Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экз.билеты по ПиПГ (каз.весна. 2010).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.71 Mб
Скачать

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МҰНАЙ-ГАЗ ИНДУСТРИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Химиялык инженерия кафедрасы

«Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

1 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Табиғи газдар деп қандай газдарды айтады?

a) көмірсутектер жанғанда түзілетін газдарды;

b) жерқыртысында түзілген және жерүстіндегі атмосфералық газдарды;

c) жеңіл көмірсутектерден тұратын газ қоспасын;

d) мұнаймен бірге түзілетін, сондықтан мұнай өндіру барысында бөлініп шығатын газдарды;

e) көмірсутектік газдар мен көміртек диоксидінене тұратын газдарды.

2. Газдың мольдік массасы деп.....

a) газдың бірлік массасының көлемін айтады;

b) берілген жағдайда көлемі 1 м3 газдың массасын айтады;

c) газдың массасының оның мөлшеріне қатынасын айтады;

d) газдың сығу процесіне қарсы тұра алу қабілетін айтады;

e) газдың көлемінің оның тығыздығына қатынасын айтады.

3. Газдың динамикалық тұтқырлығының температураға тәуелдігін өрнектейтін Сатерленд теңдеуін жазыңыз.

a) ;

b) ;

c) ;

d) ;

e) , мұндағы m0 - 0оС температурадағы абсолюттік тұтқырлық; С-өлшемсіз эмпирикалық коэффициент.

4. Идеал газ үшін Ср- Сv айырымы мынаған тең ….

a) R;

b) 1/R;

c) 2R;

d) 4R;

e) 5R.

5. Газдың жылуөткізгіштік коэффициентінің () өлшем бірлігін анықтаңыз.

a) Дж /(м·К);

b) (м·К)/ Дж;

c) Вт / (м·К);

d) H / ((м·К);

e) Дж/м2.

6. Қоспаның орташа мольдік қайнау температурасы (СМТК) қалай анықталады?

a) СМТК = S ( Т кип i · wi ;

b) ;

c) CМТК= S ( Т кип i · i );

d) СМТК = S ( Т кип i · ni );

e) CМТК= S ( Т кип i · 2i ),

мұндағы Т кип i – қоспадағы i-компонентінің қайнау температурасы; ni, i және wi – қоспадағы i-компонентінің мольдік үлесі, көлемдік үлесі және массалық үлесі.

7. Газ толық жану үшін қажетті ауаның теориялық көлемі деп …

a) газдың бірлік көлемі жартылай жанғандағы жұмсалатын ауаның ең үлкен мөлшерін айтады;

b) газдың бірлік көлемі толық жану үшін қажетті ауаның ең аз мөлшерін айтады;

c) газ құрамындағы сутек газы тотығып, синтез-газ түзілу үшін қажетті ауаның мөлшерін айтады;

d) газ су буымен әрекеттесіп синтез-газ түзілу үшін ауаның қажетті мөлшерін айтады;

e) газдың бірлік көлемі жартьылай жанып нәтижесінде СО газы түзілетін процеске қажетті ауаның ең көп мөлшерін айтады.

8. Сұйытылған ерітінділер үшін газдың сұйықта ерігіштігіне () газ бен сүйық табиғаттарының әсерін өрнектейтін Леннард-Джонс теңдеуін жазыңыз.

a) ;

b) ;

c) ;

d) ;

e) ,

9. «б» изотермасы ....

а) кеуек емес адсорбенттердің бетіндегі хемосорбция мен ұсақ кеуек адсорбенттердегі физикалық адсорбция изотермасы;

b) кеуек емес адсорбенттердегі полимолекулалық физикалық адсорбция изотермасы;

c) екіншілік кеуек құрылымды ұсақ кеуек адсорбенттердегі адсорбция изотермасы;

d) кеуек сорбенттердегі хемосорбция изотермасы;

e) кеуек адсорбенттердегі полимолекулалық физикалық адсорбция изотермасы.

10. Газ қоспасын СО2 компонентінен этаноламин ерітіндісін пайдалана отырып тазалау процесі .....

  1. хемосорбцияға жатады;

  2. физикалық абсорбцияға жатады;

  3. физикалық адсорбцияға жатады;

  4. тұйықталмаған физикалық абсорбцияға жатады;

  5. циркуляциялық физикалық абсорбцияға жатады.

