
- •1)Компьютерлік желі. Олардың түрлері.
- •2 )Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •1)Microsoft Excel электрондық кестесі
- •2) Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •Microsoft Word мәтіндік процессоры
- •2)Таңдау операторы
- •1)Стандартты программалар
- •2)Қосалқы программа
- •1)Windows операциялық жүйесі
- •Процедуралар
- •Архиваторлар.
- •2)Келесі шарт бойынша қайталау Repeat операторы
- •Компьютерлік вирустар
- •2) Алдын-ала берілген шарт бойынша қайталау While операторы
- •Файлдық менеджерлер
- •2)Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Операциялық жүйелер
- •2)Функциялар
- •1)Компьютердің программалық қамтамасыз етілуі
- •2)Параметрлі For операторы
- •1)Файлдық жүйе
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •1)Файл ұғымы және файл түрлері
- •2)Жолдар Символдық берілгендерді өңдеу
- •1)Ақпараттық процесстер
- •Программа ұғымы. Программа құру кезеңдері
- •Ақпараттың өлшем бірліктері
- •2)Шартты және шартсыз көшу операторы
- •Желілік топологиялар
- •Массив элементтерін енгізу жолдары
- •1)Электрондық почта
- •2)Тармақталушы құрылымды алгоритмдер
- •1)Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру
- •Алгоритмнің блок-схемасы
- •18Билет
- •1)Электрондық кестенің негізгі ұғымдары
- •2)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •20 Билет
- •I)Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •II)Меншіктеу операторы. Берілгендерді енгізу және шығару операторлары.
- •21 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •II). Қайталанушы құрылымды алгоритмдер.
- •22 Билет
- •I)ms Access программасының негізгі объектілері
- •II)for циклдік операторы(Үшін циклі)
- •23Билет
- •I)билет Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
- •II)Паскаль тілінің негізгі операторлары
- •24Билет
- •I)Интернет ұғымы.
- •II). Берілгендердің типтері.
- •25Билет
- •I)тсp/ip жүйелік хаттамасы. Web-беттер
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •26 Билет
- •I)Компьютерлік желі
- •II)Алгоритмнің блок-схемасы
- •27 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •28 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Сызықты құрылымды алгаритім
- •29 Билет
- •I)Компьютердің даму тарихы
- •II)Алгоритмдердің түсінігі, анықтамасы, алгоритмге қойылатын талаптар
- •30 Билет
- •II). Паскаль программалау тілі. Тілдің алфавиті
- •31 Билет
- •I)Дербес комп-ң негізгі құрылғылары.
- •II)Программа ұғымы. Прог-ны құру кезеңдері. Ариф.Өрнек. Div mod амалдары.
- •32 Билет
- •I)Мәліметтерді жинақтауыштар. Олардың түрлері.
- •II)Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнек. Div mod амалдары.
- •33 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •34 Билет
- •I)Windows операциялық жүйесі
- •II)Тармақты құрылымды алгоритмдер.
- •35 Билет
- •I). Файл ұғымы. Түрлері.
- •II)repeat ... UntiLциклдікоператоры(Дейін)
- •36 Билет
- •I)Санақ жүйесі. Санақ жүйесінің негізгі ұғымдары
- •II)Массивтер. Массив ұғымы.Массивті сипаттау.
- •37 Билет
- •I)Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері
- •38 Билет
- •I)Ақпарат ұғымы. Ақпарат қасиеттері.
- •II)Жолдар , символдық берілгендерді өңдеу
- •39 Билет
- •I)Желілік топологиялар
- •40 Билет
- •I)Excelде диаграмма құру
- •II)Функциялар.
Массив элементтерін енгізу жолдары
Массив –бір типті көп элементтен трады.Массивпен оның атын шақыру арқылы жұмыс істейміз.Массивтің кез-келген элементін таңдауға болады.Ол үшін оның тұрған орнын көрсететін индиксті көрсету керек.Массив элементінің саны оны анықтап хабарлағанда белгіленеді.содан соң өзгермейді.Егер массив хабарланған болса, онда оның кез-келген элементін массивтің атын және элемент индиксін квадрат жақшаның ішінде көрсету арқылы оқуға болады.Массивтер айнымалылар сияқты анықталады.int a[100]-100 элементтен тұратын және бүтін саннан тұратын массив хабарланған.Массив индиксациясы 0-ден басталады.
