- •Мазмұны
- •Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)
- •5 Пәннің мақсаттары мен мiндеттерi
- •6 Студенттердің өзіңдік жұмыстары
- •6.1 Соөж мен сож тапсырмаларын орындау мен тапсыру тәртібінің кестесі
- •6.2 Студенттердің өзіндік жұмысын (сөж) орындау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар және сөж тапсырмаларының мазмұнын түсіндіру
- •Сөж нысандарының сипаттамалары:
- •6.3 Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары
- •7 Шекті бақылаудың сұрақтары
- •8 Емтихандық сұрақтар
- •9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •10 Бiлiмдердi бағалау ақпараты
- •11 Курсты оқу процедурасы мен саясаты
- •Дәрістер тезистері және олармен жұмыс істеу туралы әдістемелік нұсқаулар
- •1 Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік құқығының түсінігі, пәні.
- •2 Кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
- •3 Қр кәсіпкерлік құқығының принциптері, қайнар көздері.
- •4 Кәсіпкерліктің түсінігі, оны жүзеге асырудың принциптері.
- •1 Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері.
- •1 Дара кәсіпкерліктің түсінігі, оның түрлері мен нысандары.
- •2 Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу.
- •3 Дара кәсіпкердің қызметін тоқтату.
- •2 Заңды тұлғаның пайда болуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы.
- •3 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •1 Мемлекеттік кәсіпорынның ұғымы.
- •2 Мемлекеттік кәсіпорынның түрлері.
- •1 Шарт шаруашылық байланыстардың пайда болу негізі ретінде.
- •2 Шарттардың түрлері. Шаруашылық шарттардың ерекшеліктері.
- •3 Шарт жасасу, оны өзгерту және бұзу.
- •1 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты мен принциптері.
- •2 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
- •1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі.
- •2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың түсінігі мен негізгі
- •3 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың негізгі
- •1 Бәсеке ұғымы.
- •2 Монополияға қарсы оргaнның құқықтық мәртебесі.
- •3 Монополистік қызметтің түсінігі. Экономикалық шоғырлану.
- •4 Монополистік қызметті мемлекеттік реттеудің нысандары.
- •1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жалпы ережелер.
- •2 Тұтынушылардың құқықтары.
1 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты мен принциптері.
Мемлекет құқықтық нормалар шығару арқылы қоғамдық өмірді, сонымен қатар кәсіпкерлікті де реттейді.
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, 2006 жылдың 31 қаңтарында қабылданған ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді (мысалы, нотариалдық, аудиторлық, медициналық, ветеринарлық қызметтер және басқалары).
Жеке кәсіпкерлікті шектеу мүмкіндігі ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 3-бабында бекітілген. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.
Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты мен принциптері ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында анықталған. Жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және жеке кәсіпкерлікке әкімшілік етуді енгізу жолымен мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері: 1) жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; 3) жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі; 4) Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы; 5) жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.
2 Лицензиялау және техникалық реттеу кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеудің тәсілдері ретінде.
Қазақстан Республикасындағы лицензиялаудың құқықтық негіздері 2007 жылдың 11 қаңтарында қабылданған ҚР «Лицензиялау туралы» Заңымен реттеледі.
Лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені.
Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.
Лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеудің құқықтық негіздері 2004 жылдың 09 қарашасында қабылданған өнімнің, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңымен реттеледі.
Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.
Техникалық реттеу - санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтік реттеу.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың жиынтығы.
Бақылау сұрақтары:
1 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаты неде?
2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары қандай?
Әдебиет: 3,4-178-191бет, 8-52-56, 24-85-89 бет
Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспар:
1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің түсінігі.
2 Жеке кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың түсінігі мен негізгі
бағыттары.
3 Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.
