Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать
  1. Microsoft Word мәтіндік процессоры

Мәтіндік процессор – мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар. Мұнда қатені тексеру, тезаурус (синоним сөздерді) табу, сөз тіркесін іздеп табу, оны басқаға өзгерту, қиып алу, бірнеше терезедегі мәтіндермен қатар жұмыс істеу сияқты көптеген қосымша әрекеттер орындалады.

Қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі - Microsoft Word. Ол құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Онда құжаттар мен кестелерді безендіруге, дайын үлгілер мен стильдерді қолдануға, қарапайым суреттер салуға болады.

Мәтін – компьютердегі алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Әріптерден, цифрлардан, тыныс белгілері, арнайы симвлдардан және графиктік объектілерден құрастырылған, мәтінді пішімдеу (форматтау) туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Информатикада мәтіннің үш түрі кеңінен қолданылады: кәдімгі, кестелік және программалық мәтін. Сонымен қатар, енгізілген объектілер деп аталатын сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер, гипермәтін болуы мүмкін.

Ең көп тараған мәтін - кәдімгі мәтін, оған кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық және т.б. жатады. Негізгі объектілері: бет, абзац, жол, сөз, символ. Символ (таңба) дегеніміз әріптер, сандар және арнайы символдар. Символдардан сөз, сөздер тізбегінен жол құралады. Жолдар абзац құрайды. Абзац – мәтіннің жаңа жолынан басталып, келесі Enter пернесін басқан аралықпен шектелген бөлігі. Егер мәтіндік құжат өте үлкен болса, онда ол нөмірленген беттерге бөлінеді.

Кестелік мәтіннің негізгі объектілері – ұяшық, бағана, жол. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысқан жері. Программалық мәтін алгоритмдік тілде жазылған программалар. Программалық мәтіннің объектілері – символдар, жолдар.

Мәтiн пернетақта арқылы енгiзiледi. Бас әрiптер Shift пернесiмен әрiптi қатар басу немесе Caps Lock пернесiн қосу арқылы жазылады. Сөздер арасындағы аралық бос орын (пробел) пернесiн басу арқылы қойылады. Тыныс белгiлерi алдына бос орын қойылмайды, ал тыныс белгiсiнен кейiн мiндеттi түрде қойылады. Егер мәтiндi терген кезде қате жiберілсе, онда қате жiберген сөздiң алдына меңзерді қойып, Delete пернесiн басамыз. Егер меңзердің оң жағында орналасқан символды алып тастау қажет болса, онда Backspace (←) пернесiн басамыз.

Қазақша, орысша және латынша әрiптердi енгiзу Shift және Ctrl пернелерiн бiруақытта басу арқылы орындалады. Сандарды енгiзу сандар орналасқан пернелердi басу немесе пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақтадағы сандарды басу арқылы жүзеге асырылады. Пернетақтаның оң жағында орналасқан кiшкене цифрлық пернетақта NumLock пернесiн басу арқылы іске қосылады.

2)Таңдау операторы

Егер алгоритмде есептеудің бірнеше бағытта орындалу мүмкіндігі болса, мысалы, үш немесе одан да көп. Мұндай жағдайда кездесетін алгоритмдерді жүзеге асыру үшін таңдау CASE операторын пайдаланған жөн. Таңдау операторының құрамында бірнеше элементтердің тізімі болады. Әрбір элемент дегеніміз алдында константа орналасқан оператор. Әрбір осы оператор есептеудің бір бағытын көрсетеді. Олардың алдына жазылған константалар бір типке жататын болуы тиіс. Операторды таңдау үшін селектор деген өрнек қолданылады. Селектордың типі константалардың типімен бірдей болады. Егер селектордың мәні константаның мәніне тең болса, онда сол константаға сәйкес оператор орындалады. Таңдау операторының жалпы түрі мынадай:

Case c of N1: {оператор-1};

N2: {оператор-2} ;

N3: {оператор-3} ;

.............................

Nк: {оператор-к} else { оператор-к+1} END;

Мұндағы N1,N2,N3,.....Nk – константалар, c- селектор. Осындағы k+1 оператордың ішінен с өрнегінің мәніне тең константа таңдап алынып, соған сәйкес оператор орындалады.

4-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]