
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
- •2. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық қоғам.
- •3. Қазақстан территориясындағы қола дәуiр кезеңіндегі тайпалар. Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •5. Үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •6. Батыс-Түрік, Түрік қағанаттары. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •7. Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •8. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, Оғыз конфедерациясы. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •9. Қарлұқ қағанаты. Қарахан мемлекеті. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •10.Найман және Керейіт мемлеккеттері. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •11. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жiбек жолы, ортағасырлық қалалардың саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегi ролi.
- •12. VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •13. VI ғ. Басы мен XIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •15. Қазақстан территориясын моңғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
- •16. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан. Ақ-Орда. Территориясы, этникалық құрамы, әлеуметтік-саяси тарихы.
- •17. Моғолстан. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •18. Көшпелі өзбек мемлекеті. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •19. Ноғай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •20. Қазақ хандығының қалыптасуы, нығаюы мен дамуы (хү-хүі ғғ.)
- •21. Қазақ халқының этногенезі. Қазақ жұздері. «Қазақ», «ноғай», «өзбек» этнонимдері.
- •22. Хүіі- хүііi ғасырлардағы Қазақ хандығы.
- •23. Ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалаири.
- •24. Тәуке ханның мемлекеттік қызметі. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •25. XVI ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
- •26. XVII ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстары.
- •27. Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
- •28. Әбілхайыр ханның әскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •29. Абылайханның ханның әскери-саяси және мемлекеттік қызметі.
- •32. Ресейдің XVIII ғасырдың екінші жартысындағы отаршылдық саясаты.
- •33. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс.
- •34. Ішкі (Бөкей) орданың құрылуы. Саяси тарихы, экономикасы және мәдениеті.
- •35. XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстанның ғылыми зерттеуі.
- •36. 1822, 1824 Жылдардағы Жарлықтар, қазақ даласына әсер еткен әлеуметтік-саяси салдары.
- •37. Кенесары Қасымұлы бастаған отарлауға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы.
- •38. И.Тайманұлы мен м.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.
- •39. Шоқан Уәлиханов – көрнектi қазақ ғалымы және ағартушысы.
- •40. Ресейдің Ұлы жүзді жаулап алуы. Қазақстанның Ресейге қосылу процессінің аяқталуы.
- •41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.
- •42. Қазақстанның басқару жүйесінде жүргізілген 1867-1868 және 1886-1891 жылдарындағы реформалар. Қазақ халқына тигізген зардаптары.
- •43. Орал, Торғай облыстарындағы (1869-1870жж.) және Маңғыстау (1870 ж.) аймағындағы қазақтардың көтерілісі.
- •44. Хіх ғасырдағы Қазақстанның ағартушылық саласының дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •45. Абай Құнанбаев – ақын-ағартушы. Абайдың “Қара сөздерінің” («Ғақлия») моральдік-этикалық принциптері.
- •46. Х1х ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
- •47. Хіх ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •48. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақтардың шаруашылық өміріндегі, әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (XIX - XX ғ. Басы).
- •49. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы (хix ғ.).
- •55. Хх ғ. Басындағы қазақ мерзiмдi басылымдардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлi.
- •56. 1917 Жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. «Алаш» партиясы.
- •57. Қазан қарулы көтерiлiсiнің (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.
- •58. II Бүкiлқазақ съезi. “Алашорда” автономиясының құрылуы.
- •59. Қазақстандағы ұлттық және кеңестік автономиялар (1917-1920 жж.).
- •60. Қазақ асср-нiң құрылуы. “қасср еңбекшiлерiнiң құқық декларациясы”.
- •61. Қазақстандағы азаматтық соғысы (1918-1920 жж.). Әскери коммунизм саясаты.
- •62. 1920-1922 Жылдарындағы экономикалық дағдарыс. 1921 жылғы Жер-су реформасы.
- •63. Жаңа экономикалық саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, нәтижелері.
- •64. Қазақстан, Орта Азия шекараларының ұлт-аумақтық межеленуi. Қазақ жерлерiнiң бiрiктiрiлуi (1924-1925 жж.).
- •65. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •66. Қазақстанды индустрияландыру: ерекшелiктерi, қиыншылықтары, негiзгi нәтижелерi, халықтың әлеуметтiк құрылымының өзгеруi.
- •67. Хх ғ. 20-30 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
- •68. Хх ғ. 30 ж.Ж. Жаппай құғынға ұшыраушылық (репрессия) және оның салдары.
- •69. Қазақстандағы күштеп жүргiзiлген ұжымдастыру: мақсаттары, негiзгi кезендерi, әлеуметтiк – саяси және демографиялық салдары.
- •70. Хх ғ. 20-40 жж. Қазақстан территориясына халықтардың депортациясы.
- •71. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жеңісіне қосқан үлесі.
- •73. 1946-1953 Ж.Ж. Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық – саяси жағдай, мәдениет және ғылым.
- •74. Қазақстанда тың және тыңайған жерлердi игеру: экономикалық, демографиялық, экологиялық салдары.
- •79. Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.Ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.
- •80. Тәуелсiз Қазақстан Республикасының құрылуы. Егеменді мемлекеттiліктiң дамуы.
- •81. Қазақстан Республикасың мемлекеттік рәміздері.
- •82. Қазақстанның 1993-1995 жылдарындағы конституциялық реформалары.
- •83. “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасы. Даму бағдарламаның негізгі приоритеттері.
- •84. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мәдениеті, негізгі тенденциялары мен бағыттары.
- •85. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.)
- •86. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
- •87. Қазіргі Қазақстанның саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстары
- •88. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1991 жылдан біздің күнімізге дейін.).
- •89. Хх ғ. 90 жж. Екінші жартысынынан біздің күнімізге дейінгі Қазақстанның саяси жұйесін демократизациялау кезеңдері.
- •90. Тұңғыш президентіміз н.Ә.Назарбаевтің саяси портреті.
1. Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
Тарих мынадай негізгі міндеттерді шешеді: гносеологиялық – Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді; аксеологиялық – әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады; праксеологиялық – күрделі де көп өырлы тарихи құбылыстарға өзіндік баға беру және талдау қабілетін өалыптастыруға мүмкіндік туғызады; прогностикалық – тарих, ол болашақтың негізі қаланған өткен заман, тарих аяқталмайды, тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар өйткені, онда бұрын ашылмаған шындықтар айқындалады.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты. Отанымыздың тарихы, ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың, соның ішінде, әрқайсымыздың ата-бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру, ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру т.б.
Тарихи деректер – ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар, айғақты деректер. Тарих ғылыми тұрғыда шынайы болуы үшін, ең алдымен ол нақтылы деректерге негізделуі қажет. Тарихнама – бұл тарих ғылымының тарихы. Ол бір жағынан тарих білімінің қозғалысын, тарихи оқиғалар жөнінде мәліметтерді, жаңа деректерді табу және жазуды, ал екінші жағынан – тарихты зерттеудің ұстанымдары мен әдістерін дамытуды қарастырады.Көне жазба деректерінің бірі – зороастризм дінінің басты кітабы «Авеста». Сына жазулары: І Дарийдің (б.з.д. 522-486ж.) Бехистун жазбаларында, «Тарихтың атасы» болып саналатын Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде (б.з.д.430-420), Страбон (б.з.д. 64 б.з.24) мен Птолемейдің (90-160) «География».
2. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық қоғам.
Тас ғасыры 3 кезеңнен тұрады: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің бірінші, ең ертедегі мәдениеті деп Олдувай мәдениеті. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғы шарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палоеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің топшылауынша, бұл сапалық секіріс неандерталдың осы заманғыдай дене бітімі бар адамға айналуымен тұтас келеді. Мезолит, неолит энеолитті көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Ал қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты қашық болғанымен, біз алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті шектес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыды.
3. Қазақстан территориясындағы қола дәуiр кезеңіндегі тайпалар. Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеті.
Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары да қола буйымдарды жасау ісін меңгерді. Кола, мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшеланың қорғасынның қорытпасы. Қола осы уақытқа дейін қолданылып келген мыспен салыстырғанда берік, мықты болды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер ролінің артуына алып келді. Жеке отбасылар бөлініп, отбасылық меншік пайда болып, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі есе түсті.
Андронов мәдениетг Кола дәуірінде Сібірдің Қазақстанның және Орта Азияның ұлан байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар мекендеп, олар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас медениет ескерткіштерін қалдырды. Осы үлгідегі алғашқы ескерткіштің табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атына қарай бүл мәдениет ғылымда шартты түрде "Андронов медениеті" деп аталды.
Андронов медениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық дерекгер андроновтық турғындардың басым көпшілігі отырықшылдық өмір сүргенін көрсетеді. Өзендердің көлдердің жағасында орналасқан патриархаттық отбасылардың үлкен жертөле үйлері болды. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қоралар салынды. Андронов мәдениеті тусында адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар мен сендік заттарды жақсы меңгерген. Өлген кісілерге тастан қоршау жасап, зираттар тұрғызған. Зираттар тік бұрыштанып, деңгелекгей немесе ұзынша сопақталынып қоршалынатын болды.
Қазақстан территориясындағы Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер): Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.
Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғарғы дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері. Дәндібай - Беғазы мәдениеті. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік өңіріндегі Беғазы қойнауында табылған қола ескерткіштеріне сай Дәндібай-Беғазы атты медениет атауы пайда болды. Дәндібай-Беғазы медениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Бүл ескерткіштерге тен нерсе, бір жағынан, андроновтық дестүрлердің сақталуы, екінші жағынан, медениеттің жаңа көріністерінің (езгеше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар) пайда болуы. Жерлеу ғурпында да өзгеріс бар. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Діни нанымдары. Қола дәуіріндегі адамдар түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп қабылдаған. Олар күн мен отқа, суға, ай мен жулдызға табынған, о дүниеге сенген.