Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

1. Табиғи және серіктес газдардың сипаттамалары, физикалық қасиеттері мен құрам ерек-шеліктері.

2. Газдарды төменгі температурада ректификациялау әдісімен өңдеу. Конденсациялық-буланды-ру коллоннасының сызба-нұсқасын сызып түсіндіріңіз.

3. 1 кг табиғи газды жағу барысында мынадай өнімдер түзілді (кг): СО2-1,45; N2 – 8,74 және Н2О – 1,92. Жану өнімдерінің көлемдік құрамын анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев Қ.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

13 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Табиғи газдың отын ретінде қандай артықшылығы бар?

a) газдың құрамында сутек пен көміртектің үлесі жоғары;

b) метан мен басқа да көмірсутектердің үлесі жоғары;

c) көміртек диоксидінің үлесі төмен;

d) өндіруге жұмсалатын қаражат төмен, экология тұрғысынан таза отын және тасымалдау құны арзан;

e) құрамында күкірт қосылыстары жоқ.

2. Кинематикалық тұтқырлық () мына теңдеумен анықталады …

a) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен меншікті көлемі;

b) , мұндағы  мен М - газдың динамикалық тұтқырлық мен мольдік массасы;

c) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен тығыздығы;

d) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

e) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

3. Үшкомпонентті газ қоспасының құрамы төмендегідей: и-С4Н10- 30 %; н-С4Н10 - 40 % және С3Н8 – 30%. Газ қоспасының шық түсу нүктесін (оС) төменде келтірілген номо-граммадан анықтаңыз.

a) + 2;

b) - 3,2;

c) – 5,8;

d) -10,5;

e) -25.

4. Газдың орташа жылу сыйымдылығы деп ....

a) газдың бірлік мөлшерінің температурасын Т1-мен Т2 аралығында 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

b) газдың бірлік мөлшерінің температурасын 10 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

c) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 1 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

d) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 100 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері;

e) берілген температура мен қысым жағдайында газдың бірлік мөлшерінің температура-сын 50 К-ге өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері.

5. Газдың критикалық температурасы (Ткр) деп …

a) сығу арқылы газды сұйыққа айналдыруға болатын температураның ең төмен мәнін айтады;

b) сығу арқылы газды конденсациялауға болатын температураның ең жоғары мәнін айтады;

c) газдың кристаллизациялану температурасын айтады;

d) газдың қайнау температурасын айтады;

e) газдың шық түсу нүктесі.

6. Газды Т1 температурадан Т2 температураға дейін қыздырғандағы оның энталпиясының өзгерісі (DН) қандай теңдеумен анықталады?

a) DН = Срm (T2 –T1);

b) DН = Срm (T2 + T1);

c) DН = Срm / (T2 - T1);

d) DН = Срm / (T2 + T1);

e) DН = С2 рm / (T2 + T1);

мұндағы Cрm - T1 -ден Т2 -ге дейінгі тұрақты қысымдағы газдың орташа меншікті жылу сыйымдылығы.

7. Технологиялық ұйымдастыру жағдайына байланысты газдарды абсорбциялық тазалау әдістері мынадай топтарға бөлінеді:

a) механикалық және автоматтық;

b) физикалық және химиялық;

c) тұйықталмаған (разомкнутые) и циркуляциялық;

d) изотермиялық және изобаралық;

e) изохоралық және адиабаттық.

8. Құрамындағы компоненттерді таңдамалы түрде қатты дененің бетіне сіңіру арқылы газ қоспасын тазалау процесін қалай атайды?

a) Физикалық абсорбция;

b) Адсорбциялық әдіс;

c) Химиялық абсорбция;

d) тұйықталмаған (разомкнутые) абсорбция;

e) циркуляциялық абсорбция.

9. БЭТ теориясы теңдеуіндегі адсорбцияның табиғаты.

a) Хемосорбция;

b) Кеуек емес адсорбенттердегі полимолекулалық адсорбция;

c) Біріншілік құрылымдық типтес ұсақ кеуек адсорбенттердегі физикалық адсорбция;

d) Екіншілік құрылымдық ұсақ кеуекті адсорбенттердегі физикалық адсорбция;

e) Адсорбат молекулалары арасындағы тартылыс күштері ескерілген мономолекулалық адсорбция.

