
- •1)Компьютерлік желі. Олардың түрлері.
- •2 )Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •1)Microsoft Excel электрондық кестесі
- •2) Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •2)Таңдау операторы
- •1)Стандартты программалар
- •2)Қосалқы программа
- •1)Windows операциялық жүйесі
- •Процедуралар
- •Архиваторлар.
- •2)Келесі шарт бойынша қайталау Repeat операторы
- •Компьютерлік вирустар
- •2) Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау While операторы
- •Файлдық менеджерлер
- •2)Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Операциялық жүйелер
- •2)Функциялар
- •1)Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •2)Параметрлі For операторы
- •1)Файлдық жүйе
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •1)Файл ұғымы және файл түрлері
- •2)Жолдар Символдық берілгендерді өңдеу
- •1)Ақпараттық процесстер
- •Программа ұғымы. Программа құру кезеңдері
- •Ақпараттың өлшем бірліктері
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •Желілік топологиялар
- •Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Электрондық почта
- •2)Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •1)Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Алгоритмнің блок-схемасы
- •18Билет
- •1)Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •2)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •20 Билет
- •I)Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •II)Меншіктеу операторы. Берілгендерді енгізу және шығару операторлары.
- •21 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •II). Қайталанушы құрылымды алгоритмдер.
- •22 Билет
- •I)ms Access программасының негізгі объектілері
- •II)for циклдік операторы(Үшін циклі)
- •23Билет
- •I)билет Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •II)Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •24Билет
- •I)Интернет ұғымы.
- •II). Берілгендердің типтері.
- •25Билет
- •I)тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •26 Билет
- •I)Компьютерлік желі
- •II)Алгоритмнің блок-схемасы
- •27 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •28 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •29 Билет
- •I)Компьютердің даму тарихы
- •II)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •30 Билет
- •II). Паскаль программалау тілі. Тілдің алфавиті
- •31 Билет
- •I)Дербес комп-ң негізгі құрылғылары.
- •II)Программа ұғымы. Прог-ны құру кезеңдері. Ариф.Өрнек. Div mod амалдары.
- •32 Билет
- •I)Мәліметтерді жинақтауыштар. Олардың түрлері.
- •II)Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнек. Div mod амалдары.
- •33 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •34 Билет
- •I)Windows операциялық жүйесі
- •II)Тармақты құрылымды алгоритмдер.
- •35 Билет
- •I). Файл ұғымы. Түрлері.
- •II)repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •36 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •37 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •38 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Жолдар , символдық берілгендерді өңдеу
- •39 Билет
- •I)Желілік топологиялар
- •40 Билет
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Функциялар.
1)Windows операциялық жүйесі
Windows операциялық жүйесі - графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық жүйе.
Windows операциялық жүйесін тышқан меңзері (курсор) көмегімен басқаруға болады. Меңзер (курсор) – экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі. Экранда тышқан меңзері және жұмыс аймағында жол меңзері болады.
Жұмыс үстелі - әртүрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесі экраны.
Әртүрлі программалар орындайтын экранның төртбұрышты қоршаулы аумағын терезе деп атайды. Терезені үлкейтуге, кішірейтуге, бүктеуге және бір мезетте экранға бірнеше терезені шығаруға болады. Олар үстелде әртүрлі орналасуы немесе бірін-бірі жауып тұруы, үстелде орындарын ауыстыруы, тіпті мөлшерін өзгертуі де мүмкін. Жұмыстың сипатына байланысты сіз жұмыс үстеліне жарасымды ретпен бірнеше терезе орналастыруыңызға немесе, керісінше, бірінің үстіне бірін орналастыруыңызға да болады. Стандартты терезе элементтері: тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, сырғыту сызғышы, үлкейту-кішірейту пернесі және т.б.
Windows интерфейсін пайданушылар туралы мағлұматты компьютер қосылғаннан кейін монитор экранында пайда болатын жұмыс үстелі мен тапсырмалар тақтасы береді. Пайдаланушы бір түсті бетті немесе кейбір суреті бар графикалық объектілер орналасқан бетті көреді - осы бет жұмыс үстелі болып саналады.
Жұмыс үстелінің терезесі (Окно рабочего стола) - Windows қолданбалы программаларының терезелері үшін негізгі болып саналатын, экран бетін толық жауып тұратын жүйелік терезе.
Windows операцялық жүйесінде жарлық, пиктограмма, таңбаша ұғымдары кеңінен қолданылады. Белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файлды жарлық (ярлык) деп атайды. Басқаша айтқанда, жарлық – файлға сілтеме. Ол өзі көрсетіп тұрған файлды іздемей-ақ жылдам іске қосып, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.Пиктограмма – программаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір функцияны көрсететін экрандық символ. Таңбаша – жұмыс үстелінде экрандағы белгілі бір құжаттың, программаның, жарлықтың графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Пайдаланушы өзінің талғамына қарай таңбашалардың қүрамын, олардың сыртқы түрін, орналасуын, мөлшерін, түсін өзгертуіне болады.
Жұмыс үстелінің негізгі компоненттері: менің компьютерім, менің құжаттарым, желілік орта, қоржын(корзина), тапсырмалар тақтасы және т.б. Менің компьютерім – Windows операциялық жүйесінің жүйелік бумасы. Ол дискілердегі мәліметтермен жұмыс жасауды жүзеге асырады, компьютер құрылғыларын орнату және тағайындау қызметін атқарады. «Менің компьютерім» программасының терезесі арқылы дискілер мазмұнын көруге, ішкі бумаларды ашуға, файлдар мен бумаларды көшіруге, жоюға, атын өзгертуге және т.с.с. әрекеттерді орындауға болады. Пайдаланушының барлық құжаттары әдетте «Менің құжаттарым» бумасында сақталады. Желілік орта компьютердің желіде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Қоржын (Корзина) дегеніміз компьютер дискілерінен өшірілген мәліметтерді уақытша сақтайтын арнайы бума. Қоржынды кейбір оқулықтарда себет деп атайды. Қоржын программасының терезесі арқылы ондағы файлдардың мазмұнын көруге және оларды қайтадан қалпына келтіруге болады. Егер қоржындағы мәліметтер қажет емес болса, онда қоржынды тазалап, мәліметтерді біржолата жоюға болады.
Тапсырмалар тақтасы - Windows операциялық жүйесінде жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан ұзынша жолақ тақша. Тапсырмалар тақтасы жұмыс үстелінде әртүрлі жағдайда орналасуы мүмкін немесе тышқанның меңзерін экранның сөйкес шекарасына жақындатқанда ғана пайда болуы мүмкін. Онда Іске қосу (Пуск) батырмасы, алфавит индикаторы, уақыт, жұмыс істеп тұрған программалар мен файлдар белгішелері орналасады.
Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.