Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
только тексты каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
42.32 Кб
Скачать

1 өмірбаян Өмірбаян – жеке адамның өмір жолын хронологиялық тәртіппен қысқаша көрсететін ресми құжат. Өмірбаянда келтірілетін мәліметтер мынадай тәртіппен жазылады:1. Құжаттың аты (өмірбаян);2.  Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері;3.Ұлты;4. Білімі, оқыған орындары;5.Қоғамдық-саяси қызметі;6.Отбасы жағдайы, ата-анасы, туған-туыстары;7.Қазіргі жұмысы, мекенжайы. Мен, Сүлейменова Ақжарқын Қалдыбекқызы, 1977 жылы 5 қарашада Алматы облысы Іле ауданында тудым. Ұлтым – қазақ. 1984-1994 жылдар аралығында Іле орта мектебінде оқыдым. 1994 жылы Алматы мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетіне оқуға түстім. 1999 жылы университетті «Ағылшын және неміс тілдері оқытушысы» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолымды «Әділет» жоғары құқық мектебінің шетел тілдері кафедрасында оқытушы болып бастадым. 2001 жылы Халық банкіне ауыстым. Қазір осы банкте аудармашы болып қызмет етемін. Отбасым бар: жұбайым – Сүлейменов Қанат Асанұлы, 1976 жылғы, «Дәуір» ЖШС-нің бас редакторы; ұлым – Сүлейменов Талғат, 2001 жылғы. Әскери қызметке міндетті емеспін. Қосымша мәліметтер: компьютерде    Windows 98, Word, Excel, internet программаларымен жұмыс істей аламын, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізе аламын, аздап түрікше сөйлеймін.

2түйіндеме АСЫЛБЕКОВА ШОЛПАН САҒАТҚЫЗЫ Туған жылы:                                     15.02.1969Ұлты:қазақ Жынысы: әйел Отбасы жағдайы: тұрмыста Азаматтығы: Қазақстан Республикасы Білімі: жоғары 1992-1995 жж. Әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар факультеті; 1984-1991 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,     заң факультеті. Кәсіби тәжірибесі:1996-2001жж.«Сенім»нотариалдықке ңсесі, кеңесші-заңгер (Алматы қаласы) 1994-1996жж. «Саяхат» туристік фирмасы,  кеңесші-заңгер (Алматы қаласы) . Тілдік дағдылары: қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін, ағылшын  тілі - өте жақсы                            Компьютерлі сауаттылығы:           Windows 98, Word, Excel, internet Жеке қасиеттері:  ұстамдылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық   қабілет т.б.  Қосымша ақпараттар: «Life» адвокаттық кеңсесінің сертификаты, (Лондон қ., 1998) Қызығушылығы:                            БАҚ, жарнама, спорт, саяхат.

3-4 функционалдық стильдер, тілдік норма Тіл қоғамдағы түрлі қарым-қатынасты жүзеге асырудың құралы ретінде қызмет етеді де, белгілі бір салаға бейімделеді. Сол салада жиі қолданылатын сөздердің сөздігі, арнаулы сөз құрылымдары, мәтін құрудың негізгі принциптері түзіледі. Әдетте қоғамдағы мұндай саланың бес түрі бар. Осы салалардағы қарым-қатынас әдеби тілдің бес түрлі стильдік тармақтары арқылы жүзеге асады: - ғылым, білім, оқу-ағарту саласы – ғылыми стиль; - құқықтық сала, заңнама т.б. – ресми іс қағаздар стилі;- көркем өнер саласы – көркем әдебиет стилі;- қоғамдық саяси сала – публицистикалық стиль;- тұрмыстық қатынас саласы – сөйлеу тілі стилі. Адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың түрі көп болғанмен, негізінен олар екі үлкен салаға бөлінеді: а) қарым-қатынастың бейресми түрі; б) қарым-қатынастың ресми түрі. Қарым-қатынастың бейресми түрі сөйлеу тілі арқылы, ал ресми түрі кітаби тіл арқылы жүзеге асады. Өз кезегінде сөйлеу тілі тұрмыстық сөйлеу тілі және қарапайым сөйлеу тілі болып бөлінеді.Ал кітаби тілге а) ресми іс қағаздар стилі; б) ғылыми стиль; в) көркем әдебиет стилі; г) публицистикалық стиль жатады. Қазіргі тіл білімінде бұл функционалдық стиль деген  жалпы  атпен аталады. Функционалдық сөзі стильдердің қай салада қандай мақсатпен жұмсалатындығын білдіреді. Функционалдық стильдердің негізгі белгілерінің бірі олардың әрқайсысына тән, жылдар бойы қалыптасу, даму нәтижесінде пайда болған дайын тілдік бірліктердің, стандарттардың болуы. Функционалдық стильдер нормасы – оның негізгі сипат белгілерінің бірі. Тілдік норма тілдің барлық стильдік тармақтарына бірдей және міндетті. Тілдік норма – тілдің өзі ұсынған тәртіп. Яғни тілдің дұрыс айтылу, дұрыс жазылу, дұрыс қолданылу нормалары болады. Бүгінгі тіл мәдениеті – айтуда да, жазуда да дұрыстықтың, сауаттылықтың, жүйеліліктің, қолайлылықтың болуы. «Тіл мәдениетінің өзегі – норма туралы ұғым» дейді академик  Р.Сыздықова. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамның әлеуметтік, саяси өмірі, яғни экстралингвистикалық факторлар үлкен рөл атқарады. Әр функционалдық стиль  - өз тақырыбы, өз жанры, өз лексикасы мен фразеологиясы бар әдеби тілдің ықпалды бір саласы. Іс қағаз жанрларының төмендегідей негізгі ерекшеліктері бар: а) ресми сипаты; б) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі; в) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы; г) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі, д) шешілетін мәселе ауқымының шектеулі болуы; е) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы; ж) құрылым тұрақтылығы т.б. Қай мамандық иесі болмасын  сөйлеу мәдениетін жақсы меңгерсе, яғни тілдің дыбыстық жүйесін, сөздің мағыналық қырларын, тұлғалық құрылымдарын, сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін, тілдің стильдік құралдарын әдеби тілдің нормаларына  сай қолдана алса, оның сөзі өтімді болады.