10. Қыздыруды қажет етпейтін газ қоспасын құрамындағы күкірттің органикалық қосы-лыстарынан салқын жағдайда тазалау әдістеріне .....

a) каталитикалық және адсорбциялық әдістер жатады;

b) сіңіру және каталитикалық әдістер жатады;

c) тотықтырғыш және сіңіру әдістері жатады;

d) каталитикалық және тотықтырғыш әдістері жатады.

e) адсорбциялық және сіңіру әдістері жатады.

11. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде пайдаланылатын абсорбциялық-буландыру колоннасының (АБК) атқаратын міндеті неде ?

a) АБК қаныққан абсорбент құрамынан жеңіл көмірсутектерді (метан мен этан) бөледі;

b) АБК қаныққан абсорбент құрамындағы ауыр көмірсутектерді бөледі;

c) АБК абсорбентті регенерациялайды;

d) АБК газ қоспасы құрамынан жеңіл компоненттерді абсорбциялайды;

e) АБК газ қоспасы құрамынан ауыр компоненттернді абсорбциялайды.

12. Pетроградтық конденсациялану деп …

a) изотермиялық жағдайда қысымын азайтқанда сұйықтың булануын айтады;

b) температураның салыстармалы жоғары аймағында изобаралық жағдайда сұйықты қыз-дырғанда оның толығымен конденсациялану құбылысын айтады;

c) критикалық температура аймағында сұйықтың булануын айтады;

d) қысымның салыстырмалы жоғары аймағында изотермиялық жағдайда сұйықты сыққан-да оның толығымен бу фазасына өту құбылысын айтады.

e) критикалық қысым аймағында сұйықтың булануын айтады.

13. Идеaл ерітінділердің заңдарына бағынатын системалар үшін компоненттің фазалық тепе-теңдік константасының (Кi) теңдеуін жазыңыз.

a) Кi = Рi*Р ;

b) Кi = Рi / Р ;

c) Кi = Р / Рi ;

d) Кi = Рi /(1-Р2);

e) Кi = Р2 / Рi , мұндағы Рi - берілген температурадағы таза i-компонентінің қаныққан бу қысымы; Р- системаның жалпы қысымы.

14. Сұйытылған газдың негізгі компоненттік құрамы қандай?

a) метан, этан, пропан, гексан;

b) этан, пропан, бутан, пентан;

c) пропан, бутан, пентан, гексан;

d) пентан, гексан, гептан, октан;

e) метан, гексан, пентан, октан.

15. Газды ТТК әдісінде деэтанизатордың төменгі жағынан шығатын өнімді атаңыз…

a) метан мен этан қоспасы;

b) пропан мен одан ауыр көмірсутектерден тұратын қөмірсутектердің кең фракциясы;

c) СО2 мен метан қоспасы;

d) метан мен пентан қоспасы;

e) метан мен этилен қоспасы.

16. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде пайдаланылатын абсорбердің (А) атқаратын міндеті неде ?

a) А-де газ құрамынан қажетті компоненттерді (С3+жоғары) бөліп алады;

b) А-де де қаныққан абсорбенттен СО2 мен СО бөледі;

c) А-де абсорбент регенерацияланады;

d) А-де газ қоспасы құрамынан жеңіл компоненттерді абсорбциялайды;

e) А-де газ қоспасы құрамынан күкірт қосылыстарын абсорбциялайды.

17. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 300 фунт/дюйм2; t = 100 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы н-бутанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есеп-теңіз.

a) 2,0;

b) 0,9;

c) 0,3;

d) 0,05;

e) 0,01.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы этанның мөлшері с = 19,7 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=1,12. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы этанның мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,81;

b) 0,48;

c) 0,18;

d) 0,01;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы н-пентанның с = 0,9 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,057. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы н-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 0,002;

b) 0,031;

c) 0,005;

d) 0,574;

e) 0,823.

20. Процестің басты сызба-нұсқасына байланысты ТТР әдісінде пайдаланылатын ректи-фикациялық колонналар мынадай топтарға бөлінеді....

a) тарелкалы және қалпақты;

b) бір- және екісатылы;

c) ректификациялық-буландырғыш және конденсациялық-буландырғыш;

d) төменгі және жоғары температуралы;

e) ректификациялық және жартылай дистиляциялық.