11. Газды ТТА әдісімен өңдегенде абсорбент ретінді негізінде қандай затты пайдаланады?

a) моно- және диэтиленгликольдердің судағы ерітінділерін;

b) суды және глицериннің судағы ерітіндісін;

c) алкиламиндердің судағы ерітінділерін;

d) карбонқышқылдары мен спирттерді;

e) бензин және керосин фракциялары мен олардың қоспаларын.

12. Газды абсорбциялық әдіспен өңдегенде абсорбердің ішіндегі қысым негізінде қандай болуы тиіс?

a) Р £ 4 МПа;

b) Р > 10 МПа;

c) Р = 10 МПа;

d) Р > 5 МПа;

e) Р £ 1 МПа.

13. Фазалық тепе-теңдік константасы (Кi) мына теңдеумен анықталады....

a) Кi = yii ;

b) Кi = хi / yi ;

c) Кi = хi  yi ;

d) Кi = хi 2 / yi ;

e) Кi = хi / yi 2, мұндағы yi пен хi – компоненттің газ және сұйық фазалардағы мольдік үлестері.

14. Қандай компоненттер сұйытылған газдың негізгі құраушы бөліктері болып табылады ?

a) метан мен этан;

b) этан мен этилен;

c) пропан мен бутан;

d) этилен мен этан;

e) пентан мен гексан.

15. Газдарды ТТК әдісімен өңдеу сызба-нұсқаларын сепарациялар саны бойынша мынадай топтарға бөледі …..

a) бір, екі және үш сатылы;

b) моно және екі сатылы;

c) моно және полисатылы;

d) төрт және бес сатылы;

e) алты және жеті сатылы.

16. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 500 фунт/дюйм2; t = -22 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы пропанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есептеңіз.

a) 0,01;

b) 0,12;

c) 0,8;

d) 1,0;

e) 2,0.

17. Кинематикалық тұтқырлық () мына теңдеумен анықталады …

a) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен меншікті көлемі;

b) , мұндағы  мен М - газдың динамикалық тұтқырлық мен мольдік массасы;

c) , мұндағы  мен  - газдың динамикалық тұтқырлық мен тығыздығы;

d) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы;

e) , мұндағы  мен P - газдың динамикалық тұтқырлық мен қысымы.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы азоттың мөлшері с = 12,3 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=18,0. Тепе-теңдік күйдегі кон-денсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы азоттың мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,400;

b) 0,280;

c) 0,050;

d) 0,001;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы н-бутанның с = 4,2 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,14. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы н-бутанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 1,230;

b) 0,943;

c) 0,021;

d) 0,063;

e) 0,008.

20. ТТК арқылы газ өңдеу әдісін шығарылатын өнімдер бойынша мынадай топтарға бөлуге болады…..

a) С1+жоғары және С2+жоғары өнімдерін алатын;

b) С2+жоғары және С3+жоғары өнімдерін алатын;

c) С3+жоғары және С4+жоғары өнімдерін алатын;

d) С4+жоғары және С5+жоғары өңімдерін алатын;

e) СН4 мен СО2 өнімдерін алатын.

II. Жазбаша емтихан сұрақтары (10 балл)

  1. Газдың сұйықта еру заңдылығы, оған еріткіш пен газдың табиғатының әсері. Леннард-Джонс теңдеуі.

2. Газды төменгі температурада конденсациялау әдісімен өңдеудің технологиялық сызба-нұсқа-сын сызып түсіндіріңіз.

3. 40 мол. % бензол мен 60 мол. % толуолдың 60оС температурадағы қоспасы берілген. 60оС температурадағы таза бензолдың қаныққан буының қысымы Рб=385 мм. сын.бағ., ал таза толуолдыкі Рт=140 мм.сын.бағ. бойынша. Қоспа Рауль заңына бағынады дей отырып, осы температурадағы қоспамен тепе-теңдік күйде болатын бу фазасының құрамын анықтаңыз.

Оқытушы, х.ғ.к., сениор-лектор Әбдиев К.Ж.

Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Искаков Р.М.

Кафедра мәжілісінде бекітілген. Кафедра мәжілісінің № 9 хаттамасы. «15» сәуір 2010 ж.

Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеті Химиялык инженерия кафедрасы «Табиғи және серіктес газдар, оларды тазалау және өңдеу әдістері» пәні

2 емтихан билеті

I. Тестік емтихан сұрақтары (20 балл)

1. Серіктес газдар деп қандай газдарды айтады?

a) көмірсутектер жанғанда түзілетін газдарды;

b) жерқыртысында түзілген және жерүстіндегі атмосфералық газдарды;

c) жеңіл көмірсутектерден тұратын газ қоспасын;

d) мұнаймен бірге түзілетін, сондықтан мұнай өндіру барысында бөлініп шыға-тын газдарды;

e) көмірсутектік газдар мен көміртек диоксидінене тұратын газдарды.

