Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Пред.пр. каз.очн..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
615.94 Кб
Скачать

6.2 Студенттердің өзіндік жұмысын (сөж) орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар және сөж тапсырмаларының мазмұнын түсіндіру

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) студенттің жеке жұмысының түрін білдіреді, оның мақсаты танымдық қызметтің барлық түрінде зияткерлік бастаманы ояту және шығармашылық ойды дамыту болып табылады. СӨЗ түрін және нысанын таңдау пәннің мақсаттары мен міндеттеріне, жекелей алғандағы тақырыптың күрделілік деңгейіне, студенттің дайындық деңгейіне, сағат санына байланысты.

«Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы» пәні бойынша СӨЖ түрлері мен нысандарын анықтау осы пәннің мақсаттары мен міндеттеріне, студенттің дайындылығына, сағат санына, өзіндік жұмысқа бөлінген уақытқа, сонымен қатар, қиындық деңгейіне сәйкес жасалды.

Тапсырмаларды орындау барысында студент тиісті тақырып бойынша дәрістерді қайталап оқып, қайнар көздерді меңгеруі қажет.Тақырып бойынша материалды терең меңгеру өзіндік жұмысты сапалы орындауға жол береді.

Сөж нысандарының сипаттамалары:

Есеп шығарустуденттік өзіндік жұмысы. Тақырып бойынша оқытушы есеп құрастырады, ал студент, заңнаманың нормаларың негізінде сол есептерді шешеді.

Ауызша сұрау – СӨЖ немесе СӨОЖ тақырыптары бойынша ауызша сұрауды дайындау. Конспектерге қарауға болады, егер олар өз қолымен жазылған болса.Сонымен қатар мәтіннен оқуға болмайды.

Реферат – белгілі бір ғылыми тақырыпқа жазбаша жұмыс теориялық мәтіндерді,монографияларды,журналдық және газеттік мәтіндерді зерттеу арқылы дайындалады,сонымен қатар өздік қараулар мен тәжірибе дайындылығы арқылы жасалады.

Тесттер – пәннің бөлек бөлімдері бойынша жазбаша бақылау нысаны ретінде бақылау сұрақтары түрінде өткізіледі.

Қисынды кесте – СӨЖ немесе СӨОЖ бөлек сұрақтары бойынша немесе қысқаша анализді кестелер,таблицалар,графиктер түрінде құрылуы керек.

Баяндама –студенттің оқу жұмысы белгілі бір тақырып бойынша келесі жариялау хабарламасы түрінде болу керек,тәртіп бойыншастуденттік және ғылыми конференцияларда жарияланады.

Коллоквиум– СӨЖ немесе СӨОЖ тақырыбының терминдері бойынша ауызша сұрауды жасау.

6.3 Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары

Баяндамалар мен рефераттар:

1 Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік құқығының

орны туралы ғылыми көзқарастар.

2 ҚР-ның заңнамасына сәйкес кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері.

3 ҚР-ның заңнамасына сәйкес кәсіпкерлерді жүйелеу.

4 Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет ұғымдарының салыстырмалы анализі.

5 ҚР-дағы кәсіпкерлік туралы заңнаманы жүйелеу.

6 Заңды тұлғаның жарғылық капиталы. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу.

7 Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнің түсінігі және құқықтық мәртебесі.

8 ҚР-ның заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті лицензиялауды құқықтық

реттеу.

9 ҚР-ның заңнамасына сәйкес бәсекелестікті реттеу.

10 Кәсіпкерлік шарттардың ерекшеліктері.

11 Кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыру.

12 Шаруашылық серіктестік және қоғам: ортақ және айырмашылық белгілері.

13 Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіпкерлік.

14 ҚР-ның заңнамасына сәйкес әдепсіз бәсекелестік.

15 Шаруашылық шарттарды жасасу, өзгерту және тоқтату.

16 Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау нысандары мен тәсілдері.

17 Кәсіпкерлік шығындарды тәуекел ету, оның кәсіпкерлік қызметтегі орны.

18 Акционерлік қоғам - кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде.

19 Өндірістік кооператив - кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде.

20 Толық және сенім серіктестіктері.

21 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.

22 Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік бақылау.

23 Кәсіпкерлердің сыртқыэкономикалық қызметін құқықтық реттеу.

24 ҚР-ның заңнамасына сәйкес банкроттықтың түсінігі.