5 іс қағаздар стилінде стандарт тілдік бірліктер Стандарт тілдік бірліктерді ақпараттық, қажеттілік сипаты бар коммуникативтік мақсатқа сай қолданылатын дайын тілдік формула ретінде тануға болады. Оның ұтымды жағы: а) қолданысқа дайын; б) үнемді; в) үйреншікті. Іс қағаздарында жиі қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді формасына қарай стандарт сөздер, стандарт сөз тіркестері, стандарт құрылымдар, стандарт  сөйлемдер және стандарт мәтіндер деп топтастыруға болады. Іс қағаздар тіліндегі стандарт сөздерге ең алдымен іс қағаздарының атаулары жатады: анықтама, аңдатпа, куәлік, бұйрық, жарғы, жарлық, жолдама, заң, ұсыныс, үзінді, хаттама, өкім, өмірбаян, түйіндеме, тізімдеме, қаулы, қарар, ереже, нұсқау, жоспар, пікір, тапсырыс, бағдарлама, өтініш, арыз, төлқұжат, хат, сенімхат, қолхат, түсініктеме, мәлімдеме, мінездеме, сауалнама, хабарлама, хабарландыру, баяндама, акт, шарт, келісім, шешім, келісім т.б.Іс қағаздарының бірқатары мәтінінің белгілі бөлігі алдын-ала дайындалып, тек қажетті бөлігі ғана толтырылатын сипатта болады. Мұндай құжаттарда негізінен атау тұлғада келетін стандарт сөздер қолданылады. Мысалы: аты-жөні, ұлты, азаматтығы, лауазымы, мекенжайы, қолы т.б. Бекітілсін, орындалсын, шешілсін, рұқсат етілсін, босатылсын, тағайындалсын, тексерілсін т.б. бұйрық рай тұлғалы стандарт сөздер жеке тұрып та, тіркес түрінде де іс қағаз мәтіндерінде жиі қолданылады.Етістікті сөз тіркестерінде шешуші рөлді етістік атқарады. Мысалы, анықтама алу, анықтаманы көрсету, айып төлеу, өтініш жазу, баяндама жасау, кезектен тыс демалыс беру, маман даярлау, жарғы қабылдау, жоспар жасау, жобаны талқылау, заң талаптарын орындау, заң талаптарын жүзеге асыру т.б.Мына құрылымдарды еске сақтаңыздар. Іс қағаздар тіліне тән негізгі ерекшелік  - құжат мәтінінде қолданылатын сөйлемдердің белгілі бір бөлігінің немесе толық құрылымының стандартқа айналуы. Мысалы: Айтылған мәселеге байланысты шара қолданып, нәтижесін хабарлауыңызды сұраймын. Қажетті мәліметтерді жіберуіңізді сұраймын.

6 бұйрық Бұйрық-кәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрық - кәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, жою, қайта құру; кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есептеу, жабдықтау, өнімді өткізу, сондай-ақ қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық кәсіпорынның барлық қызмекерлері үшін міндетті.

Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті бойынша № 9 Бұйрық Алматы қаласы                             21.05.2005 ж.

Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмаған студенттер туралы

Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмағандарына байланысты БҰЙЫРАМЫН: Мына студенттер институттан шығарылсын: 1. Семенов В.В. 2. Нефедов К.И. 3. Жетенов Т.М. Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және     мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы, профессор                                                                      М.М.Аршидинов  хатшы                                                     З.Садырова

7 өтініш Өтініш –  белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын жүзеге асыруды өтініп жазатын  ресми құжат.

АЭжБИ ректоры, проф.Ғ.Ж.Дәукеевке

қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Д.М.Арыстанғалиевадан

ӨТІНІШ 2009 жылғы шілде айының 5-інен бастап  осы жылғы кезекті еңбек демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.

Д.Арыстангалиева 2009 жыл, маусымның 5-і

8 щақыру хат Шақырухат клиенттерді, қызметкерлерді, басқа кәсіпорын басшыларын немесе қызметкерлерін кеңестерге, салтанатты жиналыстарға, көрмелерге, тұсаукесер және т.б. шараларға шақыру мақсатымен жазылады. құрметті -----! Сізді 2006 13-14 қарашасында өтетін «Қазақ тілін оқытудың көпдеңгейлік бірыңғай стандарттық жүйесін құру мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинар 2006 жылдың 13 қарашасында сағат 10,00 да Евразия гуманитарлық институтының мәжіліс залында басталады.

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Мемелкеттік тілді жеделдетіп оқыту республикалық орталығы.

9 алғыс хат Алматы энергетика және       байланыс институтының орыс және қазақ тілдері кафедрасының аға оқытушысы  М.Қ.Нұрмахановаға

Құрметті Маржан Қалжанқызы! «DUCAT» компаниясы, Алматы энергетика және байланыс институты және Алматы қаласының Әкімі жанындағы білім, ғылым және мәдениет комитеті Сізге «Қазақстан телекоммуникациясының болашағы» жобасын жүзеге асыруда және Алматы қаласында Республикалық телекоммуникациялық олимпиаданы өткізуде көрсеткен баға жеткісіз көмегіңіз үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

