Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Пред.пр. каз.очн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
615.94 Кб
Скачать

11 Курсты оқу процедурасы мен саясаты

Бұл пәнді оқу барысында студент: Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларын, кәсіпкерлікті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын, бизнесті мемлекеттік тіркеу процедураларын, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық мәртебесін, шаруашылық мәмілелерді жасасу ерекшеліктерін білуге міндетті.

«Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк құқығы» курсын оқығаннан кейiн студент кәсiпкерлiк құқық түсiнiгiн, пәнiн және әдiсiн, кәсiпкерлiк қызмет түсiнiгiн түсiндiрудi, кәсiпкерлiк құқықтық қатынастардың түсiнiгiн және түрлерiн, кәсiпкерлер субъектілерінің құқықтық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн бiлу керек.

Дәрістер тезистері және олармен жұмыс істеу туралы әдістемелік нұсқаулар

Дәріс сабақ түрі ретінде оқылатын нақты тақырып немесе проблема бойынша негізгі білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Аудиторлық дәріс сабағы уақыт бойынша шектелген, сондықтан лектор тақырыптың негізгі мәселелерін ғана беріп үлгереді, ал тақырыпты тереңірек ұғып алуды жалғастыру практикалық сабақтарда және студенттердің оқытушымен бірге жұмыс істейтін сабақтарында мүмкін.

Егер студент тақырыпты немесе сұрақты терең оқып зерттеймін десе, оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмыс атқару арқылы қойылған мақсатына жете алады. Өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін студент жазбаша жұмыстарында көрсете алады (курстық, дипломдық жұмыстар).

«Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде дәрістердің тезистері ұсынылғанына назар аудару қажет, нақтырақ айтқанда, тақырыптың сұрақтары бойынша қысқаша негізгі мәлімет ғана келтірілген. Бұл студенттен тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттермен одан әрі қосымша жұмыс атқаруын талап етеді.

Есіңізде болсын, дайындықты практикалық сабақтар ғана емес, дәріс сабақтары да талап етеді. Бұл студентке оқу материалын тыңдап алумен қатар аудиторияда күрделі және дискуссиялық жағдайлардың көзін ашып алуға мүмкіндік береді. Тақырыптар бойынша ұсынылған әдебиеттерді оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру алған білімдерді бекітуге мүмкіндік береді.

Ұсынылған әдебиеттердің тізімінде маңыздылары нормативтік құқықтық актілер, қазақстандық оқулықтар мен оқулық құралдар, сонымен қатар лектордың дәріс сабақтарында студенттерге назар аудару үшін ұсынған әдебиеттері.

Тақырып 1. ҚР кәсіпкерлік құқығы оқу пәні ретінде

Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретінде туралы білімдерді қалыптастыру, оның құқықтық білімдер жүйесіндегі орнын анықтау.

Жоспар:

1 ҚР кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні.

2 Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.

3 ҚР кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері.

4 Кәсіпкерліктің түсінігі, оны жүзеге асырудың принциптері.

1 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы – бұл кешенді оқу пәні, оның құрамына ұлттық құқық жүйесінің кейбір нормалары мен институттары кіреді (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының). ҚР кәсіпкерлік құқығы - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Рынок экономикасы жағдайында шаруашылық байланыстардың күрделілігі мен санқырлысы мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді. Дәл осындай кезде экономикалық және құқықтық білімдерді синтездеуге қабілетті мамандар қажет, бұл барлық мамандардың құқықтық дайындығының маңызын белгілейді. Мысалы, экономикалық категорияларды білмейтін заңгер экономикалық дауларды шеше алмайды, ал кадрлармен жұмыс істейтін менеджер еңбек заңнамасын білмей өзінің міндеттерін атқара алмайды. Осы айтылған жағдай кәсіби жоғары білім аламын деген барлық мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді.

Қазақстанда рынок экономикасын құру бұрын болмаған кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және оны жүйелі түрде одан әрі жетілдірумен байланысты болды. Бұл кәсіпкерлік құқығының пән ретінде қайта қалыптасуына себеп болды, кеңес дәуірінде ол «шаруашылық құқық» деп аталып келді, бірақ оның мазмұны жоспарлы социалистік экономикасының мәселелеріне бағытталған болатын. Жаңа кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретіндегі құрылымдық мазмұны осы кезге дейін заңгер-ғалымдардың дауларының объектісі.

Кәсіпкерлік құқығының пәні ретінде кәсіпкерлік қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік қатынастар деп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды, сонымен қатар оларға тығыз байланысты өзге де қатынастарды атайды. Кәсіпкерлік қатынастарды екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі кәсіпкерлік қатынастар (горизонтальдық); 2) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында қалыптасатын қатынастар (вертикальдық). Мысалы, бірінші топқа кәсіпкерлердің өзара шаруашылық мәмілелерін жатқызуға болады (тауар жеткізілімі, өндіріс объектілерін арендаға жалдау, банктік қызмет көрсету шарттары және т.б.), екінші топқа кәсіпкерлік қызмет субъектілері мен мемлекет арасында пайда болатын қатынастарды жатқызады, әрине, мемлекет атынан құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар ғана шыға алады (кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу, олардың қызметін лицензиялау, салық салу, тексеру барысында қалыптасады).