Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Пред.пр. каз.очн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
615.94 Кб
Скачать

2 Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.

Құқықтық реттеудің әдісі – құқықтың қоғамдық қатынастарға нормативтік әсер етуін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен тәсілдердің жүйесі, олар қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау арқылы осылардың әрекет ету ережелерін белгілейді. Басқаша айтқанда, құқықтық реттеудің әдісі – бұл белгілі қатынастардың қатысушыларынан мемлекет талап ететін әрекеттілікті қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдердің жүйесі.

Кәсіпкерлік құқығының әдісіне келетін болсақ, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Кәсіпкерлік қатынастар жоғарыда айтып кеткендей бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының), осыған байланысты нақты құралдар мен тәсілдер туралы айту мүмкін емес. Жалпы құқық теориясында орын алған императивтік және диспозитивтік әдістер кәсіпкерлік қатынастардың реттелуін толық қамтамасыз етеді. Сонымен, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу әдісінің негізінде әдеттегі рұқсат беру, талап ету және тыйым салу тәсілдері жатады.

3 Қр кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері.

Кәсіпкерлік құқығының принциптері оның негізгі бастаулары ретінде шаруашылық қызметті реттеуге бағытталған барлық құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды. Оларға жататындар:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде екіжақты қызығушылыққа көздеуге бағыттау принципі;

2) меншік нысанына, қызмет түріне, өндіріс көлеміне және өзге де белгілерге қарамастан кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің теңдігін сақтау принципі;

3) экономикалық бостандықты және кәсіпкерлік әрекеттілікті қолдау принципі;

4) адал бәсекелестікті қолдау және монополизмнен қорғау принципі;

5) кәсіпкерлердің мотивациясын қоғамға қажетті шаруашылық нәтижелерге жетуге бағыттайтын экономикалық, құқықтық, ұйымдық-әкімшілік және саяси механизмдерді пайдалана отырып кәсіпкерлік қатынастарды мемлекеттік реттеуде кешенді шаралар қолдану принципі;

6) заңдылық принципі (құқықтық мемлекет құруды қамтитын негізгі принцип болғандықтан міндетті түрде қоғамдағы барлық қатынастарға қолданады).

Құқықтың қайнар көзі – бұл құқықтың сыртқы сипатын білдіретін нысана. Қазақстандық құқық континентальдық құқықтық жүйеге жатады, сондықтан оның негізгі қайнар көзі болып нормативтік құқықтық акт табылады.

Нормативтік құқықтық акт құқықтық нормаларды бекітуге, өзгертуге немесе олардың күшін жоюға арналған.

Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көздері болып кәсіпкерлік саласында қатынастарды реттейтін нормалар табылады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, халықаралық шарттар. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, егер заңда тиісті құқықтық нормалар болмаған жағдайда, қосымша құрал ретінде іскерлік айналым әдеттері қолданылуы мүмкін.

Сонымен, кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылатындар: ҚР Конституциясы, кодекстер, конституциялық және ағымдағы заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктердің (агенттіктердің, комитеттердің) бұйрықтары, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі басқару органдарының актілері.