10 шешендік өнер туралы Шешендік өнер Риторика сөзі грек тілінен келген. Оның синонимдері ретінде латын тіліндегі айтылуы шешендік өнер (ораторское искусство), ал орыс тілінде ділмарлық (красноречие) болып табылады. Риторика – сендіру өнері. Шешендік өнер өзінің көпжылдық даму тарихында қоғам өмірінің әртүрлі аясында (рухани, идеологиялық, әлеуметтік-саяси) пайдаланылды. Шешендік өнердің түрлерін былайша топтастыруға болады: Әлеуметтік-саяси: әлеуметтік-саяси және саяси-экономикалық тақырыптағы баяндамалар, есеп беру баяндамасы, саясат тілі (политическая речь), саяси шолу, митингтегі сөз, үгітші сөзі; Академиялық – ЖОО-дағы лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама; Сот кезіндегі ділмарлық (судебное красноречие) – прокурордың (айыптау) сөзі, қоғамдық айыптаушылардың сөзі, адвокаттың (қорғайтын) сөзі, айыпталушының өзін қорғап сөйлеген сөзі; Әлеуметтік-саяси – мерейтойдағы сөз, стөл үстіндегі сөз (тост), еске алу кезіндегі сөз (поминальное надгробное) сөз; Діни бағыттағы ділмарлық – уағыз айту (проповедь); Әскери ділмарлық – бұйрық беру, нұсқау беру, әскери-саяси тақырыпта сөйлеу, шабыттандыратын сөз (воодущевляющая речь);Саудадағы ділмарлық – жарнамалау;Диалог кезіндегі ділмарлық – айтыс-тартыс (спор), айтыс, пікірталас (диспут), пікірсайыс (дискуссия), әңгіме, іскерллік жиналыс, сұхбат, баспасөз конференциясы, іскерлік ойын, «дөңгелек стөл», сұрақ-жауап кеші. Шешендік өнердің машығына (навыкам) төмендегілер жатады: *әдебиеттерді іріктеу, * іріктелген әдебиеттерді оқып білу * жоспар құру,* сөйлейтін сөзінің мәтінін жазу,* аудитория алдында өзін-өзі ұстау (самообладания);* уақытты бағдарлау (ориентация во времени). Келтірілген дағдылар қалыптасқаннан кейін көпшілік алдында сөйлейтін шешеннің бойында ептілік, шеберлік сияқты қасиеттер пайда болады. Ділмар төмендегі нәрселерді істей білуі керек: * сөйлейтін сөзін өздігінен дайындау, * материалды жеткізе, сендіре баяндау (доходчиво, убедительно),* тыңдаушылар сұрағына жауап беру, * аудиториямен байланыс орнату, * техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды пайдалану т.б. Сөйлеген сөздің құрылымы бәрінен бұрын метериалды жеткізу әдісіне байланысты. Олар: Индуктивті әдіс – материалды жалқыдан жалпыға қарай баяндау.Дедуктивті әдіс – материалды жалпыдан жалқыға қарай баяндау. Аналогия әдісі – әртүрлі құбылыстар, жағдайлар, деректерді салыстыру.Шоғырландыру әдісі – материалды негізгі мәселенің төңірегінде жайғастыру. Сатылы әдіс – бір мәселені бірінен кейін бірін ретімен баяндау. Тарихи әдіс – материалды уақыт ағысымен хронологиялық тәртіпте баяндау

11 монолог Монолог – бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы , саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады. Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады. Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек: 1) тыңдаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.2) білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды. 3) сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын.4) сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың  қимылдарын қатыстыруға болады. 5) екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады. 6) айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. 7) айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек. Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға оңай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз алтын, көп сөз – көмір» дегендей, аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек. 8) «Жүйелі сөз жөнін табады» дегендей, сөйлейтін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз байланысты желіге құрылады.

12 техникалық сипаттама Алматы – Бішкек әуе желісінің техникалық сипаттамасы Кернеу 500 кВЖелінің аты   Алматы – Бішкек Ұзындығы, км 300Аралықтың орташа ұзындығы, м   300Фазаның құрылмасы 3хАС330/43 шеткі 3хАС400/51 ортаңғы Арқансым 2хТК11,0 Оқшаулағыш 1х28 ПС120Б1х25 ПС160В 1х24 ПС 120 Б  Аралық тіректер түрі                                ПБ 500-5Н ПБ-4 ПБ-4У Анкерлік бұрыштың тіректері   У-2УХ-2у Климат жағдайлары    С=10,15,20 мм

13 презентация Қазіргі уақытта көпшілік алдында сөйлеудің презентация деп аталатын формасы бөлініп шықты. Презентацияның екі ерекше айырмашылығын айтуға болады: * көрнекі құралдардың кеңінен қолданылуы; * презентация көбінесе бірнеше адамның бірлескен әрекетінің нәтижесі. Өнеркәсіп пен сауда-саттық жаңа немесе әлеуетті клиентке бағытталған жағдайда көпшілік алдында сөйлеудің осы түрі басым рөл атқарады. Осыған қарамастан, көпшілік алдында сөйлеудің басқа формалары бойынша сөзіңіз ұтымды болу үшін белгілі бір ұстанымдарды (принципы) қолдануға тура келеді. Оған мыналарды жатқызуға болады: сөйлеудің анықтығы, қарапайымдығы, қабылдауға жеңілдігі, қысқалығы, орындылығы, табиғилығы. Сондай-ақ шешеннің бойында сергектік, белсенділік, ынталылық, жігерлілік, күш-қуат, жарқырап көріну мен жандандырып жіберетін қасиеттер болуы шарт. Презентация тыңдаушыларын қызықтыруы үшін алдымен жоспар құрылады. Кез келген презентация өзін таныстырудан басталады. Баяндаманың тезисі әзірленеді. Адамның не айтатыны емес, қалай айтатыны маңызды. Мәселенің түп төркінін тыңдаушылар дұрыс түсіну үшін басты идеяларды бірнеше рет қайталау керек. Слайдтар айтылатын әңгіменің әшекейлері (иллюстрация) ғана. Қызықты презентация бәрінен бұрын әңгімені қызықты етіп жеткізу, бет-әлпет пен интонацияның үйлесімділігі. Әңгіменің арасында аздаған әзіл қосқан да артық болмайды. Тыңдаушылар соңғы шешімдерін презентацияның соңында қабылдайтындықтан, оның ұтымды аяқталуын ойластырған жөн. Яғни негізгі мәселелерді естеріне түсіріп, оң шешім қабылдауларына ықпал ету керек. Презентация кезінде бұлардан басқа киім кию мәдениеті де, жүріс-тұрысы да (поза), сөйлеу мәдениеті де ескеріледі.

