Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
195559.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
636.93 Кб
Скачать

397. Стандарт ұғымына анықтама беріңіз:

А) Көп реттен және ерікті түрде қолдану мақсатында өкілетті органмен қарастырылған ретте бекітілген техникалық реттеу объектілерін жалпы принциптер мен сипаттамаларды, ережелерді белгілейтін құжат

В) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша түрлі қызмет ережелері, нормалары мен талаптары белгіленетін, мүдделі жеке және заңды тұлғалар консенсусы негізінде жасалған, мемлекеттік басқару органы бекіткен нормативтік құжат

С) Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік орган бекіткен міндетті талаптар мен ережелерді белгілейтін нормативтік құжат

D) Стандарттау, метрология және сертификаттау органының белгілі бір қызмет саласында нақты жұмыс түрін атқаруға құқығын куәландыратын мемлекеттік стандарттау жүйесі ережесіне сәйкес берілетін құжат

Е) Өнімнің, процестің және қызметтің белгіленген талаптарды орындау үшін берілген жағдайларда бірігіп қолдануға жарамдылығын белгілейтін құжат

398. Үйлесімділік:

А) Өнімнің, процестің, қызметтің белгіленген талаптарды орындау үшін берілген жағдайларда жағымсыз салдар тудырмайтын үйлесімді пайдалануға жарамдылығы

В) Бір бұйымның, процестің, қызметтің бір ғана талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестің, қызметтің орнына пайдалануға жарамдылығы

С) Тек өнімнің мемлекеттік басқару органы бекіткен талаптарды орындау үшін жағымсыз салдар тудырмайтын үйлесімді пайдалануға жарамдылығы

D) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік органдардың қызметін тәуелсіз талдау

Е) Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың үйлесімін қамтамасыз ету

399. Стандарттау:

А) Нақты немесе келешектегі міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалану үшін белгілі бір саладағы ережелерді ретке келтірудің қолайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет түрі

В) Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызмет

С) Стандарттау саласында реттеудің қолайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет

D) Нақты немесе келешектегі міндеттерге қатысты жалпы, ерікті және бірнеше рет пайдалану үшін ережелерді белгілеу арқылы өнімге, қызметке, процеске қойылатын талаптарды ретке келтірудің қолайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет

Е) Белгілі бір салада ережелерді ретке келтірудің нақты дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет

400. Халықаралық стандарт:

А) Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған, ауқымды тұтынушыларға ұғынықты стандарт

В) Мүдделі тараптардың консенсусы негізінде жасалған, барлық елдердің стандарттау, метрология және сертификаттау органымен бекітілген нормативтік құжат

С) Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған, міндетті сипаттағы стандарт

D) Стандарттау жөніндегі халықаралық органмен қабылданған, барлық елдерде қолдануға міндетті стандарт

401. Стандарттау саласы:

А) Өзара байланысты стандарттау объектілерінің жиынтығы

В) Өзара байланысты стандарттау субъектілерінің жиынтығы

С) Өзара байланысты стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процеске, қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы

D) Өнімнің, процестің, қызметтің жағымсыз салдар тудырмайтын үйлесімді пайдалануға жарамдылығы бойынша өзара байланысты объектілердің белгілі бір саласы

Е) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның қызметі

402. Мемлекетаралық стандарттау

А) Мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау

В) Стандарттау және техникалық нормалау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссияның қызметі;

С) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңестің стандарттаудың белгілі бір саласындағы қызметі;

D) Барлық елдердің сәйкес органдарының қатысуы үшін ашық стандарттау.

Е) Бір мемлекеттік арасында жүргізілетін стандарттау

403. Технкалық шарттар:

А) Нақты өнімге, процеске, қызметке немесе бірнеше өнім түрлеріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат

В) Мүдделі тараптардың келісімі негізінде жасалған, мойындалған стандарттау, метрология және сертификаттау органымен бекітілген, түрлі қызметтер немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы принциптер немесе сипаттар берілген құжат

С) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органмен бекітілген, ауқымды тұтынушыларға ұғынықты құжат

D) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған, міндетті немесе ұсынылатын талаптары бар стандарт

Е) Стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған, ауқымды тұтынушыларға ұғынықты құжат

404. Бір бұйымның, процестің, қызметтің бір ғана талаптарды орындау мақсатында басқа бұйымның, процестің, қызметтің орнына пайдалануға жарамдылығы қалай аталады?

А) Өзара ауысымдылық

В) Үйлесімділік

С) Техникалық регламент

D) Бірыңғайлау

Е) Стандарттау

405. Техникалық реттеу мен стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры:

А) Стандарттар мен техникалық шарттарды қамтитын Мемстандарттың арнайы қоры

В) . Мемлекеттік органдардың құзыры шеңберінде жасалатын техникалық реттеу, стандарттар мен басқа да құжаттар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің арнайы қорының жиынтығы

С) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға міндетті мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар қоры

D) Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға міндетті ұлттық стандарттар қоры

Е) Стандарттардың, техникалық регламенттер мен басқа да нормативтік құжаттардың арнайы қоры

406. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат:

А) Стандарттау мен оның нәтижелері бойынша түрлі қызметтерге қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат

В) Түрлі қызмет түрлері мен оның нәтижелеріне қойылатын талаптар мен принциптер құжаты

С) Мүдделі тараптардың келісімі негізінде жасалған, Мемстандарт бекіткен құжат

D) Өнімге, қызметке, процеске қойылатын талаптарды белгілейтін құжат

Е) Стандарттау жөніндегі түрлі қызметтерге қойылатын нормалар мен талаптарды белгілейтін, Мемстандарт бекіткен құжат

407 Техникалық кедергі:

А) Техникалық реттеу мен стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілерде болатын талаптардың айырмашылығы немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі

В) Нақты өнімге, процеске, қызметке қойылатын, бір заңды немесе жеке тұлға жасаған, сол заңды немесе жеке тұлға пайдаланатын талаптар

С) Өнімге, процеске, қызметке, терминологияға, белгілерге, орамаға, таңбалауға қойылатын талаптар

D) Өнімге, оның орамасына, таңбалануына, сақталуына, тасымалдануына қойылатын талаптар, нормалар, ережелер мен сипаттамалар

Е) Бәсекеге қабілетті өнімді, қызметті шығаруды қамтамасыз ететін процестерге қойылатын талаптар

408.Техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды кім жүзеге асырады?

