
- •Мазмұны
- •Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •5 Пәннің мақсаттары мен мiндеттерi
- •6 Студенттердің өзіңдік жұмыстары
- •6.1 Соөж мен сож тапсырмаларын орындау мен тапсыру тәртібінің кестесі
- •6.2 Студенттердің өзіндік жұмысын (сөж) орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар және сөж тапсырмаларының мазмұнын түсіндіру
- •Сөж нысандарының сипаттамалары:
- •6.3 Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары
- •7 Шекті бақылаудың сұрақтары
- •8 Емтихандық сұрақтар
- •9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •10 Бiлiмдердi бағалау ақпараты
- •11 Курсты оқу процедурасы мен саясаты
- •Дәрістер тезистері және олармен жұмыс істеу туралы әдістемелік нұсқаулар
- •1 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні.
- •2 Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
- •3 Қр кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері.
- •4 Кәсіпкерліктің түсінігі, оны жүзеге асырудың принциптері.
- •1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
- •1 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары.
- •2 Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу.
- •3 Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату.
- •2 Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.
- •3 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •1 Мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы.
- •2 Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.
- •1 Шарт шаруашылық байланыстардың пайда болу негізі ретінде.
- •2 Шарттардың түрлері. Шаруашылық шарттардың ерекшеліктері.
- •3 Шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу.
- •1 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты мен принциптері.
- •2 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
- •1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі.
- •2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың түсінігі мен негізгі
- •3 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың негізгі
- •1 Бәсеке ұғымы.
- •2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі.
- •3 Монополистік қызметтің түсінігі. Экономикалық шоғырлану.
- •4 Монополистік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары.
- •1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер.
- •2 Тұтынушылардың құқықтары.
1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданған ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 6-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері: 1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (ШКС); 2) орта кәсіпкерлік субъектілеріне; 3) ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны осы субъектінің филиалдарының, өкілдіктері мен басқа да оқшау бөлімшелерінің жұмыскерлерін қоса алғанда, барлық жұмыскерлері ескеріле отырып, айқындалады.
Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны екі жүз елу адамнан артық немесе жыл бойғы активтердің жалпы құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың түсінігі мен негізгі
бағыттары.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені (1-бап).
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру; 2) жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру және дамыту; 3) бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету (18-бап).
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: 1) мемлекеттік органдардың жанынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру; 2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру; 3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру; 4) бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру; 5) жер учаскелерін, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.