14 телефонмен сөйлесу этикасы Телефонмен сөйлесудің мынадай артықшылықтары бар: - шұғыл екіжақты байланыс;- уақыттан ұту;-еңбек және қаржы шығындарын үнемдеу;-байланыстың үзілмеуі (әсіресе автожауапбергіш болған жағдайда) т.б. Телефонмен сөйлесудің бірқатар этикалық талаптары болады, олардың кейбіреуі мыналар:-іскерлік әңгімелер қызметтік телефон арқылы жүргізіледі;- әңгімелесушілер өздерін таныстырады;-пәтерге сағат 22-ден кейін және 9-дан ерте телефон соғу этикетті бұзғандық болып саналады;-егер танымайтын адамдарға телефон соқсаңыз, телефон шалуыңыздың   себебін және телефон нөмірін кім бергенін айтуыңыз қажет; - этикет бойынша телефонмен сөйлесу 5 минуттан аспауы керек,-телефон тұтқасын 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеру керек; -сіздің қоңырауыңызға 15 секунд бойы жауап бермесе, тұтқаны қойыңыз,-  әңгімені бастаған адам аяқтауы керек. Телефонмен сөйлесудің мынадай мақсаттары болуы мүмкін: Ақпарат алмасу, мәлімет жинау, кездесу туралы келісу, тапсырыс беру, құттықтау, этикеттік сипаттағы қатынастарды жоғалтпау т.б. «Телефон күніне» даярлану барысында өз қолыңызға анықтамаларды, қажетті деректерді, лауазымды адамдардың тізімдері мен олардың телефон нөмірлерін жинақтап алуыңыз қажет:-   телефондық шақырудың мүмкін типтерін бағамдап алыңыз: тұтынушы / клиент; жеке тұлға / кәсіпорын; бастық / бағынышты т.б. -тақырыптарды болжамдап алыңыз: анықтама беру, кездесу туралы келісу, түсінік беру т.б. -   ойыңызша мүмкін сценарийлерді «ойнап шығыңыз»: контактіге ену – сәлемдесу, сөйлесушімен танысу - әңгіменің мақсатын анықтау - мәселені талқылау - әңгімені түйіндеу – қорытындылаушы этикет формулалары – қоштасу. Іскери телефондық әңгімелесудің негізгі уақыттық өлшемдері шамамен мынадай болады: 1.     Екіжақты танысу (20 + 5 сек.) 2.     Әңгімелесушіге шаруаның мәнісін түсіндіру (40 + 5 сек.). 3.     Жағдаятты талқылау (100 + 5 сек.). 4.     Қорытынды шығару (20 + 5 сек.). Телефон тұтқасын, лажы болса, 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеріңіз.  Алғашқы сөзіңізден бастап өзіңіздің әңгімені адал, тілектестік  ниетте және нәтижелі жүргізуге құлықты екеніңізді сездіруге тырысыңыз. Өзін таныстыру міндетті болып табылады. Мысалы: «ЭЭФ деканаты, қайырлы   күн». Немесе «Ректордың хатшысы Дүйсекова, сәлеметсіз бе» т.б. Егер абонент өзін таныстырмаса, сіз өзіңізге қажет мәліметтерді біліп  алу үшін мынадай сұрақтар қоюыңызға болады: Кешіріңіз, мен кіммен   сөйлесіп тұрмын?     Рақым етіңіз,  өз атыңызды айтып жіберіңізші және т.б. Әңгімені бастаушы жауап болған соң міндетті түрде өзін таныстыруы керек. Мысалы: Қайырлы күн, менің аты-жөнім Тұрсынов Аманжол Бақытұлы, мен сіздермен ... туралы келісейін деп едім. Осылайша абонент әңгіменің мақсатын таратып түсіндіруі қажет және өз сұрақтарын қысқа да нақты жауаптар талап етілетіндей етіп қоя білуі керек.   Телефонмен сөйлесу барысында сөз мынадай болуы керек: -    жинақы; -    ақпаратқа қанық;-жаргон, вульгаризмдерсіз;- мүмкіндігінше жалпыға түсініксіз терминдер мен шетел сөздерін қолданбау;-    агрессиялық фразаларды қолданбау («Немене сіз, түсінбейсіз бе!», «Мен сізге әлі дәлелдеймін!»); - Үзілді-кесілді келіспеушілік сезілмеуі керек («Жоқ!», «Мен мұнымен ешқашан келіспеймін!», «Бұлай болмайды!»);-Нәтижелі әрі достық қарым-қатынас жағдайында Әңгіменің соңында шешім қабылдануы керек. Сондықтан тараптардың біреуі бір шешімді ұсынуы қажет, егер ол қабылданып жатса, екі жақ та өз келісімдерін анық білдіруі керек. Мысалы, «Сонымен біз келісімшартты егжей-тегжейлі талқылау үшін кездесетін болып келістік. Ол үшін ертең сағат 10-да біздің офисте кездесеміз». – «Келістік». Қорытынды кезеңнің мақсаты әңгімені әңгімелесушіде өзіңіз жайлы жақсы пікір қалдыру және сізбен қайта сөйлескісі немесе кездескісі келетіндей етіп бітіру болып табылады. Қоштасарда мынадай фразаларды қолдануға болады: «Сізбен сөйлескеніме қуаныштымын», «Біздің ұсынысымызды қолдағаныңыз үшін көп рахмет!» Телефонмен сөйлескен кезде адамның аты-жөні, жер атаулары, сан есімдер кездессе, оларды буынға бөліп, тіпті жеке әріптері бойынша  айту қажет. Сөйлесу нәтижелі болсын десеңіз, оны мына сұрақтар бойынша қадағалап отырыңыз: Сіз мені қалай естіп тұрсыз? Қайталап жібермес пе екенсіз? Кешіріңіз, өте нашар естіліп тұр.