А) Өкілетті орган, оның аумақтық органдары, ҚР заңына сәйкес мемлекеттік қадағалау мен бақылау жүргізуге өкілетті басқа да мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары

В) Өкілетті заңды және жеке тұлғалар

С) Техникалық комитет

D) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті

Е) Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган

409. Стандарттау жөніндегі заң неге негізделеді?

А) Қазақстан Республикасы Конституциясына

В) «Стандарттау туралы» Заң мен халықаралық келісім ережелеріне

С) Нормативтік актілер мен халықаралық келісім ережелеріне

D) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен нормативтік актілеріне

Е) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісім ережелеріне

410. Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу» туралы Заңының күші таралады:

А) ҚР аумағында қызметті жүзеге асыратын, техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы азаматтық заңына сәйкес пайдалану құқығы бар мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға

В) Мемлекеттік басқару органдары мен стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға

С) Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылық және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға

D) Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарына

Е) Мемлекеттік басқару органдары мен стандарттау саласында қызмет ететін заңды тұлғаларға

411. Аталған мақсаттардың қайсысы стандарттау мақсаттарына жатпайды?

А) Зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатердің болмауы

В) Саудада техникалық кедергіні болдырмау, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

С) Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету

D) Өнімнің, процестің, қызметтің адамадардың өмірі мен денсаулығы, мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Е) Елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылуын қамтамасыз ету

412. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы құрамына енбейді:

А) Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдары

В) Стандарттау саласында құзырлары шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары

С) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган мен оған бағынышты мекемелер

D) Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде стандарттау саласында қызметті жүзеге асыратын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер

Е) Қазақстан Республикасының стандарттарының мемлекеттік қоры

413. Келтірілген құжаттардың қайсысы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды?

А) Техникалық талаптар

В) Ұйым сатндарттары

С) Қоғамдық ұйымдар, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар стандарттары

D) Техникалық шарттар

Е) Ұсыныстар

415. Келтірілген нормативтік құжаттардың қайсысы мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпей-ақ қолданыла алады?

А) Ұсыныстар

В) Техникалық-экономикалық ақпарат классификаторы

С) Ұйым стандарттары

D) Қазақстан республикасы мемлекеттік стандарттары

Е) Техникалық шарттар

416. Келтірілген пункттердің қайсысы стандарттаудың негізгі міндеттеріне жатпайды (ҚР СТ 1.0-2000 бойынша)?

А) Метрологиялық нормаларды, ережелер мен қағидаларды, талаптарды белгілеу

В) Дайын өнімнің көрсеткіштері мен сипаттамаларын үйлестіру мен байланыстыру

С) Параметрлік және типөлшемдік қатарларды, базалық құрылымды, бұйымның құрылымдық-бірыңғайланған блоктік-модульдік құрамдас бөліктерін белгілеу және қолдану негізінде бірыңғайлау

D) Тұтынушы мен мемлекет мүддесіне сәйкес өнім сапасы мен номенклатурасына қолайлы талаптарды белгілеу

Е) Барлық ресурс түрлерін сақтау және тиімді пайдалану

417. Кім ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы негізгі мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге құқылы емес?

А) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары

В) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары

С) Қазақстан Республикасы өкілетті мемлекеттік басқару органы

D) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган

Е) Жеке тұлға

418. Республикада стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер болмаған жағдайда стандарттарды кім әзірлей алады?

А) Белгіленген тәртіпте стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен келіскен мүдделі заңды тұлғалар

В) Кез келген мүдделі тұлғалар

С) Мемлекетаралық техникалық комитеттер

D) Кез келген заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары

Е) Кез келген мүдделі мемлекеттік басқару органдары

419. Аталған стандарттардың қайсысы Қазақстан Республикасы стандарттарының әзірлену, келісу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, басып шығару, жаңарту, ауыстыру тәртібін белгілейді?

А) ҚР СТ 1.2

В) ҚР СТ 1.7

С) ҚР СТ 1.6

D) ҚР СТ 1.4

Е) ҚР СТ 1.5

420. Егер Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісім-шартта Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеннен басқа ережелер белгіленген болса, онда мына ережелер қолданылады:

А) Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісім-шартта белгіленген

В) Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілген

С) Мемлекеттік стандартпен белгіленген

D) ҚР Үкіметімен белгіленген

Е) Халықаралық стандартпен белгіленген

421. Аккредиттеу – бұл:

А) Аккредиттеу органы заңды тұлғаның техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін нақтылау боынша белгілі бір салада жұмыс атқару құқығын ресми мойындайтын процедура

В) Ұйымның метрологияның белгілі бір саласында сынау зертханалары үшін жұмыстарды жүзеге асыру құқығын мойындау

С) Органның ұйымның белгілі бір салада сынау зертханасы ретінде жұмыстарды жүзеге асыру құқығын мойындау

D) Өкілетті мемлекеттік органның ұйымның тек сертификаттау органы ретінде белгілі бір салада жұмыстарды жүзеге асыруын тағайындау

Е) Министрліктің ұйымның сертификаттау органы немесе сынау зертханасы ретінде жұмысты жүзеге асыруын мойындау