
- •1. Қазақстан тарихы пәнінің басты міндеттері мен мақсаттары. Тарихи деректер, тарихнама.
- •2. Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық қоғам.
- •3. Қазақстан территориясындағы қола дәуiр кезеңіндегі тайпалар. Андронов және Беғазы–Дәндібай мәдениеті.
- •4. Сақ тайпалық одағының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •5. Үйсін, қаңлы, ғұн тайпалық одақтарының қоғамдық құрылысы, саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •6. Батыс-Түрік, Түрік қағанаттары. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •7. Түркеш қағанаты. Әлеуметтік – саяси, этникалық тарихы.
- •8. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері, Оғыз конфедерациясы. Мекенi, әлеуметтiк-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениетi.
- •11. Қазақстан территориясындағы Ұлы Жiбек жолы, ортағасырлық қалалардың саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегi ролi.
- •18. Көшпелі өзбек мемлекеті. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •19. Ноғай Ордасы. Мекені, әлеуметтік-саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениеті.
- •22. Хүіі- хүііi ғасырлардағы Қазақ хандығы.
- •23. Ортағасырлық тарихшылар Мұхаммед Хайдар Дулати және Қадырғали Жалаири.
- •24. Тәуке ханның мемлекеттік қызметі. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
- •26. XVII ғ. Бірінші жартысы мен XVIII ғасырлардағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстары.
- •33. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс.
- •40. Ресейдің Ұлы жүзді жаулап алуы. Қазақстанның Ресейге қосылу процессінің аяқталуы.
- •41. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған қазақтардың көтерiлiсі.
- •44. Хіх ғасырдағы Қазақстанның ағартушылық саласының дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
- •45. Абай Құнанбаев – ақын-ағартушы. Абайдың “Қара сөздерінің” («Ғақлия») моральдік-этикалық принциптері.
- •62. 1920-1922 Жылдарындағы экономикалық дағдарыс. 1921 жылғы Жер-су реформасы.
- •63. Жаңа экономикалық саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, нәтижелері.
- •79. Қазақстан “Қайта құру” жылдарында (1985-1991 ж.Ж.). Оны жүзеге асырудағы қайшылықтар.
44. Хіх ғасырдағы Қазақстанның ағартушылық саласының дамуы. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.
45. Абай Құнанбаев – ақын-ағартушы. Абайдың “Қара сөздерінің” («Ғақлия») моральдік-этикалық принциптері.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
46. Х1Х ғасырдағы Қазақстанның материалдық мәдениеті.
47. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті.
48. Қазақстан Ресей экономикасының жүйесінде. Қазақтардың шаруашылық өміріндегі, әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (XIX - XX ғ. басы).
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 жылы Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады. Кеңес өкiметi орнағаннан кейiн қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік қатынастарда түбiрлi өзгерiстер жүзеге асырылды. Барлық жердi мемлекет меншiгiне алу, помещиктер жерлерiн тәркiлеу, жердi шаруаларға тегiн беру туралы декрет жарияланды. Кеңестiк дәуiрдiң алғашқы кезеңдерiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекеттік меншiгiне айналдыру, қоғамдастыру iсiне басшылық жасау мақсатымен социалистік мемлекеттік органдар, оның iшiнде халық шаруашылық органдары құрылды. Банктер, iрi өнеркәсiп орындары, көлiк, т.б. шаруашылықтың шешушi салалары мемлекет меншiгiне көштi. Сөйтiп, өндiрiс құрал-жабдығына социалдық меншiктi орнату, халық шаруашылығын жоспарлы дамыту, аймақтардың экономикасын КСРО халық шаруашылығы кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде өркендету, т.б. негiздерiнде социалдық экономикалық жүйесi қалыптаса бастады. Қазақ өлкесiнде өндiрiс құрал-жабдықтарын мемлекет меншiгiне алу, жердi тәркiлеу үдерiсi саяси, экономикалық, әлеуметтік өзiндiк ерекшелiктерге байланысты 20-жылдардың бас кезiне дейiн созылды. Бұл кезеңде өлкеде халық шаруашылығының барлық салалары бойынша мемлекет меншiгiне алынған кәсiпорындар саны 1 мыңға жуықтады. Олардың iшiнде iрiлерi: Қазақ (қырғыз) кен өнеркәсiбi акционерлік қоғамы, Кендi Алтай кәсiпорындары, Екiбастұз көмiр кендерi, Спасск мыс қорыту зауыты, Атбасар мыс кенiнiң зауыттары мен кенiштерi, Қарағанды мен Байқоңыр кендерi, Орал — Жем өңiрiнiң мұнай кәсiпшiлiктерi.
49. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың дамуы (ХIX ғ.).