15 іскерлік хат жазысу Хат – эпистолярлық қарым-қатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдаяттарға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы жағынан хаттың бірнеше түрі болады.Іскерлік хат жазысу – іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчестволық қабілетіне де байланысты болады. Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі – оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемін 1-1,5 беттен асырмаңыз. екінші талап – хаттың анық және айқын жазылуы. Іскерлік хатта түсініксіз  сөздерді қолданбау – оған қойылатын үшінші талап. Сол сияқты іскерлік хаттарда стильді тым «түрлі-түсті» етіп жіберетін басы артық сын есімдер қолданылмағаны жөн. Осылайша стандартты түрде жазылатынына қарамастан, адресант үшін оны творчестволықпен жазуына мол мүмкіндік бар. Ол үшін адресаттың нені ұнататынын, немен айналысатынын біліп алудың артықтығы жоқ. Орнымен әзілді де қосып жіберуге болады, әдетте мұндай хаттар тез оқылады әрі есте ұзақ сақталады. Қазіргі кезде іскерлік хат жазысуда «мен» жіктеу есімдігі қолданылмайды, «Мен сұраймын» дегеннің орнына тек «сұраймын» деп қолданылады, сондай-ақ «Мен орындадым» дегеннің орнына «Орындалды» деп қолданылады. Іскерлік хат жазысу түрлері: - сауда-саттыққа байланысты келісімдер ;- алғыс хаттар:- құттықтаулар;- кешірім сұрау;- талаптар;- көңіл айту.Іскерлік хат жазысуда қолданылатын тәсілдер көп, біз неғұрлым жиі кездесетін жалпы мәселелерді бөліп көрейік:Әлуетті клиентке не қажет?Негізгі мазалайтын ойлары қандай болуы мүмкін?Оны қандай жағдайлар күмәндандырады?Қаржы мәселесін қалай шешкісі келеді?Тағы бір ескеретін нәрсе: хат мәтіні мына сұлба бойынша түзілуі керек: назар – қызығушылық - өтініш – іс-әрекет. Назар аудару:                     Қадірлі           ------------------------------------ Біз  сізге бір өте маңызды нәрсе жайлы хабарлағымыз  келеді Қызығушылық:     Біз Сізге өміріңізді түпкілікті өзгертетін нәрсені  ұсынамыз.Өтініш:                   Бізге осы игілікті, патриоттық іске өз үлесін қосуға даяр адамдардың көмегі қажет. Іс-әрекет:              Біз сіздерді мыңдаған мейірімді адамдар қатарына қосылуға шақырамыз. Мақсатына қарай хаттың бірнеше түрі бар:-баяндау мазмұнындағы хат (хабарламахат, өмір, қызмет, оқу туралы хат); -  әсер ету мазмұнындағы хат (шақырухат, өтінішхат, талапхат, сауалхат, кеңесхат, ескертухат);-эмоционалды-бағалау мазмұнындағы хат (арызхат, көңіл айту хаты, мақұлдаухат);- этикет мазмұнындағы хат (құттықтаухат, алғысхат, кешірімхат, байланыс орнату хаты). Іскери хаттың нақты құрылымы болады: басталуы, негізгі мазмұны және соңы. Хаттың басталуында хатты жазған ұйымның атауы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі.  Хаттың негізгі мазмұнында әдетте, осыған байланысты, осыған орай, сол себепті, біздің ойымызша,мүмкіндік болса,Сіздің атыңызға, Сіз басқарып отырған мекеме сияқты орамдар қолданылады. Хаттың соңында хат жазушы адамның лауазымы, хат жазылған айы, күні, жылы көрсетіледі, лауазымды адамның қолы қойылады.

16 Ілеспе хат

Қазақтық мемлекеттік ғылыми –техникалық ақпарат жөніндегі ғылыми зерттеу институтының директорына

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіндегі филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14,05,04 диссертациялық кеңес 10,02,02 –қазақ тілі мамандық бойынша Оспанова Өміргүл Ақанқызының – «қазақ тіліндегі көсемешенің мағынасы мен қызметінің дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысын және авторефератының ә данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмнен өткізу үшін жіберіп отыр. Диссертацияның қорғалған күні 10 наурыз 1999жылы.

Диссертация кеңес

Төрайымы, филология ғылымының докторы , профессор Ахметова

17 хабарлама хат Хабарламахат – қызметтік хаттардың бір түрі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі.

Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 7-үй, 15-пәтерде тұратын А.Жақыпұлына

Хабарлама хат 2003 жылғы 14 қазанда жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2004 жылдың 15 мамырына дейінгі сіздің қарызыңыздың көлемі 120 000 (жүз жиырма мың) теңге. Егер осы жылдың 15 шілдесіне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз. Сондай-ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз. «Астанаэнерго» ААҚ рпезидентінің орынбасары  Ж.Бақтыгереев. 2004 жылғы 20 мамыр.

18 жарнама 1)     «Жарнама – спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге арналған  басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі. (ҚСЭ. 4т.) 2)     жарнама дегеніміз – белгілі бір фирма, тауар, оның сапасы  немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың жариялануы.Жарнамалар БАҚ арқылы беріледі, сондай-ақ сыртта ілінетін жарнама, көліктердегі жарнама, сауда орындарындағы жарнама, мәдени және спорт шараларын өткізу кезінде берілетін жарнамалар болады.  Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі бір шарты – жарнама мәтіндері тілінің көркемдік әсерін мейлінше жақсарту. Бұл іс жарнама ұйымдастыру мәселесін дұрыс жолға қоюмен қатар жүруі тиіс. Нарық экономикасы мен өндіріс түрлерінің дамуы нәтижесінде жарнаманың жаңа түрлері мен формалары пайда болуда. Қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы қазір мемлекет тарапынан ресми қолдау  табады. Жарнама мәтінінде сөз ерекше қызмет атқарады, демек, « сөз – күллі фактінің киімі». Жарнаманың әсерлілігі тұтынушының жарнамаланған зат туралы анық түсініктеме алуына байланысты. Жарнамалық стиль «көпқабатты». Мұнда публицистикалық, ғылыми, кейде сөйлеу және іс қағаздар стилі де кездеседі. Мамандарға арналған жарнамалар ғылыми немесе іс қағаздар стилінде, ал халық шаруашылығы тауарларын жарнамалағандағы  мәтін сөйлеу стилінде құрастырылады. Жарнама тілінің басты ерекшелігі - әдеби тілді ерекше жағдайлардағы нақты мәселелерді шешу құралы ретінде қолдану. Жарнамалар арқылы тұтынушылардың сол тауарларға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді талғап, орынды жұмсау керек.

