
- •1)Компьютерлік желі. Олардың түрлері.
- •2 )Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •1)Microsoft Excel электрондық кестесі
- •2) Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •2)Таңдау операторы
- •1)Стандартты программалар
- •2)Қосалқы программа
- •1)Windows операциялық жүйесі
- •Процедуралар
- •Архиваторлар.
- •2)Келесі шарт бойынша қайталау Repeat операторы
- •Компьютерлік вирустар
- •2) Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау While операторы
- •Файлдық менеджерлер
- •2)Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Операциялық жүйелер
- •2)Функциялар
- •1)Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •2)Параметрлі For операторы
- •1)Файлдық жүйе
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •1)Файл ұғымы және файл түрлері
- •2)Жолдар Символдық берілгендерді өңдеу
- •1)Ақпараттық процесстер
- •Программа ұғымы. Программа құру кезеңдері
- •Ақпараттың өлшем бірліктері
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •Желілік топологиялар
- •Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Электрондық почта
- •2)Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •1)Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Алгоритмнің блок-схемасы
- •18Билет
- •1)Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •2)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •20 Билет
- •I)Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •II)Меншіктеу операторы. Берілгендерді енгізу және шығару операторлары.
- •21 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •II). Қайталанушы құрылымды алгоритмдер.
- •22 Билет
- •I)ms Access программасының негізгі объектілері
- •II)for циклдік операторы(Үшін циклі)
- •23Билет
- •I)билет Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •II)Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •24Билет
- •I)Интернет ұғымы.
- •II). Берілгендердің типтері.
- •25Билет
- •I)тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •26 Билет
- •I)Компьютерлік желі
- •II)Алгоритмнің блок-схемасы
- •27 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •28 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •29 Билет
- •I)Компьютердің даму тарихы
- •II)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •30 Билет
- •II). Паскаль программалау тілі. Тілдің алфавиті
- •31 Билет
- •I)Дербес комп-ң негізгі құрылғылары.
- •II)Программа ұғымы. Прог-ны құру кезеңдері. Ариф.Өрнек. Div mod амалдары.
- •32 Билет
- •I)Мәліметтерді жинақтауыштар. Олардың түрлері.
- •II)Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнек. Div mod амалдары.
- •33 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •34 Билет
- •I)Windows операциялық жүйесі
- •II)Тармақты құрылымды алгоритмдер.
- •35 Билет
- •I). Файл ұғымы. Түрлері.
- •II)repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •36 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •37 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •38 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Жолдар , символдық берілгендерді өңдеу
- •39 Билет
- •I)Желілік топологиялар
- •40 Билет
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Функциялар.
1)Стандартты программалар
Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларына Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, блокнот, калькулятор және т.б. программалар жиыны кіреді. Стандартты программаларды жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар командалар тізбегі орындалады
Paint графикалық редакторы – Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына кіретін нүктелік (растрлық) графикалық редактор. Графикалық редактор – графикалық кескіндермен жұмыс істеуге, оларды түзетуге, толықтыруға мүмкіндік беретін және графикалық ақпаратты редакциялайтын программа.
«Paint» сөзі ағылшыннан аударғанда «сурет салу» деген мағынаны береді. Paint графикалық редакторын жүктеу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар - Стандарттық программалар – Paint командалар тізбегі орындалады.
Paint графикалық редакторында бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: негізгі және фондық. Негізгі түс деп қарындаш түсін, ал фондық түс деп фонның түсін айтады. Терезенің жоғары сол жағында сурет салу аспаптары орналасқан. Қажетті аспапты таңдау үшін аспаптың белгісіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту қажет. Нәтижесінде қажетті аспаптың белгісі айқын түспен ерекшеленеді. Paint графикалық редакторының интерфейсі өте қарапайым, мұндағы аспаптар тақтасы суретші аспаптарының жиынына ұқсас.
Paint графикалық редакторында тіктөртбұрыш, эллипс, тұйық көпбұрыш сызатын арнайы аспаптар бар. Әдетте фигуралардың іші бос болады. Бірақ, оларды белгілі бір түспен бояуға болады.
Жұмыс жасау барысында Paint графикалық редакторын меңгеру жеңіл. Сондықтан, бұл программамен қазіргі уақытта төменгі сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері жұмыс жасайды.
Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды редакциялауды жасақтайтын редактор. Оның мәтіндік процессорларға қарағанда мүмкіндіктері төмен. WordPad мәтіндік редакторы көлемі шағын мәтіндер мен құжаттарды ашу, өңдеу, түзету және қағазға басып шығару жұмыстарын атқарады. Бірақ, мұндағы қаріп түрлері және оларды пішімдеу мүмкіндіктері шектеулі.
WordPad мәтіндік редакторында мәтінді туралаудың үш түрі бар: оң жағынан, сол жағынан және ортасынан.
Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторларға қарағанда төмен. Оның басты ерекшелігі – қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадыда аз орын алады. Ол командалық файлдарды дайындау, түзету және модем арқылы жіберетін хатты дайындау кезінде қолданылады. Блокнот тек бір ғана қаріп түрін пайдаланады.
Калькулятор – арифметикалық амалдарды орындауға арналған, қарапайым есептеулер жүргізетін Windows операциялық жүйесінің сервистік программасы.
Стандартты калькуляторда жадымен жұмыс жасауға арналған төрт перне бар. Олар: MC – жадыны тазалау, MR – жадыда сақталған санды индикаторға шығару, M+ – жадыдағы санға индикатордағы санды қосу, MS – индикатордағы санды жадыға жазу
2)Қосалқы программа
Программада белгілі бір кайталанатын іс-әрекеттерді,атау бойынша бөлек жазып, атауы бойынша бөлек жазып , атауы аркылы бір немесе бірнеше рет іске қосуға болатын программаның бөлігін қосалқы программа деп атайды. Қосалқы программаларды қолдану арқылы программаларды ықшамдауға болады. Тур.Паск.прог-лау тілінде қосалқы программаның 2 түрі қолданылады: процедура және функци. Егер айнымалылар қосалқы программада сипатталса онда олар жергілікті айнымалылар д.а. Ал қосалқы прог-ң атауында берілген айнымалылар формальді айнымалылар д.а.
5-билет