Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Табиғи және серіктес газдарды абсорбциялық және адсорбциялық әдістерімен кептіру. Қолданылатын абсорбенттер мен адсорбентер.

2. Мұнай серіктес газдарды төменгі температурада конденсациялау арқылы өңдеу әдісінің техно-логиялық сызба-нұсқасын сызып, түсіндіріңіз.

3. Ректификациялық колоннаның жоғары жағынан G=6000 кг/сағ (1,666 кг/с) бензин (молеку-лалық массасы 142 г/моль) буы және G=1200 кг/сағ (0,333 кг/с) су буы шығады делік. Колон-наның жоғары жағындағы қысым Р=0,151 МПа. Ректификациялық колоннаның жоғары жағы-нан шығатын бензин буының парциалдық қысымын анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

4 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Барланған газ қорының көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орында тұрған қандай ел?

a) Ресей;

b) Норвегия;

c) Ұлыбритания;

d) Аргентина;

e) Түркменістан.

2. Газдың кинематикалық тұтқырлығының өлшем бірлігі….

a) мН/м;

b) м2/с;

c) Па/с;

d) Пас;

e) Дж/м2.

3. Газдың салыстырмалы ылғалдығы деп ….

a) газдың бірлік көлеміндегі су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/м3);

b) газдың бірлік массасына сәйкес келетін су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/кг);

c) берілген температура мен қысымда газдың абсолюттік ылғалдығының оның ең максимал абсолюттік ылғалдығына қатынасын айтады;

d) берілген температура мен қысымда ылғал газ қоспасының массасын су бу массасына қатынасын айтады;

e) ылғал газ қоспасының массасын оның көлеміне қатынасын айтады.

4. Газ қоспасының орташа изобаралық көлемдік жылу сыйымдылығы (С‘p) мына теңдемен анықталады …

a) мұндағы С‘pi мен n i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен мольдік үлесі;

b) мұндағы С‘pi мен wi – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен массалық үлесі;

c) мұндағы С‘pi мен сi – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен мольдік концентрациясы;

d) мұндағы С‘pi мен i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен көлемдік үлесі;

e) мұндағы С‘pi мен i – i-компоненетінің орташа көлемдік жылу сыйымдылығы мен молялдық концентрациясы.

5. Газдың критикалық көлемі (uкр ) деп …

a) сұйық күйіндегі газдың көлемін айтады;

b) нормальды жағдайдағы (Т0 мен р0) газдың меншікті көлемі;

c) критикалық температура (Ткр) мен қысым (Ркр) жағдайындағы газдың меншікті көлемі;

d) стандартты жағдайдағы газдың көлемі;

e) нормальды жағдайдағы газдың мольдік көлемі.

6. Тотықтырғыштың (оттектің) теориялық көлемі деп …

a) газдың бірлік көлемі жартылай жанғандағы жұмсалатын тотықтырғыштың ең үлкен мөлшерін айтады;

b) газдың бірлік көлемі толық жану үшін қажетті тотықтырғыштың ең аз мөлше-рін айтады;

c) газ құрамындағы сутек газы тотығып, синтез-газ түзілу үшін қажетті тотықтыр-ғыштың мөлшерін айтады;

d) газ су буымен әрекеттесіп синтез-газ түзілу үшін тотықтырғыштың қажетті мөлшерін айтады;

e) газдың бірлік көлемі жартьылай жанып нәтижесінде СО газы түзілетін процеске қажетті тотықтырғыштың ең көп мөлшерін айтады.

7. Газды тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбциялық әдіспен тазалағанда …

a) абсорбент регенерацияланбайды, яғни десорбция бөлімі болмайды;

b) абсорбент регенерацияланады, яғни десорбция бөлімі болады;

c) абсорбентті тек сумен тазалайды;

d) абсорбентті этиленгликольдің судағы ерітіндісімен тазалайды;

e) газ қоспасын алдын-ала СО2 газынан тазалайды.

8. Адсорбция әдісіне қандай факторлар әсер етеді?

  1. Адсорбент кеуектігі;

  2. температура;

  3. қысым мен адсорбенттің химиялық қасиеті;

  4. қысым мен адсорбцияланатын заттың химиялық қасиеті;

  5. жоғарыда аталған барлық факторплар.

9. Силикагельдің адсорбциялық белсенділігі ....

  1. бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында кеми түседі;

  2. бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында арта түседі;

  3. бетіндегі иондар гидратацияланған сайын кеми түседі;

  4. бетіндегі иондар дегидратацияланғанда өзгеріссіз қалады;

  5. дұрыс жауабы жоқ.