19 диалог туралы Диалог өзара қарым-қатынас негізінде ілікпе сөз арқылы жүзеге асатын үдеріс. Бұлай сөз алмасу ретті түрде белгілі бір ережелер арқылы, тіпті заңмен де белгіленеді. Диалог жүргізудің жалпы ережелері мынадай: сұраққа жауап беру, бұйрық берілсе оған іспен немесе сөзбен жауап қайтару. Ал баяндау әңгімелесу жолымен жауап қайтаруды немесе ықыласты тыңдаушы болуды талап етеді. Диалогтың басқа да барлық ережелері бойынша жалпы және белгілі бір қызмет аясында, жеке басқару аясында қолданылатын арнайы тілдік этикет қалыптасқан. Диалог тұрмыстық және іскерлік деп екіге бөлінеді. Қарапайым диалог пен іскерлік диалогтың әлеуметтік жағынан, болжамдылығы (предсказуемость), мақсаты, тақырыбы, құрылысы, сөз саптауы (стилі) бойынша айтарлықтай айырмашылықтары бар.Тұрмыстық диалогтың өз ерекшеліктері бар. Оның тақырыбы және мақсаты әртүрлі: бір нәрсе жөнінде сұрау, жауап алу, этикалық қатынастарды жоғалтпау, ақылдасу, көңіл көтеру, уақыт өткізу т.б... Іскерлік диалог жүргізу алдын-ала дайындықты, ұтымды ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Яғни пікірталастың өтетін орны, уақыты, тақырыбы, мақсаты, мәселені талқылау үдерісі және жүйелі басқару қимылдары ойластырылады. Диалог дайындық, мәселенің мән-жайын түсіндіру, талқылау, қорытынды шығарып шешім қабылдау сияқы кезеңдерден тұрады. Диалог жүргізудің жалпы ережелері. Әріптесіңіз сізді дұрыс түсіну үшін өз ойыңды анық жеткізе білу лазым (следует). Алғашқы сәттен негізгі мәселеге көшпей тұрып серіктесіңіздің хал-жағдайын біліңіз, мемлекеттік істері жөнінде сөз қозғағаныңыз жөн. Содан соң өз ойыңызды қысқаша (тезисно) жеткізіңіз. Екі адамның сөзі мен үнсіздігі кезек алмасып отыруы керек. Өзіңіздің бет-әлпетіңіздің өзгерісі (мимика) мен интонацияңызды қадағалап отырыңыз. Әңгіме барысында серіктесіңізбен келіскен, теріске шығарған немесе қарсылық білдірілген жағдайларда да эмоцияңызды тежеп ұстаған жөн. Жауап күткен кезде серіктесіңізді асықтырмай, оның реакциясын мұқият қадағалаңыз. Жауапты мәселені өздігіңізден шеше алмайтын болсаңыз да, әлсіздік танытуға болмайды. Шешім қабылдай алатын дербес адам болып көрінуге тырысқан жөн. Іскерлік әңгіме аяқталған кезде сөзді ауа райы, саясат немесе әрніптесіңіздің жеке өміріне бұрыңыз. Диалог жүргізу кезінде жеңіске жету стратегиясы мен келісімге келу стратегиясы қолданылады. Жеңіске жету стратегиясы серіктесті тұқырту (подавления) есебінен жүргізіледі. Бұл кезде іскерлік қатынас күткен нәтиже әкелетінін біліп, өте мұқият болу керек. Аяқ астынан іс насырға да шабуы мүмкін. Сондықтан көп жағдайда серіктестер өзара түсіністікпен келісімге келу жолымен табысқа жетуді көздейді. Диалог барысында серіктестер арасында төмендегідей сұрақтардың түрлері қолданылады:* жабық сұрақтар («иә» немесе «жоқ» деген жауап күтіледі);

* ашық сұрақтар (кең түрдегі түсінік беретін жауаптар); * риторикалық сұрақтар (мақсат – жаңа сұрақтар туындатып, шешілмеген мәселелерге назар аударту); * өзгеріс әкелетін (переломные) сұрақтар (әңгіме барысын қатаң ұстау немесе жаңа мәселелерге күрт көшу); *ойландыратын сұрақтар (мақсат – әңгімелесушілер арасында өзара түсіністік қалыптастыру).

20 дөңгелек үстел өткізу Жиналысқа іскерлік қатынастың жанры ретінде бір мәселені талқылауға арналған «дөңгелек үстел» де жатады. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты – салыстырмалы түрде талқыланатын мәселелер мен талас тудыратын жайлар туралы мұраттар (идея) мен пікірлерді анықтау. Осымен бірге «дөңгелек үстел» қарым-қатынастың демократиялық формасы болып табылады. Бұл арада барлық қатысушылар және олардың ұстанымдары (позиция) теңдей және пікірталасқа түсушілердің ешқайсысы басқалардан өзін артық ұстамайды. Нәтижесінде мұндай талқылауда ешкімге міндеттеме жүктелмейді, тек қатысушылардың бірыңғай ұстанымдары анықталады. Талқылауға қатысушылардың негізгі сөздері мынадай болуы мүмкін:Мен мәселенің мына бір жағына назар аударған жөн дер едім..,Менің ойымша, бұл мәселе әлдеқайда тереңде жатыр..,Бізге басқа жол таңдаған дұрыс деп ойлаймын..«Дөңгелек стөлдің» өтілу барысы жалпы жиналысты өткізу тәртібі бойынша жүргізіледі. Талқыланатын тақырып таңдалады. Ол қарама-қайшылық туғызатын ерекше болғаны жөн. Мақсаты айқындалады. Жоспар жасалады: жиналыстың құрылымы, өтілу тәртібі, талқыланатын мәселелер, күрмеуі қиын мәселеге арналған сұрақтар мен тапсырмалар, қорытындылау тәртібі.

