
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
49.Алименттік қатынастар.
Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмлетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды. Ата-аналар «Неке және отбасы туралы» Заңының 20 – тарауына сәйкес өздерінің кәмлетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.
Егер ата-аналар өздерінің кәмлетке толмаған балаларын асырап-бағуына алмаса, кәмлетке толмаған балаларды асырап бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алады. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәлетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмлетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға-ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің-төрттен бірін; екі балаға-үштен бірін: үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот балаларының бәріне олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды, кәмлетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.
50.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қ¥ҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАҢДАРЫ дегеніміз -бүзылған қүкықты орнына келтіретін, заң бойьшша міндеттің орындалуын камтамасыз ететін мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасының қүқык қорғау органдарына:
2. Сот. Сот - азамапар мен үйымдардьщ кұқыктарын, бостандыктарын, заңды мүдделерін корғайтын, олар брылған жағдайда қалпына келтірегін барынша ыкпалды орган.
3. Прокуратура. Прокуратура - заңның дәлме-дәл және біркелкі орьшдалуын қадағалайтын орган.
4. Ішкі істер органдары.
Ішкі істер оргаңдарынын міндеттері:
- жеке адам және азаматтың конституциялық құқыктарын қорғау;
- қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- қылмыска карсы күресу;
- жол қауіпсіздігін камтамасыз ету;
- өз кұзыреті шегінде кылмыстық және окімшілік жазалауды орындау.
4. Ұлттық қауіпсіздік оргавдары. Үлтгык қауіпсіздік оргавдары - жеке адамды, коғам мен мемяекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден қорғауды жузеге асыратын арнаулы органдар.
5. Әділет органдары. Әділет органдары біртұтас құқытық саясатты дайындап, жүзеге
асырады, зандарды дайындауды, реформалауды, күқыктық көмек және заңгерлік кызмет көрсетуді аткарады.
6. Қаржы полиция агенттігі. Қаржы полициясы экономика және каржы кызметі саласында азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғайды.
7. Адвокатура. Адвокатура адамның өз қүқықтарын және защщ мүдделерін сотга корғауға, білікті заң көмегін алуға көмектеседі.
8. Конституциялык Кеңес. Конституциялық Кеңес Конституция және басқа заңдар нормаларына ресми түсінік береді, қабылданған заңдардын және халықаралык келісім-шарпардьщ Консткгуцияға сәйкестігін тексереді және т.б. кызметтер аткарады.
9. Кеден оргаңдары. Кеден органдары кеден ісі саласындағы конграбандамен және қылмыстармен, кеден шекарасы аркылы еткізілетін тауарларға қатысты кеден ережелері және салық завдарын бүзушылыкпен және тыйым салынған заттар айналымымен күреседі.
51. ҚР–ның прокуратурасы
ҚР- ның прокуратурасы – Республика аумағында заңдардың, ҚР- сы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР- ның Президентіне есеп беретін орган.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай- ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге аcырады.
ҚР- ның прокуратурасы төменгі тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және ҚР- ның Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.
ҚР- ның прокуратурасы өз қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз жүзеге асырады.
Өздерінің заңда белгіленген өкілеттігін жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.
Заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті.
Прокуратура органдары Республиканың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай- ақ мемлекетік құпияларды сақтау туралы заңдарына қайшы келмейтіндей деңгейде жариялы іс- қимыл жасайды.