Вт / (м·К);

d) H / ((м·К);

e) Дж/м2.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы н-бутанның с = 4,2 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,14. Тепе-теңдік күй-дегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы н-бутанның мольдік үле-сін (х) есептеңіз.

a) 1,23;

b) 0,94;

c) 0,15;

d) 0,06;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы н-пентанның с = 0,9 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,057. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы н-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 0,02;

b) 0,051;

c) 0,005;

d) 0,574;

e) 0,823.

20. Газды ТТР әдісімен өңдегенде пайдаланылатын конденсациялық-буландыру колонна-сына шикізат (газ) қалай беріледі?

a) алдын-ала қыздырылған газ ағыны колоннаның орта тұсына беріледі;

b) алдын-ала салқындатылған дымқыл газ ағыны колоннаның орта тұсына беріледі;

c) алдын-ала салқындатылған дымқыл газ ағыны колоннаның жоғары жағына беріледі;

d) салқындатылған дымқыл газ ағыны сепаратордан өткізілген соң колоннаның орта тұсы-на беріледі;

e) салқындатылған дымқыл газ ағыны сепаратордан өткізілген соң колоннаның төменгі тұсына беріледі.

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Газдарды тазалау әдістері. Абсорбция әдісі арқылы газдарды өңдеудің физикалық негізі, негізгі заңдылықтары.

2. Газды СО2-ден сумен тазалау әдісінің сызба-нұсқасын сызып түсіндіріңіз.

3. Бензол мен толуолдың қоспасы 95оС температурада 760 мм.сын.бағ. бойынша қысымда қайнай-ды. 95оС температурадағы таза бензолдың қаныққан бу қысымы Рб=1167 мм.сын.бағ. бойынша, ал таза толуолдың қаныққан бу қысымы Рт=480 мм.сын.бағ. бойынша тең. Қоспа Рауль заңына бағы-нады дей отырып, қайнайтын сұйық қоспаның құрамын анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

7 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Табиғи газдың отын ретінде қандай артықшылығы бар?

a) газдың құрамында сутек пен көміртектің үлесі жоғары;

b) метан мен басқа да көмірсутектердің үлесі жоғары;

c) көміртек диоксидінің үлесі төмен;

d) өндіруге жұмсалатын қаражат төмен, экология тұрғысынан таза отын және тасымалдау құны арзан;

e) құрамында күкірт қосылыстары жоқ.

2. Кинематикалық тұтқырлық () мына теңдеумен анықталады …

a) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен меншікті көлемі;

b) , мұндағы  мен М - газдың динамикалық тұтқырлық мен мольдік массасы;

c) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен тығыздығы;

d) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

e) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

3. Газдың меншікті ылғалдығы деп ….

a) газдың бірлік көлеміндегі су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/м3);

b) газдың бірлік массасына сәйкес келетін су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/кг);

c) берілген температура мен қысымда газдың абсолюттік ылғалдығының оның ең максимал абсолюттік ылғалдығына қатынасын айтады;

d) берілген температура мен қысымда ылғал газ қоспасының массасын су бу массасына қатынасын айтады;

e) ылғал газ қоспасының массасын оның көлеміне қатынасын айтады.

4. Газдың орташа жылу сыйымдылығы деп ....

a) газдың бірлік мөлшерінің температурасын Т1-мен Т2 аралығында 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

b) газдың бірлік мөлшерінің температурасын 10 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлше-рі;

c) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температу-расын 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

d) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 100 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

e) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 50 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері.

5. Газдың критикалық температурасы (Ткр) деп …

a) сығу арқылы газды сұйыққа айналдыруға болатын температураның ең төмен мәнін айтады;

b) сығу арқылы газды конденсациялауға болатын температураның ең жоғары мәнін айтады;

c) газдың кристаллизациялану температурасын айтады;

d) газдың қайнау температурасын айтады;

e) газдың шық түсу нүктесі.

6. Тотықтырғыштың (оттектің) теориялық көлемі деп …

a) газдың бірлік көлемі жартылай жанғандағы жұмсалатын тотықтырғыштың ең үлкен мөлшерін айтады;

b) газдың бірлік көлемі толық жану үшін қажетті тотықтырғыштың ең аз мөлшерін айта-ды;

c) газ құрамындағы сутек газы тотығып, синтез-газ түзілу үшін қажетті тотықтырғыштың мөлшерін айтады;

d) газ су буымен әрекеттесіп синтез-газ түзілу үшін тотықтырғыштың қажетті мөлшерін айтады;

e) газдың бірлік көлемі жартьылай жанып нәтижесінде СО газы түзілетін процеске қажетті тотықтырғыштың ең көп мөлшерін айтады.