21 іскерлік жиналыстарды өткізу Іскерлік жиналыстарды тиімді өткізу үшін дұрыс қарым-қатынас жасау өнерін меңгеру қажет. Бұл ұжым мүшелерінің өзекті және күрделі мәселелерді ұтымды шешуінің тәсілі болып табылады. Іскерлік жиналыстар көбінесе әр адамның пікірін тең дәрежеде қарастыра отырып, ұжым бойынша шешім қабылдау қажет болған жағдайда өткізіледі. Жиналыс мақсатты түрде жүргізілетін жағдайда оған мұқият дайындық қажет. Ол келесі мәселелерді қамтиды:* жиналысты өткізуге шешім қабылдау;* тақырыпты анықтап, күн тәртібін жасау;* жиналыстың міндеттерін және жалпы өткізілу ұзақтығын анықтау;* күнін және басталу уақытын анықтау; * қатысушылар құрамын анықтау;* регламентін анықтау;* баяндаманы және шешімнің жобасын дайындау;* қатысушыларды және өткізілетін жерді алдын-ала дайындау.Кез келген шұғыл жиналыс 20-30 минуттан артық болмау керек. Ал іскерлік жиналыстар 1-1,5 сағат болып белгіленеді. Ерекше жағдайларда ғана бұл межеден артуы мүмкін. Жиналыс өткізуге аптаның 2-3 күні белгіленеді. Мүмкіндігінше жиналыс өткізбейтін тұрақты екі күн (мысалы, сейсенбі, жұма) болғаны жөн. Бұл қызметкерлерге өзінің жұмыс уақытын жүйелі жоспарлауға мүмкіндік береді. Мақсатты түрде жоспардан тыс жиналыстардан аулақ болған жөн. Жиналысқа қатысушыларды алдын-ала сөздерін ойластыруы үшін оның өтілу уақытымен, күн тәртібімен, барлық қажетті материалдармен таныстыру қажет. Баяндамашы тақырыпқа байланысты мәселені жақсы білетін және сөз мәдениетін игерген қызметкер болғаны жөн. Ұтымды (рациональный) баяндама ұғымына міндетті түрде мәнді идеялар мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын сөйлемдер, әдеби тілмен жеткізілетін мақсатты, дәл, қисынды, грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған, сөйленген сөздің мәнерлі, түсінікті, эмоционалдығы жатады. Егер баяндама жақсы құрастырылса, оны көбейтіп, қатысушыларға алдын-ала таратып берілетіндей жағдай тудырылу керек. Сонда жиналысты тура баяндамашыға қойылатын сұрақтан бастауға болады. Тәртіп бойынша бұл жиналыс қысқа уақытқа созылады. Жиналыс төрағасының маңызды міндеті – қатысушылардың пікірін тыңдауды қамтамасыз ету және оны байсалдылықпен талдау (разобраться). Сөзді барлық сөйлегісі келгендерге берген жөн. Жарыссөз бұрмаланбау керек. Жиналысты өз уақытында бастау керек және қатысушыларды жұмыс тәртібімен, мысалы, сөйлеуге берілетін уақыттың шектеулілігін немесе шешім қабылдау тәртібімен таныстырады. Егер менеджер жиналысты өз кабинетінде өткізетін болса, ол бұл уақытта телефонмен келіссөз жүргізуге, келушілерді қабылдауға және өзінің хатшысын шақыруға болмайды. Жиналыс басталғаннан кейін қатысушылардың біреуіне хаттама толтыруды тапсыру керек. Жиналыс жемісті, нәтижелі өту үшін төрағалық етуші адам жиналысты ұйымдастыру техникасы мен топтық пікірталасты мәдениетті жүргізу әдісін меңгеру керек. Айтыстың терминологиясы барлық қатысушыларға түсінікті болғаны жөн. Жиналыс үстінде оппоненттің дәлелдемесін аяғына дейін мұқият тыңдап, парасатты түрде бағалау керек. Алдымен тек салмақты дәлелдемелер келтіріледі. Пікірсайыс кезінде оппоненттің көзін жеткізуге тырысу керек. Егер оппонентіңіздің дәлелдемелері айқын және анық болса, онда қарсыласпағаныңыз жөн. Ешқашанда жеткіліксіз дайындықпен айтысқа түспеген жөн. Күн ілгері талқылауға дайындалып, ең болмағанда шындық үшін күресетін жалпы жоспар жасап, ешкімге күдік туғызбайтындай салмақты, анық дәлелдемелерді таңдау керек. Әсіресе теріске шығара алмайтын нақты цифрлық деректер әсерлі болады. Әрбір іскерлік жиналыс шешім қабылдаумен аяқталу керек. Төрағаның міндеттері. Б і р і н ш і к е з е ң – байланыс орнату. Жиналысты бастаған сәтте сіздің басты міндетіңіз – барлық қатысушыларға психологиялық жайлылық туғызу. Қатысушыларға ынта-ықыласыңызды оларға көзқараспен білдіріңіз. Жиналысты бастай отырып, күн тәртібін және кездесу мақсатын баяндаңыз. Бұл жерде сіздің өз көзқарасыңызды білдіре алатын көшбасшылық машығыңыз көріну керек. Жиналысты өткізудің жүйелі жүргізілу тәртібі – жеңіске жетудің бірден-бір шарты. Қатысушыларға алдымен қандай мәселені анықтайтындарын, содан соң кәсіпорынның болашақ мақсаттарын, ал одан кейін шешімдердің таңдау баламасын жасаудың мәнін айту керек. Соңында тек ұсынылғандардан қабылданатын тек бір-екі балама ғана болатынын түсіндіресіз.Е к і н ш і к е з е ң – мәселені анықтау. Сіз менеджер ретінде мәселені талқылауға дайын екеніңізді «Барлық қатысушылардың бұл мәселе жөніндегі пікірлері қандай? Бірінші кезекте қандай міндеттерді шешу қажет?» сияқты сұрақтар қою арқылы білдіре аласыз. Содан кейін қатысушылар өздерінің анықтаған мәселелерін ұсынады, сіз ары қарай пікірталасты мадақтау тәсілімен қызықты идеялар мен ұсыныстар арқылы жүргізе бересіз. Ү ш і н ш і к е з е ң – мақсатты анықтау. Бұл кезеңге мәселені анықтағаннан кейін көшуге болады. Яғни мынадай сұрақтар қоюға болады: «Біз мәселені анықтадық, ал оны шешудегі біздің негізгі мақсатымыз неде еді? Біз неге қол жеткізгіміз келеді?». Қорытындыға келе отырып, әрбір жиналысқа қатысушымен көзіңізбен байланыс жасаңыз. Олардың мәселені анықтаудағы серпілісін (реакция) сұраңыз, өз түйініңізді айтыңыз және оны толықтырып, түзетуді ұсыныңыз. Барлық қатысушылардың мәселе мен мақсатты анықтауда мәмілеге келуін қадағалаңыз. Т ө р т і н ш і к е з е ң – баламаны таңдау (выработка альтернативы). Іскерлік жиналыстардың көбі тура осы кезеңнен басталады. Жетекші тез арада өзінің мәселені анықтағанын және нені көздегенін білдіреді. Содан кейін ғана шешім қабылдауға көшуге болады. Тағы да түйінді сөзіңізді айтасыз: «Біз мәселені былай ... анықтадық... мәселенің мінсіз шешілуі ретінде біз ... көргіміз келіп еді... Мәселені ұтымды шешу үшін бізде қандай мүмкіндіктер бар?». Осылайша сіз баламаны жасауға көшесіз. Ашық сұрақ қоя отырып, қатысушыларға талқылауды жалғастыруды ұсынасыз. Әрбір кезеңде өзіңіздің ойыңызды айтуға болады. Іс жүзінде әрбір балама ойдың қорытындысын шығарып, жазып отырған дұрыс.Б е с і н ш і к е з е ң – шешім қабылдап, қатысушылардың іс-әрекетке дайындығын жасау. Егер болатын істің баламасы айқын болса, онда мынадай «сиқырлы» (фокусирующий вопрос) сұрақтар қоюға болады: «Мәселенің оңға басуы үшін қай баламасын таңдаймыз?». Мұндай сұрақ қатысушыларды шешімге келуге итермелейді. Шешім қабылданғаннан кейін нақты міндеттердің орындалуы үшін тапсырмаларды өз еріктерімен алатындарды білу керек және бөліп беру керек. Жиналысты қорытынды шығарумен аяқтау керек. «Біз қазір келістік. Барлығыңыз осыған қосыласыздар ма?» сияқты сұрақтар беріп, жұмыстың дұрыс өткендігіне көз жеткізу керек. Жиналысты белгіленген уақытта аяқтау керек. Осылайша өзіңіздің ұйымдастырушылық қабілетіңізді танытасыз.Іскерлік жиналысты жүргізуде кез келген менеджер үшін – оның соңғы қорытынды сөзі, қабылданған шешімнің тиімділігі. Сонымен бірге өтілген шараның психологиялық салдары да өте маңызды. Адамдар жиналыстан көңілі қалмай, әріптестердің біреуіне деген жек көрушілік (антипатия) сезімінсіз тарқасу қажет. Жиналыстың соңғы кезеңінде кім не істейтінін тағы айтып, жиналыстың нәтижелерін (шешімдерін) таратып беру керек. Бұл біреудің ойын байқамай немесе әдейі бұрмалап, сондай-ақ ұмытып кету немесе істің мәнін түсінбей дау туғызатын жағдайда баға жеткісіз көмекші болуы мүмкін.

