Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

II). Қайталанушы құрылымды алгоритмдер.

Егер алгоритмнің белгілі бір бөлігі алдын-ала берілген шарт бойнша бірнеше рет қайталанатын болса,онда алгоритмнің ондай бөлігін қайталанатын алгоритм н/е цикл д.а.Компьютерді есептеу ісіне пайдаланғанда оның тиімділігі тек көп қайталанатын алгоритмдер үшін ғана жоғары болады.Сондықтан циклдық алгоритмдерді ж/е олардың программаларын құрастыру программалау үрдісінде өте жиі кездеседі. Цикл қарапайм ж/е күрделі деп 2-ге бөлінеді. Қарапайм цикл бір ғана шартқа байл-ты қайталанады,ал күрделі цикл 2 н/е одан да көп шарттардың орындалуынан пайда болады. Күрделі цикл құрамында ішкі ж/е сыртқы цмклдар болуы мүмкін.Ал циклдар қайталану саны бойнша да бөлінеді:қайталану саны белгілі ж/е белгісіз циклдар болып 2түрге бөлінеді. Егер қайталану саны алдын-ала белгілі болса,ондай циклды қайталану саны белгілі цикл д.а. ж/е оны ұйымдастыру үшін арнйы циклдық операторларды (FOR,WHILE,REPEAT),сонымен бірге шартты өту операторын (IF)пайдалануға болады.Егер циклдың қайталану саны белгісіз болса,онда жоғарыда аталынған операторлардың FOR операторынан басқасын пайдалануға болады.

22 Билет

I)ms Access программасының негізгі объектілері

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілеріне кесте, сұраныс, есеп беру, қалып, макрос, модуль жатады.

Кесте объектісі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Әр кестеде әртүрлі субъект жайлы ақпарат болады. Мәліметтер қорының кестесін бес түрлі режимде құруға болады:

1)Кесте режимі өрістердің атауларын өзгерте отырып, оған мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Өрістің типі автоматты түрде анықталады. Символдық және сандық мәліметтерді енгізуге тиімді. Бірақ, уақыттық және логикалық мәліметтерді енгізуде қиындықтар туындауы мүмкін.

2)Конструктор режимі өрістің атауын, типін және форматын өзгертуге мүмкіндік береді. Конструктор режимінде кестені құру кезінде мәліметтерді енгізу мүмкін емес. Конструктор режимде кесте құрылымына өзгертулер жасалады, өрістің түрі таңдалады.

3)Кесте шебері режимі дайын нұсқалардан өріс атауларын таңдауды ұсынады.

4)Кестені кірістіру (импорттау) режимі қандай да бір мәліметтер қорынан дайын кестенің көшірмесін алуды ұсынады.

5)Кестемен байланыс режимінде жұмыс жасау үшін дайын кестенің адресін көрсету керек.

Access режимдері бас менюдің Вид пункті арқылы ауысады. Кестені біріктіру кезінде түсініктеме жазылады. Кестеде мәліметтерді бір өрістен екінші өріске орнын ауыстыру үшін Tab пернесі қолданылады. MS Аccess мәліметтер базасында есептеулердің нәтижелерін бейнелеу үшін өрнектерді тұрғызушыны (Построитель выражений) қолданылады.

Microsoft Access мәліметтер қорында кестелердің арасында байланыс орнатуға болады. Ол үшін «Мәліметтер схемасы» терезесі қолданылады. Мәліметтер схемасының міндеті: кестелер мен олардың арасындағы байланыстарды бейнелеу.

Сұраныс басқа кестелерден алынған өрістерден виртуалды кестелерді құруға мүмкіндік береді. Сұраныс (запрос) деп қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді іріктеп алатын объектіні айтады. Ол мәліметтерді іздестіру үшін қолданылады. Мысалы, өте жақсы оқитын студенттерді анықтау.

Сұранысты конструктор режимінде құру терезесі екі бөліктен тұрады. Терезенің жоғарғы жағында мәліметтер таңдалатын кестелердің арасындағы байланыстар бейнеленеді. Терезенің төменгі жағына кесте өрістері, таңдау шарттары мен есептеу формулалары енгізіледі. Терезенің жоғарғы жағында тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы тізімге кесте қосуға болады. Кестені алып тастау үшін Delete пернесі қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]