Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
195559.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
636.93 Кб
Скачать

422. Аккредиттеу аттестаты – бұл:

А) Сәйкестікті растау органы және сынау зертханасының белгілі бір салада сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында жүргізілетін жұмыс ережелеріне сәйкес берілетін белгіленген талаптар бойынша сәйкестікті растау жұмысын атқару құқығын куәландыратын құжат

В) Органның немесе сынау зертханасының сертификаттау жөніндегі кез келген жұмысты атқару құқығын куәландыратын құжат

С) Министрлік ережесіне сай берілетін, органның немесе сынау зертханасының сертификаттау жөнінідегі нақты жұмысты атқару құқығын куәландыратын құжат

D) Сертификаттау жөніндегі органның белгілі бір қызмет саласында нақты жұмыс атқару құқығын куәландыратын құжат

Е) Сертификаттау жөніндегі органның белгілі бір қызмет саласында жұмыс атқару құқығын куәландыратын, аймақтық сертификаттау қызметтері талаптарына сәйкес берілетін құжат

423. Аудит (сәйкестікті растау саласында) – бұл:

А) Аккредиттелген сәйкестікті растау органы және сынау зертханасының қызметін тәуелсіз, құжаттап жүйелі талдау, ол сертификатталған өнімнің, қызметтің, процестің, сапа менджменті жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау бойынша өтінім берушінің бастамасымен жүргізіледі

В) Кез келген сертификаттау органы және сынау зертханасының қызметін талдау

С) Аккредиттелген сертификаттау органының қызмет түрі, ол сертификатталған өнімнің, қызметтің, процестің, сапа менеджменті жүйесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау бойынша өтінім берушінің бастамасымен жүргізіледі

D) Сынау зертханаларын сертификаттау қызметі, сондай-ақ өнімнің, қызметтің, процестің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау

Е) Аккредиттелген органдар мен сынау зертханаларының қызметі, ол сертификатталған өнімнің, қызметтің, процестің, белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау бойынша өтінім берушінің бастамасымен жүргізіледі;

424. Сертификаттау органдары және сынау зертханалары қызметін мемлекеттік бақылау – бұл:

А) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің аккредиттелген сертификаттау органдары мен сынау зертханаларының нормативтік құжаттарды бұзу деректерін анықтауға, болдырмауға, жоюға бағытталған мемлекеттік қадағалау қызметі

В) Метрология жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның аккредиттелген сертификаттау органдары мен сынау зертханаларының нормативтік құжаттарды бұзу деректерін анықтауға бағытталған қызмет түрі

С) Сертификаттау жөніндегі халықаралық органның зертханаларының нормативтік құжаттарды бұзу деректерін анықтауға бағытталған қызметі

D) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі министрліктің, оның аумақтық бөлімшелерінің аккредиттелген сертификаттау органдары мен сынау зертханаларының нормативтік құжаттарды бұзу деректерін анықтауға, болдырмауға, жоюға бағытталған мемлекеттік қадағалау қызметі

Е) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің қаржылық құжаттарды бұзу деректерін болдырмауға, аккредиттеу аттестатын алып қоюға бағытталған мемлекеттік қадағалау қызметі

425. Сәйкестік туралы декларация:

А) Дайындаушы шығарылатын өнімнің, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат

В) Делдалдың өнімге қойылатын белгіленген талаптарды куәландыратын белгілі бір формадағы құжаты

С) Жеткізушінің өнімнің халықаралық талаптарға сәйкестігін куәландыратын сертификаттау органы белгілеген формадағы құжаты

D) Жеткізушінің (дайындаушыны, делдалдың, сатушының) өзі белгілеген формадағы, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат

Е) Дайындаушының кез келген формадағы өнімнің белгіленген талаптарға сәйкессіздігін куәландыратын құжат

426. Өтінім беруші – бұл:

А) Өнімді, қызметті, процесті сәйкестігін растауға берген заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аккредиттеу мен аудитке өтінім берген заңды тұлғалар

В) Өнімді, процесті, жұмысты, қызметті сертификаттауға ұсынған тек жеке тұлға

С) Сапа мен қауіпсіздік талаптарына сай өнімді ұсынған тек заңды тұлға

D) Өнімді, процесті, жұмысты, қызметті сертификаттау талаптарын ұсынған заңды немесе жеке тұлға

Е) Өнімді сертификаттауға ұсынған, оның сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауап бермейтін жеке және заңды тұлға

427 Сәйкестік белгісі – бұл:

А) Өнімнің, қызметтің техникалық реттеу саласында, нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен, басқа да құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау процедурасынан өткендігі туралы тұтынушыға хабарлайтын белгілеу

В) Министрлік бекіткен, сертификаттау органы ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сай келетінін растайтын белгі

С) Әділет органы қорғайтын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережесіне сай қолданылатын, осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет заңға сай келетінін растайтын белгі

D) Белгіленген тәртіппен қорғалған, осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет халықаралық талаптарға сай келетінін растайтын белгі

Е) Кәсіпорын бекіткен, осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты стандартқа сай келетінін растайтын белгі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]