Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Газдың жылуөткізгіштігі, оның температураға тәуелдігін өрнектейтін Сатерленд теңдеуі.

2. Газдарды төменгі температурада ректификациялау әдісімен өңдеу. Ректификациялық-булан-дыру коллоннасының сызба-нұсқасын сызып түсіндіріңіз.

3. Газ қоспасының құрамы төмендегідей (көл. %): СН4-82; С2Н6-15 және СО2-3. Газ қоспасының динамикалық тұтқырлығы =0,022 мПас. Берілген жағдайдағы компоненттердің тығыздықтары белгілі (кг/м3): (СН4)=0,717; (С2Н6)=1,355 және (С3Н8)=2,011. Газ қоспасының кинематика-лық тұтқырлық коэффициентін (м2/с) анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

14 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Табиғи газдың отын ретінде қандай артықшылығы бар?

a) газдың құрамында сутек пен көміртектің үлесі жоғары;

b) метан мен басқа да көмірсутектердің үлесі жоғары;

c) көміртек диоксидінің үлесі төмен;

d) өндіруге жұмсалатын қаражат төмен, экология тұрғысынан таза отын және тасымалдау құны арзан;

e) құрамында күкірт қосылыстары жоқ.

2. Кинематикалық тұтқырлық () мына теңдеумен анықталады …

a) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлығы мен меншікті көлемі;

b) , мұндағы  мен М - газдың динамикалық тұтқырлығы мен мольдік массасы;

c) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлығы мен тығыздығы;

d) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлығы мен қысымы;

e) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлығы мен қысымы;

3. Газдың меншікті ылғалдығы деп ….

a) газдың бірлік көлеміндегі су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/м3);

b) газдың бірлік массасына сәйкес келетін су буының мөлшерін немесе массасын айтады (г/кг);

c) берілген температура мен қысымда газдың абсолюттік ылғалдығының оның ең максимал абсолюттік ылғалдығына қатынасын айтады;

d) берілген температура мен қысымда ылғал газ қоспасының массасын су бу массасына қатынасын айтады;

e) ылғал газ қоспасының массасын оның көлеміне қатынасын айтады.

4. Газдың орташа жылу сыйымдылығы деп ....

a) газдың бірлік мөлшерінің температурасын Т1-мен Т2 аралығында 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

b) газдың бірлік мөлшерінің температурасын 10 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

c) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

d) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 100 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

e) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 50 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері.

5. Газдың критикалық температурасы (Ткр) деп …

a) сығу арқылы газды сұйыққа айналдыруға болатын температураның ең төмен мәнін айтады;

b) сығу арқылы газды конденсациялауға болатын температураның ең жоғары мәнін айтады;

c) газдың кристаллизациялану температурасын айтады;

d) газдың қайнау температурасын айтады;

e) газдың шық түсу нүктесі.

6. Тотықтырғыштың (оттектің) теориялық көлемі деп …

a) газдың бірлік көлемі жартылай жанғандағы жұмсалатын тотықтырғыштың ең үлкен мөлшерін айтады;

b) газдың бірлік көлемі толық жану үшін қажетті тотықтырғыштың ең аз мөлше-рін айтады;

c) газ құрамындағы сутек газы тотығып, синтез-газ түзілу үшін қажетті тотықтыр-ғыштың мөлшерін айтады;

d) газ су буымен әрекеттесіп синтез-газ түзілу үшін тотықтырғыштың қажетті мөлшерін айтады;

e) газдың бірлік көлемі жартьылай жанып нәтижесінде СО газы түзілетін процеске қажетті тотықтырғыштың ең көп мөлшерін айтады.

7. Газды тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбциялық әдіспен тазалағанда …

a) абсорбент регенерацияланбайды, яғни десорбция бөлімі болмайды;

b) абсорбент регенерацияланады, яғни десорбция бөлімі болады;

c) абсорбентті тек сумен тазалайды;

d) абсорбентті этиленгликольдің судағы ерітіндісімен тазалайды;

e) газ қоспасын алдын-ала СО2 газынан тазалайды.

8. Адсорбция әдісіне қандай факторлар әсер етеді?

a) Адсорбент кеуектігі;

b) температура;

c) қысым мен адсорбенттің химиялық қасиеті;

d) қысым мен адсорбцияланатын заттың химиялық қасиеті;

e) жоғарыда аталған барлық факторплар.