7. Газды тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбциялық әдіспен тазалағанда …

a) абсорбент регенерацияланбайды, яғни десорбция бөлімі болмайды;

b) абсорбент регенерацияланады, яғни десорбция бөлімі болады;

c) абсорбентті тек сумен тазалайды;

d) абсорбентті этиленгликольдің судағы ерітіндісімен тазалайды;

e) газ қоспасын алдын-ала СО2 газынан тазалайды.

8. Адсорбция әдісіне қандай факторлар әсер етеді?

a) Адсорбент кеуектігі;

b) температура;

c) қысым мен адсорбенттің химиялық қасиеті;

d) қысым мен адсорбцияланатын заттың химиялық қасиеті;

e) жоғарыда аталған барлық факторплар.

9. Силикагельдің адсорбциялық белсенділігі ....

a) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында кеми түседі;

b) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында арта түседі;

c) бетіндегі иондар гидратацияланған сайын кеми түседі;

d) бетіндегі иондар дегидратацияланғанда өзгеріссіз қалады;

e) дұрыс жауабы жоқ.

10. Газдарды құрғату үшін негізінен қандай адсорбенттерді пайдаланады?

a) кальций оксидін, натрий карбонатын;

b) активтелген көмірді, титан оксидін;

c) алюминий оксидін, гельдерді, цеолиттерді;

d) темір гидроксидін, активтелген көмірді;

e) темір карбонатын, силикагельді.

11. Газды ТТА әдісімен өңдегенде абсорбент ретінде негізінде қандай затты пайдаланады?

a) моно- және диэтиленгликольдердің судағы ерітінділерін;

b) суды және глицериннің судағы ерітіндісін;

c) алкиламиндердің судағы ерітінділерін;

d) карбонқышқылдары мен спирттерді;

e) бензин және керосин фракциялары мен олардың қоспаларын.

12. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде абсорбердің ішіндегі қысым негізінде қандай болуы тиіс?

a) Р £ 4 МПа;

b) Р > 10 МПа;

c) Р = 10 МПа;

d) Р > 5 МПа;

e) Р £ 1 МПа.

13. Фазалық тепе-теңдік константасы (Кi) мына теңдеумен анықталады....

a) Кi = yii ;

b) Кi = хi / yi ;

c) Кi = хi  yi ;

d) Кi = хi 2 / yi ;

e) Кi = хi / yi 2, мұндағы yi пен хi – компоненттің газ және сұйық фазалардағы мольдік үлестері.

14. Қандай компоненттер сұйытылған газдың негізгі құраушы бөліктері болып табылады?

a) метан мен этан;

b) этан мен этилен;

c) пропан мен бутан;

d) этилен мен этан;

e) пентан мен гексан.

15. Газдарды ТТК әдісімен өңдеу сызба-нұсқаларын сепарациялар саны бойынша мынадай топтарға бөледі …..

a) бір, екі және үш сатылы;

b) моно және екі сатылы;

c) моно және полисатылы;

d) төрт және бес сатылы;

e) алты және жеті сатылы.

16. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 500 фунт/дюйм2; t = -22 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы пропанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есеп-теңіз.

a) 0,01;

b) 0,12;

c) 0,8;

d) 1,0;

e) 2,0.

17. Газдың келтірілген параметрлері (Тпр, Рпр и пр) деп …

a) газдың физикалық параметрлерінің (Т, Р және ) оның критикалық параметрлеріне (Ткр, Ркр және кр) қатынасын айтады;

b) газдың критикалық параметрлерінің (Ткр, Ркр және кр) оның физикалық параметрлеріне (Т, Р және ) қатынасын айтады;

c) газдың критикалық параметрлерінің (Ткр, Ркр және кр) оның нормалды жағдайдағы фи-зикалық параметрлеріне (Тн, Рн және н) қатынасын айтады;

d) газдың критикалық параметрлерінің (Ткр, Ркр және кр) оның стандартты жағдайдағы физикалық параметрлеріне (Тст, Рст және ст) қатынасын айтады;

e) ) газдың критикалық параметрлерінің (Ткр, Ркр және кр) оның жалпы көлеміне қатына-сын айтады.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы азоттың мөлшері с = 12,3 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=18,0. Тепе-тең-дік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы азоттың мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,400;

b) 0,280;

c) 0,050;

d) 0,001;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы н-бутанның с = 4,2 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,14. Тепе-теңдік күй-дегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы н-бутанның мольдік үле-сін (у) есептеңіз.

a) 1,230;

b) 0,943;

c) 0,021;

d) 0,063;

e) 0,008.

20. ТТК әдісімен газ өңдеу әдісін шығарылатын өнімдер бойынша мынадай топтарға бөлу-ге болады…..

a) С1+жоғары және С2+жоғары өнімдерін алатын;

b) С2+жоғары және С3+жоғары өнімдерін алатын;

c) С3+жоғары және С4+жоғары өнімдерін алатын;

d) С4+жоғары және С5+жоғары өңімдерін алатын;

e) СН4 мен СО2 өнімдерін алатын.