- •Мазмұны
- •Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •5 Пәннің мақсаттары мен мiндеттерi
- •6 Студенттердің өзіңдік жұмыстары
- •6.1 Соөж мен сож тапсырмаларын орындау мен тапсыру тәртібінің кестесі
- •6.2 Студенттердің өзіндік жұмысын (сөж) орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар және сөж тапсырмаларының мазмұнын түсіндіру
- •Сөж нысандарының сипаттамалары:
- •6.3 Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары
- •7 Шекті бақылаудың сұрақтары
- •8 Емтихандық сұрақтар
- •9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •10 Бiлiмдердi бағалау ақпараты
- •11 Курсты оқу процедурасы мен саясаты
- •Дәрістер тезистері және олармен жұмыс істеу туралы әдістемелік нұсқаулар
- •1 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні.
- •2 Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
- •3 Қр кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері.
- •4 Кәсіпкерліктің түсінігі, оны жүзеге асырудың принциптері.
- •1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
- •1 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары.
- •2 Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу.
- •3 Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату.
- •2 Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.
- •3 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •1 Мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы.
- •2 Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.
- •1 Шарт шаруашылық байланыстардың пайда болу негізі ретінде.
- •2 Шарттардың түрлері. Шаруашылық шарттардың ерекшеліктері.
- •3 Шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу.
- •1 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты мен принциптері.
- •2 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
- •1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі.
- •2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың түсінігі мен негізгі
- •3 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың негізгі
- •1 Бәсеке ұғымы.
- •2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі.
- •3 Монополистік қызметтің түсінігі. Экономикалық шоғырлану.
- •4 Монополистік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары.
- •1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер.
- •2 Тұтынушылардың құқықтары.
4 Монополистік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары.
Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің қызметін бақылау және мониторинг жүргізу үшін Мемлекеттік тізілім жүргізеді. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға мыналарды:
1) ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есеп;
2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы мәлімет;
3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру (өткізу) көлемдері, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың босату бағалары және кірістілік деңгейі туралы ай сайын ақпарат беруге міндетті.
Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы және реттеуші органдардың талап етуі бойынша монополияға қарсы және реттеуші органдар өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет дәйекті құжаттар, жазбаша және ауызша түсіндірмелер және өзге де ақпарат, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат беруге міндетті.
Бақылау сұрақтары:
1 Бәсеке дегеніміз не?
2 Монополияға қарсы органның құқықтары мен міндеттерін анықтаңыз.
3 Монополистік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары қандай?
Әдебиет: 3- 216 бет, 28- 7-94бет, 29-148-212бет
Тақырып 10. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Мақсаты: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы білімдер
қалыптастыру.
Жоспар:
1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер.
2 Тұтынушылардың құқықтары.
1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қалыптасатын қатынастар 1991 жылдың 05 маусымында қабылданған «Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» ҚССР Заңымен реттеледі. Заңда «құқықтар» деген ұғым «праволар» деп жазылған, сондықтан бұл тезистерде заңдағы термин қолданылады. Бұл Заң тұтынушылар праволарын қорғаудың праволық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ кепілдіктерін бекітеді. Мемлекеттік өкімет пен басқару органдары тұтынушылардың өздерін сапалы товарлармен, жұмыстармен және кызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жеке праволарын қорғауға байланысты тиімді шараларды жүзеге асыруға міндетті.
«Тұтынушушылардың праволарын қорғау туралы» Қазак ССР Заңы тұтынушы мен сатушының немесе жұмыс атқарушының, қызмет көрсетушінің арасындағы қарым-қатынасты реттеуді, олардың праволары мен міндеттерін белгілеуді, тұтынушушылардың праволарын қорғау мәселелерін шешуді мақсат етеді және мынадай міндеттерді шешуге бағытталған: 1) азаматтардың заңды мүдделерінің дайындаушылар мен сатушылардың мүдделерінен басымдығын мойындау; 2) тұтынушылардын, ақпарат алу, сапалы өнім алу, сапалы товар айырбастап алу праволарын, сондай-ақ тұтынушыларға сапасыз товар сатқан жағдайда өз праволарын жүзеге асыру; 3) тұтынушыны оның емірі мен денсаулығына төнетін хауіпқатерден қорғау; 4) тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласында халықаралық және республикааралық ынтымақтастықты кеңейту; 5) тәуелсіз топтардың (тұтынушылар қоғамдарының) құрылуына және қызметіне көмектесу.
Тұтынушы – бұл жеке езі тұтыну немесе жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында товар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат. Сатушы – бұл товарларды сатып алу-сату шарты бойынша өткізетін ұйым немесе азамат. Дайындаушы – бұл товарды өткізу үшін өндіретін ұйым немесе азамат. Орындаушы – бұл жұмыс атқаратын немесе қызмет көрсететін ұйым немесе азамат.