10. Газдарды құрғату үшін негізінен қандай адсорбенттерді пайдаланады?

a) кальций оксидін, натрий карбонатын;

b) активтелген көмірді, титан оксидін;

c) алюминий оксидін, гельдерді, цеолиттерді;

d) темір гидроксидін, активтелген көмірді;

e) темір карбонатын, силикагельді.

11. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде пайдаланылатын десорбердің (Д) атқаратын міндеті неде ?

a) Д-де қаныққан абсорбенттен жеңіл көмірсутектерді (метан и этан) бөледі;

b) Д-де қаныққан абсорбенттен СО2 мен СО бөледі;

c) Д-де абсорбент регенерацияланады;

d Д-де газ қоспасы құрамынан жеңіл компоненттерді абсорбциялайды;

e) Д-де газ қоспасы құрамынан ауыр компоненттерді абсорбциялайды.

12. Газды төменгі температурада конденсациялау (ТТК) әдісімен өңдеудің сызба-нұсқасы мынадай негізгі сатылардан тұруы тиіс ....

а) газды сығу, құрғату, газды белгілі бір температураға дейін салқындату, сепарация және деметанизациялау (немесе деэтанизациялау);

b) буландыру, газды сығу және ректификациялау;

c) абсорбция, деметанизатор (немесе деэтанизатор) және абсорбентті регенерациялау;

d) буландыру, ректификациялау;

e) газды суыту және ректификациялық бөлу.

13. Системадағы фазалық тепе-теңдік күйдің орнау шарты компоненттердің қандай параметрлерінің өзара тең болуымен анықталады?

a) көлемі, тығыздығы мен ішкі энергиясы;

b) көлемі, энтропия мен тұтқырлығы;

c) температур, қысым мен химиялық потенциал;

d) қысым, тұтқырлығы мен тығыздығы;

e) температур, көлемі мен энтальпия.

14. Сұйыққа айналдырылған көмірсутектік газдарын алу әдістерін атаңыз.

a) серіктес мұнай газдары;

b) мұнай мен мұнай өнімдерін термиялық және термокаталитикалық жолмен өңдегенде түзілетін газдар;

c) құрамында метаннан басқа ауыр көмірсутектер бар табиғи газдар мен газконденсаттары;

d) синтетикалық отын алатын зауыттарда түзілетін жасанды газдар;

e) жоғарыда аталған газдардың барлығы сұйытылған газдар алудың шикізаты бола алады.

15. Газды ТТК әдісінде деэтанизатордың жоғарғы жағынан шығатын өнімді атаңыз…

a) метан мен этан қоспасы;

b) пропан мен одан ауыр көмірсутектерден тұратын қөмірсутектердің кең фракциясы;

c) СО2 мен метан қоспасы;

d) метан мен пентан қоспасы;

e) метан мен этилен қоспасы.

16. Газ қоспасының орташа тығыздығы (ср) мына теңдеумен есептеледі…

a) , мұндағы i мен ni – газ қоспасындағы i–компонентінің тығыздығы мен мольдік үлесі;

b) , мұндағы i мен i – газ қоспасындағы i–компонентінің тығыздығы мен көлемдік үлесі;

c) , мұндағы i мен сi – газ қоспасындағы i–компонентінің тығыздығы мен мольдік концентрациясы;

d) , мұндағы i мен i – газ қоспасындағы i–компонентінің тығыздығы мен массалық концентрациясы;

e) , мұндағы i мен mi – газ қоспасындағы i–компонентінің тығыздығы мен моляльдық концентрациясы.

17. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 300 фунт/дюйм2; t = 100 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы н-пентанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есеп-теңіз.

a) 2,0;

b) 1,2;

c) 0,8;

d) 0,12;

e) 0,01.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы пропанның мөлшері с = 18,1 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,35. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы пропан-ның мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,81;

b) 0,39;

c) 0,11;

d) 0,01;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы гексаннның с = 0,5 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,008. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы и-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 1,008;

b) 0,001;

c) 0,1008;

d) 0,0008;

e) 0,0002.

20. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде десорбердің жоғары жағынан қандай өнім шығады?

a) деэтанизацияланған абсорбент;

b) пропан мен ауыр көмірсутектердің қоспасы;

c) метанмен және этамен қаныққан газ қоспасы;

d) СО2 мен СО қоспасы;

e) құрғақ газ (метан, этан және пропанның аздаған мөлшері).