2. Газ қоспасының орташа мольдік массасын (Мср) мына теңдеу арқылы есептейді

a) , мұндағы Мi мен ni – қоспадағы i–компонентінің мольдік массасы мен мольдік үлесі;

b) , мұндағы Мi мен i – қоспадағы i–компонентінің мольдік массасы мен көлемдікк үлесі;

c) , мұндағы Мi мен сi – қоспадағы i–компонентінің мольдік массасы мен мольдік концентрациясы;

d) , мұндағы Мi мен i – қоспадағы i–компонентінің мольдік массасы мен массалық концентрациясы;

e) , мұндағы Мi мен mi – қоспадағы i–компонентінің мольдік массасы мен моляльдық концентрациясы;

3. Газдың ылғалдығы нені анықтайды?

a) газ қоспасымен түйісіп тұрған судың мөлшерін анықтайды;

b) газдың құрамындағы су буының мөлшерін анықтайды;

c) көмірсутек кристаллогидратындағы заттың бір моль мөлшеріне сәйкес келетін кристалданған судың мөлшерін айтады;

d) газбен түйісіп тұрған судың бірлік массасына сәйкес келетін судың массасын айтады;

e) газдың су ьбуымен есептегендегі массасының оның жалпы көлеміне қатынасын анықтайды.

4. Газдың меншікті жылу сыйымдылығы деп …

a) газдың массасының оған берілген жылу мөлшеріне қатынасын айтады;

b) газдың массасының оған берілген жылу мөлшері мен оның температурасына көбейтіндісіне қатынасын айтады;

c) газдың массасының оның температурасының өзгерісіне қатынасын айтады;

d) газға берілген жылу мөлшерінің оның массасы мен температура өзгерісіне көбейтіндісіне қатынасын айтады;

e) газдың көлемінің оның температура өзгерісіне қатынасын айтады.

5. Температура артқанда газдың жылу өткізгіштігі …

a) кемиді;

b) артады;

c) өзгермейді;

d) минимум арқылы өтеді;

e) заңдылық жоқ.

6. Қоспаның орташа массалық (салмақтық) (СВТК) қайнау температурасы қалай анықталады?

a) СВТК = S ( Т кип i · wi) ;

b) ;

c) CВТК= S ( Т кип i · i );

d) СВТК = S ( Т кип i · ni );

e) CВТК= S ( Т кип i · 2i ),

мұндағы Т кип i – қоспадағы i-компонентінің қайнау температурасы; ni, i және wi – қоспадағы i-компонентінің мольдік үлесі, көлемдік үлесі және массалық үлесі.

7. Құрамында Н2, СО, H2S және CmHn көмірсутектері бар газ қоспасы толық жану үшін ауаның қажетті теориялық көлемін есептеуге арналған теңдеуді жазыңыз.

a) ;

b) ;

c) ;

d) ;

e) ,

мұндағы  (Z) – Z компонентінің қоспадағы көлемдік үлесі.

8. Леннард-Джонс теңдеуіндегі Бунзеннің ерігіштік коэффициентінің (a) өлшем бірлігін айтыңыз.

a) кг/м3;

b) кг/кг;

c) м33;

d) м3/кг;

e) кг/л.

9. «в» изотермасы .....

а) кеуек емес адсорбенттердің бетіндегі хемосорбция мен ұсақ кеуек адсорбенттердегі физикалық адсорбция изотермасы;

b) кеуек емес адсорбенттердегі полимолекулалық физикалық адсорбция изотермасы;

c) екіншілік кеуек құрылымды ұсақ кеуек адсорбенттердегі адсорбция изотермасы;

d) адсорбциямен бірге капиллярлық конденсация жүретін процесс изотермасы;

e) кеуек адсорбенттердегі полимолекулалық физикалық адсорбция изотермасы.

10. Газ қоспасын құрамындағы күкіртті сутек газынан адсорбциялық әдіспен тазалағанда пайдаланылатын адсорбент құрамына .....

а) темірдің, мырыштың және мыстың оксидтері кіреді;

b) палладий мен никель оксидтері икіреді;

c) магний, қалайы және кобальт оксидтері кіреді;

d) вольфрам мен маргенец оксидтері кіреді;

e) титан, вольфрам және бор оксидтері кіреді.

11. Газ өңдеу зауытындағы абсорбциялық жолмен өңдеу процесінің сызба-нұсқасы мынадай қондырғылардан тұруы тиіс…

a) суыту модулі, сығу модулі және сепарациялау модулі;

b) буландыру модулі, сығу модулі және сепарациялау модулі;

c) абсорбциялау модулі, қаныққан абсорбентті деметанизациялау немесе деэтанизация модулі және десорбция модулі;

d) буландыру модулі, ректификациялық бөлу модулі;

e) суыту модулі және ректификациялық бөлу модулі.

12. Pетроградтық булану деп …

a) изотермиялық жағдайда қысымын азайтқанда сұйықтың булануын айтады;

b) изобаралық жағдайда сұйықты қыздырғанда оның булануын айтады;

c) критикалық температура аймағында сұйықтың булануын айтады;

d) температураның салыстармалы жоғары аймағында изобаралық жағдайда сұйықты қыздырғанда оның толығымен конденсациялану құбылысын айтады;

e) қысымның салыстырмалы жоғары аймағында изотермиялық жағдайда сұйықты сыққанда оның толығымен бу фазасына өту құбылысын айтады.

13. Фазалық тепе-теңдік константасына қандай факторлар әсер етеді ?

a) қысым;

b) температура;

c) тепе-теңдік күйдегі фазалардың құрамы;

d) компоненттердің табиғаты;

e) жоғарыда аталған барлық факторлар.

14. Қандай компоненттер сұйытылған газдың негізгі құраушы бөліктері болып табылады ?

a) метан мен этан;

b) этан мен этилен;

c) пропан мен бутан;

d) этилен мен этан;

e) пентан мен гексан.

15. ТТК әдісімен газ өңдеу әдісін шығарылатын өнімдер бойынша мынадай топтарға бөлуге болады…..

a) С1+жоғары және С2+жоғары өнімдерін алатын;

b) С2+жоғары және С3+жоғары өнімдерін алатын;

c) С3+жоғары және С4+жоғары өнімдерін алатын;

d) С4+жоғары және С5+жоғары өңімдерін алатын;

e) СН4 мен СО2 өнімдерін алатын.

16. Көмірсутектер қоспасының бастапқы құрамы мынадай сi (моль/моль): с(СН4) = 0,8745; с(С2Н6) = 0,0586; с(С3Н8) = 0,0372; с(н-С4Н8) = 0,0212; с(н-С5Н12) = 0,0085. Системаның параметрі: Р = 500 фунт/дюйм2; t = -22 oF. Сәйкес келу қысымы Рсх=1000 фунт/дюйм2 болғандағы н-бутанның фазалық тепе-теңдік константасын (К) Нейрей әдісімен есептеңіз.

a) 0,03;

b) 0,10;

c) 0,8;

d) 1,0;

e) 2,0.

17. Газдың кинематикалық тұтқырлығының өлшем бірлігін анықтаңыз.

a) мН/м;

b) м2/с;

c) Па/с;

d) Пас;

e) Дж/м2.

18. Мұнай серіктес газ құрамындағы метанның мөлшері с = 41,7 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=4,3. Тепе-теңдік күйдегі кон-денсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Сұйық фазадағы метанның мольдік үлесін (х) есептеңіз.

a) 0,81;

b) 0,11;

c) 0,05;

d) 0,01;

e) 0,008.

19. Мұнай серіктес газ құрамындағы и-пентанның с = 0,8 мол. %, ал Т = -3,88 0F және P=550 фунт/дюйм2 жағдайындағы фазалық тепе-теңдік константасы К=0,068. Тепе-теңдік күйдегі конденсаттың мольдік үлесі L = 0,1689. Бу фазасындағы и-пентанның мольдік үлесін (у) есептеңіз.

a) 1,235;

b) 0,942;

c) 0,156;

d) 0,087;

e) 0,002.

20. Бір немесе одан да көп бір компонентті мұздатқыш агенттерді қолданатын сыртқы мұздатқыш циклдерді қалай атайды?

a) көпкомпонентті мұздатқыш циклдер;

b) көп функциональды мұздатқыш циклдер;

c) этан-пропан мұздатқыш циклдері;

d) каскадтық мұздатқыш циклдер;

e) көп сатылы мұздатқыш циклдер.