
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың озге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасылық кұқықтық қатынастар - кұқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қаты-настарды реттейді;
ата-анасының камқорлығынсыз қалған бала-ларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәр-тібін айқындайды;
азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бүл мәселелер негізінен ҚР "Неке және отб.асы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.
Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.
Объектілері:
1) отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;
2) некені қиюдың тәртібі мен шарттары және
оны жою;
3) ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.
Ата-аналар мен балалардың өзара қүқыктары мен міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
45.Некеге туру шарты және тәртібі.
Неке дегеніміз ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Неке азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында ресімделгенде заңды деп танылады және белгілі бір құқықтық салдарлар туғыза алады. Шіркеулерде, мешіттерде некені қиюға заң тыйым салмайды, бірақ олардың құқықтық күші жоқ.
Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды және жағымсыз жақтарын белгілейді. Неке тұрудың жағымды жақтарына: некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі жатады.
Некеге тұруға: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен терейтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балардың, атасының, әжесінің және немерелерінің) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі бөлек немесе анасы ортақ ағалы-інілі мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап алушалар мен асырап алғандардың;4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді.