Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Газдарды күкіртті сутектен, күкірт оксидтерінен және күкірт органикалық қосылыстардан тазалау әдістері.

2. Газдарды төменгі температурада ректификациялау әдісімен өңдеу. Газды ректификациялық колоннаға екі жерден кіргізу әдісінің технологиялық-сызба нұсқасын сызып түсіндіріңіз.

3. 30 мол. % бензол мен 70 мол. % толуолдың 60оС температурадағы қоспасы берілген. 60оС температурадағы таза бензолдың қаныққан буының қысымы Рб=385 мм. сын.бағ., ал таза толуолдыкі Рт=140 мм.сын.бағ. бойынша. Қоспа Рауль заңына бағынады дей отырып, осы температура-дағы қоспамен тепе-теңдік күйде болатын бу фазасының құрамын анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

6 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Табиғи газдың отын ретінде қандай артықшылығы бар?

a) газдың құрамында сутек пен көміртектің үлесі жоғары;

b) метан мен басқа да көмірсутектердің үлесі жоғары;

c) көміртек диоксидінің үлесі төмен;

d) өндіруге жұмсалатын қаражат төмен, экология тұрғысынан таза отын және тасымалдау құны арзан;

e) құрамында күкірт қосылыстары жоқ.

2. Кинематикалық тұтқырлық () мына теңдеумен анықталады …

a) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен меншікті көлемі;

b) , мұндағы  мен М - газдың динамикалық тұтқырлық мен мольдік массасы;

c) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен тығыздығы;

d) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

e) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

3. Үшкомпонентті газ қоспасының құрамы төмендегідей: и-С4Н10- 30 %; н-С4Н10 - 40 % және С3Н8 – 30%. Газ қоспасының шық түсу нүктесін (оС) төменде келтірілген номограммадан анықтаңыз.

a) + 2;

b) - 3,2;

c) – 5,8;

d) -10,5;

e) -25.

4. Газдың орташа жылу сыйымдылығы деп ....

a) газдың бірлік мөлшерінің температурасын Т1-мен Т2 аралығында 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

b) газдың бірлік мөлшерінің температурасын 10 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

c) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температурасын 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

d) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температурасын 100 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

e) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температурасын 50 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері.

5. Газдың критикалық температурасы (Ткр) деп …

a) сығу арқылы газды сұйыққа айналдыруға болатын температураның ең төмен мәнін айтады;

b) сығу арқылы газды конденсациялауға болатын температураның ең жоғары мәнін айта-ды;

c) газдың кристаллизациялану температурасын айтады;

d) газдың қайнау температурасын айтады;

e) газдың шық түсу нүктесі.

6. Газды Т1 температурадан Т2 температураға дейін қыздырғандағы оның энтальпиясының өзгерісі (DН) қандай теңдеумен анықталады?

a) DН = Срm (T2 –T1);

b) DН = Срm (T2 + T1);

c) DН = Срm / (T2 - T1);

d) DН = Срm / (T2 + T1);

e) DН = С2 рm / (T2 + T1);

мұндағы Cрm - T1 -ден Т2 -ге дейінгі тұрақты қысымдағы газдың орташа меншікті жылу сыйымдылығы.

7. Технологиялық ұйымдастыру жағдайына байланысты газдарды абсорбциялық тазалау әдістері мынадай топтарға бөлінеді:

a) механикалық және автоматтық;

b) физикалық және химиялық;

c) тұйықталмаған (разомкнутые) и циркуляциялық;

d) изотермиялық және изобаралық;

e) изохоралық және адиабаттық.

8. Құрамындағы компоненттерді таңдамалы түрде қатты дененің бетіне сіңіру арқылы газ қоспасын тазалау процесін қалай атайды?

a) Физикалық абсорбция;

b) Адсорбциялық әдіс;

c) Химиялық абсорбция;

d) тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбция;

e) циркуляциялық абсорбция.

9. БЭТ теориясы теңдеуіндегі адсорбцияның табиғаты.

a) Хемосорбция;

b) Кеуек емес адсорбенттердегі полимолекулалық адсорбция;

c) Біріншілік құрылымдық типтес ұсақ кеуек адсорбенттердегі физикалық адсорбция;

d) Екіншілік құрылымдық ұсақ кеуекті адсорбенттердегі физикалық адсорбция;

e) Адсорбат молекулалары арасындағы тартылыс күштері ескерілген мономоле-кулалық адсорбция.

10. Қыздыруды қажет етпейтін газ қоспасын құрамындағы күкірттің органикалық қосылыстарынан салқын жағдайда тазалау әдістеріне .....

a) каталитикалық және адсорбциялық әдістер жатады;

b) сіңіру және каталитикалық әдістер жатады;

c) тотықтырғыш және сіңіру әдістері жатады;

d) каталитикалық және тотықтырғыш әдістері жатады.

e) адсорбциялық және сіңіру әдістері жатады.

11. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде абсорбциялық-буландыру колоннасының жоғары жағынан шығатын газ құрамын атаңыз.

a) деэтанизацияланған газ қоспасы;

b) С3 және одан ауыр көмірсутектер;

c) СО2 мен СО;

d) деметанизацияланған газ қоспасы;

e) құрғақ газ (метан, этан және пропанның аздаған мөлшері).

12. Газды ТТР әдісімен өңдегенде ректификациялық-буландырғыш колоннаға шикізат (газ) қалай беріледі?

a) алдын-ала қыздырылған газ ағыны колоннаның орта тұсына беріледі;

b) алдын-ала салқындатылған дымқыл газ ағыны колоннаның орта тұсына беріледі;

c) алдын-ала қыздырылған газ ағыны колоннаның жоғары тұсына беріледі;

d) салқындатылған дымқыл газ ағыны сеператордан өткізілген соң колоннаның орта тұсына беріледі;

e) салқындатылған дымқыл газ ағыны сеператордан өткізілген соң колоннаның төменгі тұсына беріледі.

13. Сұйық фазадағы компоненттің мольдік үлесін (хi) анықтауға арналған теңдеуді табы-ңыз.

a) хi = сi /[1 + V(ki - 1)] ;

b) хi = [1 + V(ki - 1)] /сi ;

c) хi = [1 - V(ki + 1)] /сi ;

d) хi = сi /(1 + V ki );

e) хi = сi / (V ki ), мұндағы V – бу фазасының мольдік үлесі; сi-бастапқы қоспадағы ком-поненттің мольдік үлесі; ki – компоненттің фазалық тепе-теңдік константасы.

14. Газдарды ТТК әдісімен өңдеудің технологиялық сызба-нұсқалары пайдаланылатын мұздатқыштардың түріне қарай қалай жіктеледі?

a) метан мұздатқыш циклін және этан-пропан мұздатқыш циклін пайдаланатын;

b) фреон мұздатқыш циклін және этан-пропан мұздатқыш циклін пайдаланатын;

c) сыртқы мұздатқыш циклін, ішкі мұздатқыш циклін, аралас мұздатқыш циклін пайдаланатын;

d) амиак және фреон мұздатқыш циклдерін пайдаланатын;

e) тұрмыстық және тұрмыстық емес мұздатқыш циклдерін пайдаланатын.

15. Газды ТТК әдісінде деметанизатордың жоғарғы жағынан шығатын өнімді атаңыз…

a) метан мен этан қоспасы;

b) пропан мен одан ауыр көмірсутектерден тұратын қөмірсутектердің кең фракциясы;

c) метан;

d) метан мен пентан қоспасы;

e) метан мен этилен қоспасы.

16. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 500 фунт/дюйм2; t = 0 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1500 фунт/дюйм2 бол-ғандағы пропанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есептеңіз.

a) 3;

b) 0,8;

c) 0,5;

d) 0,1;

e) 0,01.