
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
- •2. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық қоғам.
- •3. Қазақстан территориясындағы қола дәуiр кезеңіндегі тайпалар. Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •5. Үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •6. Батыс-Түрік, Түрік қағанаттары. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •7. Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •8. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, Оғыз конфедерациясы. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •9. Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •10.Найман және Керейіт мемлеккеттері. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •11. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жiбек жолы, ортағасырлық қалалардың саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегi ролi.
- •12. VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •13. VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •15. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •16. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан. Ақ-Орда. Территориясы, этникалық құрамы, әлеуметтік-саяси тарихы.
- •17. Моғолстан. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •18. Көшпелі өзбек мемлекеті. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •19. Ноғай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •20. Қазақ хандығының қалыптасуы, нығаюы мен дамуы (хү-хүі ғғ.)
- •21. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ жұздері. «Қазақ», «ноғай», «өзбек» этнонимдері.
- •22. Хүіі- хүііi ғасырлардағы Қазақ хандығы.
- •23. Ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалаири.
- •24. Тәуке ханның мемлекеттік қызметі. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •25. XVI ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •26. XVII ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстары.
- •27. Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
- •28. Әбілхайыр ханның әскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •29. Абылайханның ханның әскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •32. Ресейдің XVIII ғасырдың екінші жартысындағы отаршылдық саясаты.
- •33. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс.
- •34. Ішкі (Бөкей) орданың құрылуы. Саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.
- •35. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның ғылыми зерттеуі.
- •36. 1822, 1824 Жылдардағы Жарлықтар, қазақ даласына әсер еткен әлеуметтік-саяси салдары.
- •37. Кенесары Қасымұлы бастаған отарлауға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы.
- •38. И.Тайманұлы мен м.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.
- •39. Шоқан Уәлиханов – көрнектi қазақ ғалымы және ағартушысы.
- •40. Ресейдің Ұлы жүзді жаулап алуы. Қазақстанның Ресейге қосылу процессінің аяқталуы.
- •41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.
- •42. Қазақстанның басқару жүйесінде жүргізілген 1867-1868 және 1886-1891 жылдарындағы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары.
- •43. Орал, Торғай облыстарындағы (1869-1870жж.) және Маңғыстау (1870 ж.) аймағындағы қазақтардың көтерілісі.
- •44. Хіх ғасырдағы Қазақстанның ағартушылық саласының дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •45. Абай Құнанбаев – ақын-ағартушы. Абайдың “Қара сөздерінің” («Ғақлия») моральдік-этикалық принциптері.
- •46. Х1х ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •47. Хіх ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •48. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақтардың шаруашылық өміріндегі, әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (XIX - XX ғ. Басы).
- •49. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы (хix ғ.).
- •55. Хх ғ. Басындағы қазақ мерзiмдi басылымдардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлi.
- •56. 1917 Жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. «Алаш» партиясы.
- •57. Қазан қарулы көтерiлiсiнің (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.
- •58. II Бүкiлқазақ съезi. “Алашорда” автономиясының құрылуы.
- •59. Қазақстандағы ұлттық және кеңестік автономиялар (1917-1920 жж.).
- •60. Қазақ асср-нiң құрылуы. “қасср еңбекшiлерiнiң құқық декларациясы”.
- •61. Қазақстандағы азаматтық соғысы (1918-1920 жж.). Әскери коммунизм саясаты.
- •62. 1920-1922 Жылдарындағы экономикалық дағдарыс. 1921 жылғы Жер-су реформасы.
- •63. Жаңа экономикалық саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, нәтижелері.
- •64. Қазақстан, Орта Азия шекараларының ұлт-аумақтық межеленуi. Қазақ жерлерiнiң бiрiктiрiлуi (1924-1925 жж.).
- •65. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •66. Қазақстанды индустрияландыру: ерекшелiктерi, қиыншылықтары, негiзгi нәтижелерi, халықтың әлеуметтiк құрылымының өзгеруi.
- •67. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •68. Хх ғ. 30 ж.Ж. Жаппай құғынға ұшыраушылық (репрессия) және оның салдары.
- •69. Қазақстандағы күштеп жүргiзiлген ұжымдастыру: мақсаттары, негiзгi кезендерi, әлеуметтiк – саяси және демографиялық салдары.
- •70. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстан территориясына халықтардың депортациясы.
- •71. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •73. 1946-1953 Ж.Ж. Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық – саяси жағдай, мәдениет және ғылым.
- •74. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру: экономикалық, демографиялық, экологиялық салдары.
- •79. Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.Ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.
- •80. Тәуелсiз Қазақстан Республикасының құрылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.
- •81. Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.
- •82. Қазақстанның 1993-1995 жылдарындағы конституциялық реформалары.
- •83. “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасы. Даму бағдарламаның негізгі приоритеттері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мәдениеті, негізгі тенденциялары мен бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.)
- •86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •87. Қазіргі Қазақстанның саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстары
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.).
- •89. Хх ғ. 90 жж. Екінші жартысынынан біздің күнімізге дейінгі Қазақстанның саяси жұйесін демократизациялау кезеңдері.
- •90. Тұңғыш президентіміз н.Ә.Назарбаевтің саяси портреті.
40. Ресейдің Ұлы жүзді жаулап алуы. Қазақстанның Ресейге қосылу процессінің аяқталуы.
ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866 жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады. Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын салық екі түрге бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.
41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.
Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қалаларының бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған.1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді.