
- •25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар
- •26. Ішкі секреция туралы түсінік. Гормон
- •27. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
- •28. Даму көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.
- •Өсу мен даму заңдылықтары
- •Адам өмірін кезеңдерге бөлу.
- •29. Адамдардың жас кезеңдерне анықтама
- •Жасөспірімдік кезеңдегі балалар
- •30. Акселерация түсінігіне анықтама беріңіз. Өсу мен даму акселерациясының белгілері.
27. Антрометрия әдісіне анықтама беріңіз.
Антропометрия – антропометрия (anthropometria, грек. anthropos – адам, metreo – өлшеу). А. адам денесін өлшеу әдісі. А. әдісімен дене бөліктерінің, мүшелердің бір-біріне қатынасы дұрыс қалыптасуын және ауытқуларын бақылайды. А. әсіресе жастардың өсуін зерттеуде көп қолданылады.
Балалардың өсуін зерттеуде антропометрия тәсілдерін көп қолданады. Антропометрия адам денесінің өлшеу тәсілі. Антропометрия тәсілдерімен дене бөліктерінің, ағзаларының бір-біріне қатынастарын, дұрыс қалыптасуларын және ауытқуларын бақылайды. Антропометриялық тексерулердің әдістері. Ең бірінші баланың денесінің ұзындығы тексеріледі. Бала 2 жасқа толғанға дейін оның бойын жатқан күйінде өлшейді (арнайы әдейі жасалған бой өлшегішпен). Ол өлшегіштің қыр жағында сантиметрлік көрсеткіші бар. Баланың басы мен аяғын тірейтін тіреуіштері болады. Баланы өлшеуіштің үстіне жатқызғанда көздің астынан өтетін сызық құлақ тесігінің үстімен өтуі қажет. Тіреуіштің біреуі жылжымалы. Жылжымалы тіреуішпен жылжымайтын тіреуіштін аралығы баланың бойына сәйкес келеді. Ересек балалардың бойын вертикальды жылжымалы отырғышы бар өлшегішпен өлшейді. Оның шкаласында екі өлшегіші бар: бойды және корпусты өлшейтін. Өлшеу үшін баланы жалаң аяқ, арқасын өлшегішке беріп тұрғызады. Денесі түзу, қолдары бос, тізелері түзу, аяқтары тығыз қосылған. Басын көздің төменгі жиегімен есту тесігінің жоғарғы жиегі бір горизонтальды сызықпен өтетіндей жағдайда ұстайды. Өлшенуші, шкалаға үш нүктесімен тиіп тұру керек: жауырынаралық жота құйымшақ, өкшелер. Өлшегіштің жылжымалы планкасын, бастың жоғарғы нүктесіне тигізеді де баланы өлшегіштен шығарып, көрсеткіштерді тексереді. Баланың отырғандағы бойын өлшеу үшін оны бойөлшегіштің табуреткасына арқасын тікейтіп, құйымшағын, жауырынаралығы мен желкесін тигізіп отырғызады, аяғы түзу, тізесі тік бұрышты бүгілген. Бойын өлшегенде бірден басының биіктігін (жоғарғы және иек асты нүктелері), дененің ортасын (тұрғандағы ұзындығының жартысын бала денесіне түсіру), және т.б. өлшеуге болады. Баланың салмағы арнаулы таразымен өлшенеді. Баланың массасын 25 кг салмаққа дейін арнайы балалар таразысына 10 грамға дейінгі дәлдікпен өлшейді. Баланың өлшенген салмағынан оның жаялықтарының, киімдерінің салмағын бөлек өлшеп шығарып тастайды. Бала отыра алатын болса, оны таразы табағының кең жақ бөлігіне отырғызып анықтайды. Өлшеуші бір қолымен баланы демеп, екінші қолымен таразының тасын жылжытып баланың салмағына туралайды. Сонан соң таразыны бастапқы қалпына келтіріп, баланы түсіреді, көрсеткіштерін жазады, бағалайды. Бас шеңбері мен кеуде шеңбері сантиметрлік таспамен өлшейді. Бас шеңберін анықтау үшін таспаны бастың шүйдесінің үстіне (баланың басының арт жағында) және қастың үстімен жүргізеді. Өлшеуді оң жақ шекеден бастайды. Кеуде шеңберін анықтау үшін үш рет өлшем жасайды. Бірінші өлшем бала жай отырған кезде. Екінші рет қатты дем шығарғанда, таспаны баланың жауырынының астынан салады да (баланың арт жағында), баланың алдыңғы жағындағы сүт без аймағының ортасымен кетеді.