9. Силикагельдің адсорбциялық белсенділігі ....

a) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында кеми түседі;

b) бетіндегі иондардың дегидратациялануы барысында арта түседі;

c) бетіндегі иондар гидратацияланған сайын кеми түседі;

d) бетіндегі иондар дегидратацияланғанда өзгеріссіз қалады;

e) дұрыс жауабы жоқ.

10. Газдарды құрғату үшін негізінен қандай адсорбенттерді пайдаланады?

a) кальций оксидін, натрий карбонатын;

b) активтелген көмірді, титан оксидін;

c) алюминий оксидін, гельдерді, цеолиттерді;

d) темір гидроксидін, активтелген көмірді;

e) темір карбонатын, силикагельді.

11. Газ өңдеу зауытындағы абсорбциялық жолмен өңдеу процесінің сызба-нұсқасы мынадай қондырғылардан тұруы тиіс…

a) суыту модулі, сығу модулі және сепарациялау модулі;

b) буландыру модулі, сығу модулі және сепарациялау модулі;

c) абсорбциялау модулі, қаныққан абсорбентті деметанизациялау немесе деэтанизация модулі және десорбция модулі;

d) буландыру модулі, ректификациялық бөлу модулі;

e) суыту модулі және ректификациялық бөлу модулі.

12. Pетроградтық булану деп …

a) изотермиялық жағдайда қысымын азайтқанда сұйықтың булануын айтады;

b) изобаралық жағдайда сұйықты қыздырғанда оның булануын айтады;

c) критикалық температура аймағында сұйықтың булануын айтады;

d) температураның салыстармалы жоғары аймағында изобаралық жағдайда сұйықты қыздырғанда оның толығымен конденсациялану құбылысын айтады;

e) қысымның салыстырмалы жоғары аймағында изотермиялық жағдайда сұйықты сыққанда оның толығымен бу фазасына өту құбылысын айтады.

13. Фазалық тепе-теңдік константасына қандай факторлар әсер етеді ?

a) қысым;

b) температура;

c) тепе-теңдік күйдегі фазалардың құрамы;

d) компоненттердің табиғаты;

e) жоғарыда аталған барлық факторлар.

14. Қандай компоненттер сұйытылған газдың негізгі құраушы бөліктері болып табылады?

a) метан мен этан;

b) этан мен этилен;

c) пропан мен бутан;

d) этилен мен этан;

e) пентан мен гексан.

15. ТТК әдісімен газ өңдеу әдісін шығарылатын өнімдер бойынша мынадай топтарға бөлуге болады…..

a) С1+жоғары және С2+жоғары өнімдерін алатын;

b) С2+жоғары және С3+жоғары өнімдерін алатын;

c) С3+жоғары және С4+жоғары өнімдерін алатын;

d) С4+жоғары және С5+жоғары өңімдерін алатын;

e) СН4 мен СО2 өнімдерін алатын.

16. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 500 фунт/дюйм2; t = -22 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы н-бутанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есеп-теңіз.

a) 0,03;

b) 0,10;

c) 0,8;

d) 1,0;

e) 2,0.

17. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде абсорбциялық-буландыру колоннасының

жоғары жағынан шығатын газ құрамын атаңыз.

a) деэтанизацияланған газ қоспасы;

b) С3 және одан ауыр көмірсутектер;

c) СО2 мен СО;

d) деметанизацияланған газ қоспасы;

e) құрғақ газ (метан, этан және пропанның аздаған мөлшері).

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы метанның мөлшері с = 41,7 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=4,3. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы метанның мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,81;

b) 0,11;

c) 0,05;

d) 0,01;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы и-пентанның с = 0,8 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,068. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы и-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 1,235;

b) 0,942;

c) 0,156;

d) 0,087;

e) 0,002.

20. Бірнеше бір компонентті мұздатқыш агенттерді қолданатын сыртқы мұздатқыш цикл-дерді қалай атайды?

a) көпкомпонентті мұздатқыш циклдер;

b) көп функциональды мұздатқыш циклдер;

c) этан-пропан мұздатқыш циклдер;

d) каскадтық мұздатқыш циклдер;

e) көп сатылы мұздатқыш циклдер.