
- •Мағына, ұғым, денотат үшеуін бөліп қарастырған ғалым.
- •Семантикалық үшбұрыш, трапеция.
- •3) Таңба түрлері (ажырату). Семиотиканың негізгі саласы. Семиотиканың, семасиологияның зерттеу бағыты.
- •4) 3 Сөзге компоненттік талдау, семантикалық талдау.
- •5) Семантика ғылымы, әдіс-тәсілі, басқа ғылым саласымен байланысы.
- •Мазмұн, меже ---оразовтан,соссюр, кронгауз, кобазев, м.С.Ельмцлевтен қарау.
- •Лексика-семантикалық өріс деген не?
- •Денотат, сигнификат-қ мағына, актуалды мағына деген не?
- •Эмоциялық мағына, лексикалық, грамматикалық мағына деген не?
- •Лексика-ң жалпылауынан пайда болатын грамматикалық мағына атауы.
Мағына, ұғым, денотат үшеуін бөліп қарастырған ғалым.
1923 ж. Огден и Ричардс
Семантикалық үшбұрыш, трапеция.
C
в
өз мағынасының құрылымдық элементтерін анықтауды К.Огден мен И.Ричардстың семантикалық үшбұрыштарының бұрыштарын түсіндіруден бастаған. Бұл бұрышты ғылыми еңбектерде семантикалық үшбұрыш деп атау да бар. Ұш бқрыштың А бұрышы сөздердің дыбысталуын көрсетсе, В бұрышы ұғымды. мағынаны, ал Д бұрышы объектив дүниедегі затты, денотатты (референтті) көрсетеді. АВ қабырғасы дыбысталу мен ұғымды, мағынаны байланыстырса (таңбалық қасиетке негізделініп), ВД қабырғасы зат пен ой арасындағы (бейнелік таным процесімен байланысты) байланысты көрсетеді. Бірақ қазір жарық көрген еңбектерде семантикалық үшбұрыштың бұрыштарының арақатынасын анықтауда бірізділік жоқ. Мысалы, швед ғалымы Г.Стернде А бұрышы сөз (Огден мен Ричардста символ) деп аталынса, В бұрышы мағына (Огден мен Ричардста ой) деп, Д бұрышын референт (Ричардс пен Огденде референт) деп белгіленген. Бірақ АВ қабырғасы мағынаны білдіреді (Огден мен Ричардста символды білдіреді) десе, ВД қабырғасы референттің субъектив түсінігін білдіреді деген. Екі еңбекте де АД қабырғасы үзік сызықпен сызылған, себебі сөз бен референт арасындағы тікелей байланыс жоқ деп есептейді. Совет тілшілері арасында да бұл семантикалық үшбұрышқа байланысты айтылған пікірлер бар. Мысалы, К.А.Аллендорф семантикалық үш бұрыш туралы өзіне дейінгі айталған пікірлерді салыстыра отырып, «Ұғымның үздіксіз дамуы объектив дүниенің күннен күнге толық танылуынан хабар береді. Семантикалық үш бұрыштың барлық бұрыштары тығыз байланысты болады. Сондықтан да үш бұрыштың барлыө жағы жабық» деп семантикалық үшбұрыштың астыңғы қабырғасын да (АД қабырғасын) бітеу сызықпен сызады (Аленфорд). Жалпы, автор, өз пікірін басұа авторлардың талқылауларымен салыстыра отырып айтқан. Бұл үш бұрышты талдап көрсету арқылы традициалық семантикалық талдаулар мен функционалды семантикалық талдаудың жалпы бағытын анықтауға болады. Салыстырыңыз:
А
Д
Шет ел традициялық семантикалық үш бұрышы.
Шет ел функционалды семантикалық үш бұрышы.
К.А.Аллендорфтың сызған семантикалық үш бұрышы.
Мағына
Ұғым


Зат
Таңба
(6 - схема) (7 – схема) (8 - схема)
Звенгинцев В.А. сөз мағынасын обективтік дүниедегі заттар мен құбылыстарға, тілдік система және ұғымға байланысты элементтерден тұрады дейді де семантикалық үш бұрышты басқаша құрастырады. Автордың пікірінше осы үш элемент сөз мағынасын жасайды. Тіл системасының мағынаны нақтылауда, қолданылу процестерінде тигізер пайдасы мол, бірақ ол өте аз зерттелінген. Ал ұғым мен объектив дүниелегі заттардың сөз мағынасын қалыптастыруда пайдасы барлығында дау жоқ. Бірақ автор кейінгі еңбектерінде сол еңбегінің басқа беттерінде бұл пікіріне қарсы да шығады. Соңғы кездерде жарық көрген еңбектерінде де сөз мағынасын басқаша геомериялық схемалар негізінде анықтауға әрекет ету бар. Мысалы новиков екі түрлі геометриялық фигураларды ұсынады. Новиков ұсынған жетінші схемадағы қосымша бұрыш мағына деп көрсетілген. Оған себеп мағына мен ұғымның тең түспейтіндігін көрсету. Ал сегізінші схема осы жетінші схема негізінде туған. Трапецияның әр бұрышы өз алдына дербес деп есептелгенді мағынаның ұғымнан басқаша қасиетке ие екендігін екеуінің тең түспейтіндігін қазіргі кезде көпшілік ғалымдарымыз мойындап жүр. Семантикалық үшбұрышты талдау жасаған көпшілік ғалымдар В бұрышына мағына мен ұғымды қатар сиғызған. Демек бір бұрышта орналасқан екі түсінікті ажыратып жеке жеке бөліп беру теориялық жаңсақтық та, қателік те емес. Соныдықтан Мелников, Фрекия, Орден мен Ричардс Черч Ульман Звегинцев, степанова қолданған традициялық үшбұрыштың орнына біз қарапайым таңбалық қасиеті бар сөзді сипаттауда төртбұрышты таңба денотат, таңбалы бейне және онымен байланысты денотаттық бейнені ұсынамыз. Басқаша айтқанда біздің схемамызда таңба денотаттық сақталынады. Бірақ әр түрлы түсіндіріп бірінде мағына бірінде мән бірде ұғым делініп жүрген үшініші бұрыштың орнына бір бірімен байланысты екі бірақ конкретті объект пайда болды. Табаның бейнесі мен деноттаттың бейнесі оны ішкі таңба ішкі денотат деп те атауға болатын.