Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мрат М.М. физиология 25-30.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
163.84 Кб
Скачать

25. Дыбыс гигиенасына қойылатын талаптар

Есту мүшесінің гигиенасы

Адамның сөз сөйлеп, өзара қарым-қатынас жасауында есту мүшесінің маңызы зор. Дыбыс қоздырғыш толқындарын сезу –күрделі құбылыс. Ауадағы дыбыс толқындары құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолымен өтіп, дабыл жарғағын тербеліске келтіреді. Одан дабыл жарғағында пайда болған тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері (балғашық, үзеңгі, төс) күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді.Сүйектер дабыл жарғағына қарағанда тербелудің күшін шамамен 50 есе арттырады. Егер дыбыс өте жоғары болса, онда арнайы бұлшық еттер дабыл жарғағын және сопақ тесік жарғағының керілуін үлкейтеді. Осының нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден сақтайды.  Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді. Адам дыбыс қаттылығын құлақта ауру пайда болғанша қабылдайды. Бұл 1-ден 140 децибелге дейін сәйкес болады. Егер дыбыс үнемі 120-140 децибелге сай болса, ұзақ уақыт құлаққа әсерін тигізсе, онда құлақ ауруы пайда болады. Төменгі кестеде көліктердің, табиғи құбылыстардың дыбыс қаттылығы берілген. Дыбыс түрлері Дыбыс қаттылығы 1. сағаттың дыбысы 20 2. трамвайдың шуы 70-75 3. дауыстап сөйлеу 60 4. айқайлау 80 5. күннің күркіреуі 120 6. қатты музыка 110 7. реактивті самолет 150 8. сирена 130 9. өлімге әкелетін шама 180 10. дыбыстық қару 200 11. ұста шеберханасы 100 Дыбыстың бұл қаттылықтары есту мүшесінде бейімделу құбылысын туғызады. Сондықтан кейбір адамдар дыбыстың жоғары қаттылығына үйренеді. Мұндай адамдар радио, теледидар, магнитофондарды өте қатты дыбысқа қойып, шу шығарып тыңдауды әдет етеді. Сыртқы құлақта құлық жиналса, онда шаң-тозаң және микроорганизмдер ұсталып, құлақтың дыбыс жолын бітейді. Құлақты сіріңкемен, қарындашпен, түйреуішпен тазалауға болмайды. Бұдан дабыл жарғағы зақымданып, есту нашарлайды, кейде саңырау болып қалады. Аса күшті дыбыс және шу жүйке жүйесін мүлдем қажытады және есту мүшесінің қызметін бұзады. Көп уақытқа созылған шудың ортасында және жоғары дыбыста болған адамдардың құлағы нашар естиді. Себебі, есту мүшесіне қан әкелетін қан тамырлары тарылып, оның зат алмасуын нашарлатады. Күшті шу еңбек өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді.  Есту мүшесі жұмысының нашарлауы көптеген жұқпалы аурулардан кейін байқалады. Шешек, құлғана, тұмау ауруларымен ауырғанда есту мүшесі зақымдануы мүмкін. Әртүрлі қатты дыбыстар кезінде ауызды ашып тұру керек. Өлең айтып, музыка тыңдау, дене қимыл жұмыстарын істеу және спортен шұғылдану естуді жаттықтырып, жұмысын жақсартады.

Есту гигиенасы. Есту анализаторының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ  мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-шу есту анализаторына 2 түрлі осер етеді: құлақ тың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері — 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде — 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыс пен көп шұғылданбағаны жөн .

Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері  5-7 децибелге азаяды.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы болмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу болмелсрінен болек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс  істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.

6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отрығаны жөн.

Баланың есту қабілетін сақтауда мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды  пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ  уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады.

Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ  уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды.

Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе коңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, ұзақ  тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тыңдаумен әуестенген жастардың ішінде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны кобеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста — жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер үйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс.