Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.19 Кб
Скачать

52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары

Ұлттық қауіпсіздік органдары- ҚР- ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар.

Олардың міндеті- өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтың тұтастығын, елдің экономикалық, ғылыми- техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.

Ұлттық қауіпсіздік органдары:

─жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;

─ҚР- ның мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;

─ҚР- ның аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;

─мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.

ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми- зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін құрайды

53. Сот төрелігі және оның қағидалары

Сот төрелігі- соттар жүзеге асыратын адамдардың мінез құлқына және әлеуметтік процестерге ықпал ету мүмкіндігі мен қабілетін айтамыз.

Қағидалары:

1)ҚР- да сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік- құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

2)Судья сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

3)Сот төрелігі тараптардың тартысы және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады.

4)Қылмыстық істер бойынша да, азаматтық істер бойынша да сот төрелігі сот актілерін қайта қарау мүмкіндігіне жол береді. Сот үкімі мен апелляциялық қадағалау тәртібімен немесе жаңадан ашылған айғақтар бойынша шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.

5)Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар үшін сот төрелігі актісінің міндетті күші бар.

6)Сот төрелігінің кінәсіздік презумпциясы принципін ерекше атап өту керек. Оның мәні адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

54. ҚР- ның Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.

ҚР- ның әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі ҚР- ның Үкіметі 1999 ж. 2 тамызда қабылдаған осы министрлік туралы Ережеде бекітілген. Бір жағынан Әділет министрлігі Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін ҚР- ның Конституциясына, ҚР- сы бекіткен халықаралық келісімдерге, заңдарға, ҚР- сы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет министрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымы вертикалды ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, республиканың барлық аумағында біртұтас құқықтық саясатты жүзеге асырады, заңдарды реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады.

Енді жүйесіне келсек, министрлікті Премьер- министрдің ұсынысы бойынша республика Президенті тағайындайтын және қызметінен босататын министр басқарады. Оның екі орынбасары- вице- министрлері және Парламентпен байланыс жөніндегі вице- министр дәрежесіндегі хатшысы болады. Олардың бәрі Үкімет номенклатурасы болып есептеледі. Министр министрліктің жұмысын ұйымдастыралды және оған басшылық етеді, ол үшін жеке өзі жауап береді. Министрдің жанынан консультативтік- кеңесші орган – алқа құрылады. Оның құрамына министр, вице- министрлер, Парламентпен байланыс жөніндегі хатшы, Департамент және министрліктің өзге де құрылымдарың басшыларын ( барлығы тоғыз адам) кіреді.

Әділет министрлігін орталық аппараты департаменттерден, басқармалардан және негізгі міндеттерді қамтамасыз ететін өзге де құрылымдардан тұрады. Мәселен, оларға жататындар: заңдар мен халықаралық құқықтар, сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру, заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қаржы және ресурс жағынан қамтамасыз ету, ішкі әкімшілік департаменттері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]