Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
410.11 Кб
Скачать

1-билет

1)Компьютерлік желі. Олардың түрлері.

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады.

Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілердің түрлері

Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- құжаттарды ортақ пайдалану;

- мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатқыл дискілерді және көлемді қолданбалы программаларды ортақ пайдалану және т.б.

2 )Паскаль тілінің негізгі операторлары

Паскаль тіліндегі программалар бірнеше бір-бірімен байланысып тұратын бөлімдерден тұрады. Мысалы: бір программа келесі бөлімдерден тұруы мүмк3н. 1.программа тақырыбы;2.айнымалылар мен типтер бөлімі;3.таңбалар (белгі) бөлімі;4.тұрақтылар бөлімі;5.процедуралар мен функциялар бөлімі.6.программа денесі бөлімі;Программа тақырыбы қызметші сөздерден, латын әріптерінен тұратын программа атынан тұрады. Программа тақырыбынан кейін әтірлі нүкте қойылады. Түсініктемелер жәй жақша ( * *) немесе фигуралық жақша { }Ішінде жазылады. Мысалы: PROGRAM SUMMA;{Y=2*X+5*X+8*X қатарының қосындысы}Айнымалылар мен типтер бөлімінде (VAR, TYPE) иденфикаторларсипатталады. Кез-келген иденфикатор өзіне тән бір типпен ғана сипатталады.Мысалы: TYPE MAS=ARRAY [1.. 5] of CHAR;VAR X: INTEGER; T: CHAR; D: ARRAY [1.. 10] of STRING B, C: REAL; S: SINGLE V: BOOLEAN; A: MAS;

Программалауда жиі кездесетін функцияларды стандартты функция д.а.Олардың мәндерін есептеу үшін интегралдық жүйеге арнайы дайын программа-р енгізілген.Ондай прог-ды іске қосу үшін оның көрсеткіші мен аргументінің мәнін жазса болғаны.

2-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]