22 келіссөз өткізу Келіссөздер – бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі үдеріс. Олардың әрқайсысы өзінің міндеттерімен (задачи) ерекшеленеді (отличается). Келіссөздің өтілу барысын үш кезеңге бөлуге болады: 1) келіссөз жүргізуге дайындық;2) келіссөзді жүргізу үдерісі;3) келіссөз нәтижелерін талдау және қол жеткен (достигнутых) келісімдерді орындау. Келіссөз жүргізуге дайындық. Келіссөз жүргізуге тыңғылықты дайындық – оның табысты өтуінің кепілі. Бұл кезеңде оны ұйымдастыру және мазмұны бойынша дайындық жұмыстары қарастырылады. Алдымен кездесудің орны және өтілетін уақыты белгіленеді. Келіссөздің басталуы екі жақтың шынайы мүмкіндіктеріне байланысты. Ал неше уақытқа созылатыны тіптен әртүрлі болуы мүмкін, яғни бір-екі күннен бірнеше айға дейін. Күн тәртібін анықтау – келіссөз жүргізуге дайындықтың құрамды бөлігі. Бұл кезеңде талқыланатын сұрақтар анықталып, тәртібі белгіленеді (устанавливается). Содан кейін келіссөзге қатысушылар құрамы жинақталады. Бұл жағдайда делегацияны кім бастайтыны, олардың саны мен арнайы құрамы сайланады.Дайындық кезеңінде тараптар міндетті түрде төмендегідей мәселелер қатарын шешуге тиіс: 1) тараптардың мәселелері мен қызығушылықтарын талдау;2) келісілген мүмкін баламаларды бағалау (оценка возможных альтернатив преговорному соглашению);3) келіссөз бойынша ұстанымдарды анықтау;4) мәселені шешудің әртүрлі нұсқаларын жасау;5) қажетті құжаттар мен материалдарды дайындау.Келіссөздің жүргізілуі. Тараптардың мәселені талқылауға көшкені келіссөздің басталғанын білдіреді. Екі жақтың өзара мақұлдауын талап ететін мәселелерге мыналар кіреді: * күн тәртібі; * келіссөз кезіндегі уақыттық өлшемдер;*оппоненттердің кезектесіп сөйлеуі;* қабылданатын шешімдер тәртібі.Келіссөз жүргізуде келесі мәселелерді ескерген жөн:1) тараптардың қызығушылықтары мен ұстанымдарын нақтылау; 2) мәселені шешудегі болатын нұсқаларды талқылау;3) келісімге келу жетістігі.Келіссөздің қорытынды кезеңінде қатысушыларға таңдау жасап, шешім қабылдауға тура келеді.Келісімге келу (достижение соглашения) шешім қабылдаудың үш түрлі типі негізінде мүмкін болады:* ортадағы (серединного);* ассиметриялық;* жаңа ұстаным бойынша (принципиально нового).1. Ортадағы немесе компромистік – көптеген келіссөздерге тән шешім. Тараптар екі жақты ымыраға (уступки) келеді. 2. Ассимметриялық шешімге келу – екі жақтың бірі екіншісіне жол берумен аяқталады. Бұл оппоненттердің күші басым болғанда, келіссөз талас тудырған қатынас жағдайында өткенде т.б. кездерде қолданылады.3. Тың шешімге келу (принципиально новое) – тараптардың әрқайсысының мүдделерін толық қанағаттандыратын жағдайда қабылданады. Келіссөзге қатысушылар шешім қабалдағанда мынадай нәрселерді ескеру керек: * жалпы құндылықтар, адамгершілік ұстанымдар (моральные принципы) * екі жақтың құрметтейтін салт-дәстүрлері; * заңдар, нұсқаулар, кәсіби нормалар;* сарапшылар бағасы;* прецеденттер;* бағалар.Шешімді бекіту. Көптеген келіссөздерде шешім қабылдауда консенсус және көпшілік дауыс беру әдісі қолданылады. Консенсус әдісі келіссөзге қатысушылардың барлығының қабылданған шешімге келісімге келуімен аяқталады. Егер бір адам қарсы болса, бұл шешім қабылданбайды. Сондықтан көпшілік дауыспен шешім қабылдау әлдеқайда тиімді болып табылады. Келіссөз табыспен аяқталған жағдайда шешімдер ресми дәрежесіне байланысты құжат бойынша бекітіледі немесе ауызша келісіммен шектеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]