Екі өлшемді массивтер бір өлшемді массивтер сияқты сипатталады.Екі өлшемді массив элементтері қатар бойынша сипатталады.
Си тілінде көрсеткіштнр мен массивтер арасында өте үлкен байланыс бар.Массивтердің индиксі арқылы орындалатын кез-келген операцияны көрсеткіштің көмегімен орындауға болады.
Массив элементтерін енгізу және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып енгізіледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек.
Бағдарламаның орындалу нәтижесінде N элементтен тұратын массив элементтерін пернетақтадан енгізуді ұйымдастырады, бағдарламада циклді оқығанда Read операторын N рет оқып тоқтап, массив элементтері мәндерін қашан пернетақтадан енгізгенше күтіп тұрады, бұл жерде К айнымалысы цикл параметрі қызметімен қоса массив индексі ретінде де қолданылып тұр.
Кейде бағдарламаның әр орындалуында массив элементтерінің мәндерін қайта-қайта пернетақтадан енгізу керек болады, бұл әсіресе енгізілетін элементтер саны өте көп болған кездерде бағдарлама орындаушы кісіні жалықтырып жібереді, сондықтан бұндай жағдайларда оларды бірден тұрақтылар бөлімінде енгізіп қойса да болады:Массив элементтерін шығару процесі де енгізуге ұқсайды. Егер цикл денесінде элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылса, онда массив элементтері экранға бір қатарға бір-біріне жабысып жазылып шығады. Бұл жағдайда нәтиженің көрнекілігін арттыру үшін Write операторында массивтен кейін бос орын жазылады. Ал Writeln операторы қолданылса, онда массивтің әрбір элементі жаңа қатарға жазылып шығады.Кейбір есептеулерде белгілі бір шарттың орындалуына байланысты массив элементтерін іздеп табу керек болады. Ол үшін цикл арқылы массивтің барлық элементтерін берілген шамамен салыстыру процесін ұйымдастыру керек. Егер циклдің әр орындалуында массивтің жаңа элементі берілген шартты қанағаттандырса, онда бұл элемент ізделінген элемент болып табылады.
16-билет
1)Электрондық почта
Электрондық почта дегеніміз компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелту, оқу мен сақтауға арналған қызметтік программалар жүйесі. Электрондық почта – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті электрондық почтаның кәдімгі почтадан артықшылығы сөзсіз.
Электрондық почта – жер шарының кез–келген нүктесіне салынған хатты бірнеше минут ішінде жеткізетін өте қолайлы, әрі жедел байланыс құралы. Электрондық почта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Электрондық почтаны планетаның бүкіл аймағында бар почталық қызметтің баламасы (альтернативті) деп қарастыруға болмайды. Ол хабарларды (файлдарды, ақпараттарды) кез–келген машинадан басқа бір машинаға жіберуге мүмкіндік береді.
Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:
1.Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.
2.Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.
3.Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларғы жеткізетін программалар тобы.
Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы:
1.Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;
2.Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады;
3.Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға болады;
4.Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала белгіленген уақыт бойынша іске асады;
5.Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден басып шығаруға болады.
Электрондық почта өте қарапайым құрылған. Сіз тақырыпта алушының электрондық адресін көрсететін провайдеріңіздің почталық серверіне хатыңызды жібересіз. Бұл SMPT (хабарларды жіберудің қолайлы протоколы) протоколында жұмыс істейтін сервер. Ол тораптан сіздің адресатыңыздың жазылған доменін тауып, оған хат жібереді.
Сізге хат келген жағдайда провайдеріңіздің басқа сервері – POP (почталық протокол) протоколында жұмыс істейтін сервері хабарды қабылдап, оны өзінің қатты дискісінде сіз оқығанша сақтайды. Электрондық почта географиялық адрестеуді қолданбайды.