
- •Мағына, ұғым, денотат үшеуін бөліп қарастырған ғалым.
- •Семантикалық үшбұрыш, трапеция.
- •3) Таңба түрлері (ажырату). Семиотиканың негізгі саласы. Семиотиканың, семасиологияның зерттеу бағыты.
- •4) 3 Сөзге компоненттік талдау, семантикалық талдау.
- •5) Семантика ғылымы, әдіс-тәсілі, басқа ғылым саласымен байланысы.
- •Мазмұн, меже ---оразовтан,соссюр, кронгауз, кобазев, м.С.Ельмцлевтен қарау.
- •Лексика-семантикалық өріс деген не?
- •Денотат, сигнификат-қ мағына, актуалды мағына деген не?
- •Эмоциялық мағына, лексикалық, грамматикалық мағына деген не?
- •Лексика-ң жалпылауынан пайда болатын грамматикалық мағына атауы.
5) Семантика ғылымы, әдіс-тәсілі, басқа ғылым саласымен байланысы.
1897 еңбегінде француз ғалымы Мишель Бриаль семантика терминін ең алғаш пайдаланған. Семантика – грек сөзі: semantikоs – таңбалаушы, бегілеуші. Лингвистикалық сөздіктерде семантика терминіне мынадай анықтамалар беріледі: 1) Тіл мен немесе оның бірліктерімен (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, сөздердің грамматикалық формалары) берілетін мазмұн, ақпарат. 2) Осы тілдік мазмұн жиынтығын зерттейтін ғылым саласы. 3) Семиотиканың бір саласы. Семантиканың негізгі ұғымы: мағына, семасиологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Тіл бірліктері – семиотикалық кодтармен таңбаланған ақиқат шындықтың үзіктері. Семантика - таңба мен сол арқылы белгіленетін зат арасындағы қатынасты қарастырады. Семантикалық зерттеулер екі бағытта жүргізілуі: семасиологиялық және ономасиологиялық. Семантканың екі түрі болады: грамматикалық және грамматикалық семантика. Семантика: морфология, философия және логика (ХІХ ғ.20 жж), этнолингвистика, лексика, т.б. ғылым салаларымен байланысты.
Әдістер: Сипаттау әдісі (описательный метод), тарихи әдіс (исторический метод), салғастырмалы сопоставительный метод), психо-лингвистикалық әдіс (психо-лингвистический метод), семантиканы зерттеудің кванттық әдісі (квантатический), диструбуттік әдіс (диструбутивный), компоненттік талдау әдісі.
Мазмұн, меже ---оразовтан,соссюр, кронгауз, кобазев, м.С.Ельмцлевтен қарау.
Лексика-семантикалық өріс деген не?
Өріс заттардың, ұғымдардың қызметтік жіне мағыналық ұқсастығы бар құбылыстардың лексикалық жиынтығы. ХІХ ғ. бастап М.М.Покровский, П.Роже, Ф.Дорнзайф, Р.Халлинг, В.Фон Ватбург тезаурус жасау кезінде өріске назар аударғанү алғашқы теориялық ұғымдар Й.Трир, Г.Испен еңбектерінде кездеседі, олар өрісті «семантикалық өріс» деп атаған. Семантикалық өрістен басқа: морфосенматикалық өріс (мұнда ортақ негіз не аффикс болады); ассоциативті өріс (психолингвистика мен психологияда зерттеледі), грамматикалық өріс (грамматикалық бірліктер), синтагмалық өріс (сөз тіркестері жіне басқа синтаксистік бірліктер) болады.
Денотат, сигнификат-қ мағына, актуалды мағына деген не?
Иделады Денотат болмыстағы заттың санаға ең жақын келетін бейнесін білдіреді.
Затты сипаттаудағы ең негізі мағынасын сипаттайтын ақпарат арқылы беру.
Виртуалды мағына - сөздің тілде белгілі бір ұғымды білдіруде қалыптасқан және сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті болып келетін, әлеуметтік сипат алған мағынасы.
Актуалданған мағына - нақты сөйлеу жағдаятында қолданылған мағына. Актуалды денотат мағына - сөйлеуші жеткізіп отырған ақпарат, сөйлеуде қолданған ирреалды дүниеден алынған жағдаят не зат.
Сигнификат – ирреалды дүниедегі нысан мен жағдаяттың сөйлеуші санасындағы бейнесі жайындағы ақпарат.
Семаcиологиялық бағыт - формадан мағынаға қарай, ал ономосиологиялық бағыт мағынадан формаға қарай зерттеу принципін ұстанады.