XIX ғасырдың екінші жартасында Европа мемлекеттерінде дамыған капиталистік қатынас Россияға әсер етпей қоймады. Осымен байланысты Россияның капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Россияның орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де товар айналысының өсуін шапшаңдатты. Өлкеде үстем болған натуралды шаруашылық біржіндеп ыдырай бастады. Бұл кезде Қазақстан экономикасында натуралды шаруашылықтың көлемі қысқарды, өлке өнеркәсіп товарларын өткізу рыногы және бағалы ауыл шаруашылығы шикізатының қайнар қөзі ретікде капиталистік Россияға барынша тәуелді болып шықты. XIX ғасырдың ортасы – қазақ жеріне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері айқын байқалды:
- Отырықшы мал шаруашылығы мен екіншіліктің дамуы.
- Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы.
- Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.
XIX ғасырдың 60 жылдарынан россиялық кәсіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтары мол қазақ аймақтарында өндіріс салуға жұмсады.
Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш кен орындары Шығыс, Орталық Қазақстанда ашылды. 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп өрындары - Спасск мыс қорыту заводы (1857 ж.), Успен кеніші, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз, Риддер кәсіпшілігі. 1898 жыл – Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен - өнеркәсіп қоғамы құрылды.
Кен кәсіпшілігінің орталығы – Қарқаралы уезі. Химия өнеркәсібінің бастамасы – Шымкент сантонин заводы (1822 ж.)
Алтын өнеркәсібіндегі жұмысшы әйелдер саны – 1873 жылы 12%, ал 1893 жылы 17% болды. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі XIX ғ. 90 жылдырыңда кеңінен пайдаланылды.
Темір жол.
1893-1895 жылдары Сібір темір жолы (ұзындығы 3138 км) салынды. Оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті. 1893-1897 жылдар – Рязань – Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 1899-1905 жылдар – Орынбор – Ташкент темір жолы (ұз.1656 км) салынды. 1905 ж. қаңтарда іске қосылды. Патша үкіметінің темір жолдар салудағы кездеген мақсаты:
1. Жалпы россиялық жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанда тартуды тездету.
2. Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.
3. Қазақстан мен Орта Азияны Россия өнеркәсіп орталықтарымен байланыстару.
4. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Россиядан қарулы күштерді тез жеткізу.
50. XIX ғ. аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің қалыптасуы мен дамуы.
51. Қазақстандағы патша өкiметiнiң қоныс аудару саясаты. Негiзгi кезеңдерi, бағыты және салдары (XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы).
52. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мәдениет (1900-1917 ж.ж.).
53. ХХ ғ. басындағы ұлттық зиялылардың қоғамдық-саяси қызметi (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақпаев, Б. Қаратаев және т.б.).
54. Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.
1914 ж. Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс барлық халықтарға, оның ішінде Казақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне 1914-1916 жж. Түркістан өлкесінен 2039 мың тонна мақта, 300 мың пүт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынды. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу обылысынан майдан қажетіне жіберілген мал мен оның өнімдерінің қүны 34 млн. сомға жетті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Соғыс елдегі жалпы-үлттық дағдарыстың пісіп-жетілуін тездетті. Оның айқын керінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын қамтыған 1916 ж. үлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның тыл жумыстарына Қазақстанның Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі "бүратаналық" еркектерді шақыру женіндегі жарлығы тікелей себеп болды. Кетерілісті Торғай даласында Әліби Жанкелдин мен Аманкелді Иманов, Орал обылысы мен Бекей ордаларында Сейтқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Ақтебе даласында - Әділбек Майкетов, Жетісуда - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Түрар Рысқүлов жвне т.б. басқарды. Сотсыз және тергеусіз атылғандарды есептемегенде, сот үкімімен Түркістан өлкесінде 1917 ж. 1 ақпанына дейін 347 адам өлім жазасына, 163 адам каторгалық жүмыстарға, 129 адам түрмеге жабылуға кесілді. Соның салдарынан 300 мың қазақтар мен қырғыздар Қытайға қашуға межбүр болды. Ал Торғайдағы көтеріліс 1917 ж. ақпан революциясына дейін жалғасты.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол кезінде Кенесары Қасымов бастаған үлт- азаттық қозғалыстан кейін Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды.
55. ХХ ғ. басындағы қазақ мерзiмдi басылымдардың қоғамдық-саяси өмірдегі рөлi.
56. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан. «Алаш» партиясы.
1917 ж. ақпанда буржуазиялық - демократиялық революция жеңіп, патша екіметі қүлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, үлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Олар үлттық автономия қүратын, жалпы үлттық мвселелерді шешетін сәт туды деп есептеді.
1917 ж. наурыз-сәуір айларында бүкіл елдегідей, Қазақстанда да қос өкімет орнады. Уақытша екіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары қүрылып, обылыстардың басына бүрынғы патшаның шенеунікгері, сондай-ақ қазақтардың үлттық интеллигенциясының жекелеген екілдері қойылды. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша өкіметтің Торғай обылысындағы, М. Тынышбаев - Жетісу обылысындағы комиссарлары болып тағайындалды. Жер-жерде Уақытша үкіметпен қатар, екінші екімет - жүмысшы, солдат және шаруалар депутаттарының Кеңестері қүрылды. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
57. Қазан қарулы көтерiлiсiнің (1917 ж.) Қазақстанға тигізген әсері. Қазақстанда Кеңестер үкiметiнiң орнауы.
Уақытша өкіметтің халықтарға білім, жүмысшыларға 3 сағаттық жүмыс күні мен нан, шаруаларға жер, аз үлт өкілдеріне тендік бере алмауы, халықтың оның саясатына наразылығын күн сайын күшейте түсті. Осы наразылықтың нәтижесінде 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс жеңіп, саяси билік большееикгердің қолына кешті. Кэзан революциясын қазақ зиялыларының басым көпшілігі заңсыз акт деп санап, оған наразылықпен қарады. Петроградта қарулы мемлекеттік төңкеріс жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстанда да өкімет билігі Кеңестер қолына ете бастады. Қазақстанда Кеңес екіметін орнату 4 айға, 1917 ж. аяғынан 1913 ж. наурызына дейін созылды. Биліктің Кеңестер қолына көшуі өлкенің пролетарлық революцияға дайын еместігінен, әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жүмысшы табының большевикгік үйымдардың сан жағынан аз, ері елсіз болғандығынан, үлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісе түсті. Кеңес екіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевикгердің халыққа бейбітшілік, жүмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға тендік пен бостандық беруге уедесі ез септігін тигізді.
58. II Бүкiлқазақ съезi. “Алашорда” автономиясының құрылуы.
1913 ж. қаңтарда Кеңестердің III Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған ғЕңбекшілер мен қаналушы халықтар қүқықтарының Декпарациясын" қабылдап кеңестік үлт республикаларының федерациясын қүруға бағыт алып, езге үлттардың өзін-өзі билеу қүқы жоққа шығарылды. Осылайша вуелі 1913 ж. 5 қаңтарда Бүкілресейлік қүрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент Кеңесі шешімімен Қоқанд шабуылмен алынып, Түрікстан автономиясы күшпен таратылды. Оқиғалардың бүлай дамуымен иАлаш" партиясы мен оның кесемдері келісе алмады. Олар Қазан революциясынан влде қайда бүрын Қазақстанның влеуметтік-экономикалық жвне саяси дамуына сай ездерінің бағдарламасының жобасын дайындаған болатын. Он пункттен түратын жоба 1917 ж. 21 қарашада ғҚазақ" газетінде жарияланды.
Жоба 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезінде талқыланып, қазақ автономиясы - 25 мүшеден түратын Алашорда үкіметі - Уақытша Халық Кеңесі қүрылды. Жаңа қүрылған үкіметтің құрамына 15 адам, Халық Кеңесі төрағасы болып Ә.Бвкейханов бекітілді. 10 орын Қазақстанда түратын орыс жвне басқа халықтар өкілдеріне қалдырылды. Съезд қазақ милициясын қүру жоспарын жасады. Оның врбір облыс бойынша белгілі бір сандық құрамы, уездер бойынша үйрету мен жабдықтау шаралары ескерілді. Бастауыш мекгептерде ана тілінде оқыту, қазақ тілінде двріс беретін орта мектеп, университет ашу, кітапхана ашу белгіленді. Жер Алаштың мемлекеттік меншігі деп шешілді.
59. Қазақстандағы ұлттық және кеңестік автономиялар (1917-1920 жж.).
60. Қазақ АССР-нiң құрылуы. “ҚАССР еңбекшiлерiнiң құқық декларациясы”.
61. Қазақстандағы азаматтық соғысы (1918-1920 жж.). Әскери коммунизм саясаты.
Большевиктердің жер-жердегі екіметті басып алуы, алғашқы шаралары құлатылған таптардың қарсылығын туғызды. 1918 ж. наурызда Орал казакгары көтеріліп Гурьевте, Оралда Кеңес екіметін құлатып, билікті ез қолдарына алды. Мамыр-маусым айларында Антанта елдерінің айдап салуымен Чехословак корпусы жергілікті контрреволюциялық күштермен бірігіп Петропавлды, Кекшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Костанайды басып алды. Алаш Орда үкіметі Дутовпен, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен, Самарадағы Күрылтай жиналысының Комитетімен одақтасып, Кеңес екіметіне қарсы шықты. Крстанайда, Ырғызда, Семейде ақгвардияшылардың көмегімен үйретілген алаш әскери полктері көп үзамай Қызыл Армияға қарсы шайқастарға қатысты.
Оларға қарсы Кеңестердің басшылығымен Казақстан елкесінде Кьізыл Армияның үлттық әскери белімдері қүрыла бастады. Осының салдарынан азамат соғысы жылдары біртұтас қазақ халқының екіге жарылуына тура келді. Бірте-бірте ақгвардияшылар басып алған жерлерде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері етек алды. 1919 ж. жазында қызу шайқастардың барысында Колчак армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түрікістанға қарай шегінді. Колчакгың "Оңтүстік армиясы" Түрікістан майданының Кызыл ескер белімдерінен тамыз айының екінші жартысында жеңілді. Солтүстік -шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына алып келді. Енді Түрікстан майданының ескер бөлімдері солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мүндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік еперді. Қазақстандағы азамат соғысының ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы 1920 ж. наурызда жойылды.