
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
“Конституция” деген сөздiң латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды бiлдiредi. Конституцияның басқа құқықтық нормативтiк кесiмдерден мынадай ерекшелiктерi бар екенiн айта кету керек:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
Қазiргi уақытта негiзгi құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Ол тәуелсiздiк кезiндегi Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бiр арнаға келтiрдi.
Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады:
Оның жоғары заңдық күшi бар және елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Республиканың бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн және Қазақстан мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетед
ҚР-ның конституциясы 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады.9 бөлімнің атауы:
Жалпы ережелер
Адам және азамат
Президент
Парламент
Үкімет
Конституциялық кеңес
Соттар және сот төрелігі
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару
Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚРның Конституциясына екі рет өзгеріс енгізілді
18. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесi Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгiленедi. Қандай да бiр атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берiлмейдi. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
19.ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі
ҚРКК/і 7мүшеден тұрады. Өкілеттігі 6жылға созылады. Республиканың экс Президентітері құқығы б/ша Конс/қ Кеңестің мүшелері болып табылады. Конс/қ Кеңестің төрағасын Президент тағайындайды.Конс/қ Кеңестің екі мүшесін –Республика Президенті, екі екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Кон/қ Кеңестің мүшелерінің жартысы әрбір 3жыл сайын өзгертіліп отырады. КК өтініш түскен күннен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. КК/ң шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Р/ң бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдауға жатпайды.КК/ң ұйымдастырылуы мен қызметі конс/қ заңмен реттеледі. КК/ң шешіміне толығымен немесе бір бөлігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін, бұл қарсылық Кон/қ Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріледі. Президент қарсылығы еңсерілмеген жағдайда, КК/ң шешімі қабылданбады деп есептеледі.
20. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға, халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентi мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
21. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
22. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. ҚР-да сот билігі тұрақты судьялар, сондай ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа зеседателдері арқылы сотарға ғана тиесілі. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге астырады. Сот ісін қарау тәртібі мен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзгеде адамдардың қарауына не бақылауға алуына болмайды. Сот билігі азаматтық, қылмыстық ж/е заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
24. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды.Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.
Құқықтары: Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы, өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.
Әркiм өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. Әркiм өзiнiң жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетiн пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдап алуға құқығы бар. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркiмнiң Республикадан тыс жерлерге кетуiне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергiсiз қайтып оралуына құқығы бар. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi заңмен реттеледi.
Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар. Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. Республика азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң көлемiн тегiн алуға хақылы.
Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi. Азаматтың мемлекеттiк жоғары оқу орнында конкурстық негiзде тегiн жоғары бiлiм алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар.
25. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты.
Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi; 3) Мәжiлiске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi; 4) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады; 5) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 6) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды; 7) Республиканың министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актiлерiнiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады; 8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды. Қазақстан Республикасының Үкiметi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады.
26. Мемлекеттік билік жүйесі, оның түрлері. Мемлкеттік билік бұл мемлкеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субьектілердің ерік жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық әлеуметтік және рухани салаларын басқау жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан. Мемлекет органы дегеніміз белгілі тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы. ҚР мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша өкілді, атқарушы, сот, прокуратура, және өзге де бақылааушы, қадағалаушы органдарға бөлінеді. Мемлекеттік органдардың мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: ҚР Үкіметі және ҚР соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе, ҚР дағы мемлекеттік органдарының бірәыңғай жүйесін құрайды.
ҚР Президенті мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лаузымды тұлға.
ҚР Парламенті ҚР ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент екі палатадан сенаттан және мәжілістен тұрады.
ҚР Үкіметі атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады, және олардың қызметіне басшылық жасайды.
ҚР Сот билігін сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.
27-28. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады.Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылғанҮкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.Қазіргі кезде төмендегі салалар бойынша республиканың мынадай орталық атқарушы органдары бар:А. Экономика салалары бойынша;Б. Әлеуметтік мәдениет салалары бойынша;В. Әкімшілік саяси қызмет салалары бойынша.Сонымен ҚР әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:А. Қазақстан Республикасының министрліктері;Б. ҚР агенттіктері; В. ҚР орталық атқарушы органдарының ведомстволары.Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады.Министрлiк Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Үкiметтiң құрылымынан Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, бiрақ оның иелiгiнде болатын орталық атқарушы органдарды және Республиканың ведомстволарын (министрлiктегi, мемлекеттiк комитеттегi комитеттер, департаменттер, агенттiктер) бөлiп айтқан жөн. Үкiметтiң билiк жүйесiндегi жоғары орган ретiндегi рөлi оны елдiң бүкiл аумағында iске асырылатын барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда қолданылатын өкiлеттiгiнен көрiнедi. Сонымен қатар оның билiгiне жатқызылған мәселелердi дербес шешедi.Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және олар жергiлiктi жерлерде жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi.
29. Азаматтық құқық- жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік – аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен іс әрекеттерімен ажырамс байланыстағы Қ.Р құқығының бір саласы. Тауар–ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік,мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатнастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатнастардың негізгі түрлерінің біріне,құқықтық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатнастар жатады.Азаматтық құқық тек қана мүліктік емес ,сонымен бірге жеке мүліктік емес қатнастарды да реттейді.Қ.Р ның азаматтықм заңнамалары 2 түрлі жеке мүліктік емес қатнастарды: 1) мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес және; 2)мүліктен тыс ,мүліктік емес қатнастарды реттейді.
Азаматтық құқықтың қағидалары:
азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтық мәртебесінің теңдігі;
меншікке қол сұқпаушылық;
азаматтық-құқықтық шарттың еркіндігі;
мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке
өмірге араласпауы;
азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері-кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғау;
несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
азаматтық-құқықтардың қорғалуы.
30. Азаматтық құқықтың қайнар көздері және жүйесі. Азаматтық құқық дегеніміз- жеке және заңды тұлғалардың мемелекеттің және әкімшілік аумақтың бөліністердің күнделікті өмірмен , іс-әрекеттермен ажырамас байланыстағы құқықтың бір саласы. Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көздері дегеніміз-азаматтық-құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық акт. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның Азаматтық кодексі болып табылады. (жалпы бөлім). 1999 жылы 1 шілдеде ҚР Азаматтық кодексінің «Ерекше бөлімі» қабылданды. Осыған сәйкес азаматтық құқықтың жүйесі 2 бөлім нен тұрады: жалпы және ерекше.
31. Азаматтық құқ.қатынастар түсінігі мен түрлері.Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады. Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Заңды тұлғалар-меншік, шаруашылық жүргізу н/е жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен м3ндеттерге ие болып6 оларды ж8зеге асыра алатын адам не ұйым. Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Объектісі-мүліктіа ж/е мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.Мүліктік құқықтар мен игіліктер:заттар, ақша, шетел валютасы, құндықағаздар, тауарлық белгі, фирмаларатаулары. Мазмүны-сол қатынастарды жүзеге асырушы субъектілердің құқықтары мен міндеттері н/е сол іс-қимылды асыруда құқықтар мен міндеттер.
32. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастар өзара байланысты 3 элементтен тұрады: субъектісі; объектісі; мазмұны.
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер. Шартты жүзеге асыру үшін қабілеттілік, әрекет қабілеттілігі болуы қажет.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектісі-мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар болып табылады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, т.б.
Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны дегеніміз-сол қатынастарды жүзеге асырушы субъектілердің құқықтары мен міндеттері немесе сол іс-қимылды жүзеге асырудағы құқықтар мен міндеттер.
33. Азаматтық құқықтардың объектілері мүліктік және жеке мүліктік қатынастар болуы мүмкін. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақшалар, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарда даралаудың басқа да заттары, мүліктік құқықтар және де мүліктер жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады, бірақ өздерінің азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынады.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
34. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары: Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.
35. Азаматтық құқықтардың объектілері мүліктік және жеке мүліктік қатынастар болуы мүмкін. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақшалар, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, фирмалық атаулар, тауар белгілері және бұйымдарда даралаудың басқа да заттары, мүліктік құқықтар және де мүліктер жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілері болып табылады, бірақ өздерінің азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынады.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарылып алынған, оның қолданылуы мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 35 бабы).
Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
36. Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді мәмілелер деп танылады.
Мәмілелер бір жақты мәмілелер мен шарттар болып екі түрге бөлінеді.
Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтына қарамастан қолданыла береді.Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуы,берілген сенімхатын,өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады.
Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркін білдіреді, яғни шарт болып табылады.
Мәмiленiң нысаны: Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады. Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшiн жасалған мәмiлелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келiсiмi бойынша ауызша жасалуы мүмкiн.
Мәмiлелер жарамсыздығының негiздерi 1. Қажеттi лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшiнiң мерзiмi бiткеннен кейiн жасалған мәмiле жарамсыз болады. 2. Терiс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтiн немесе iскерлiк әдеп талаптарын бұзатын мәмiле жарамсыз болады. 3. Он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәмiле жарамсыз болады. 4. Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршыларының келiсiмiнсiз жасаған мәмiлесiн, заң бойынша оның өзi дербес жасауға құқығы бар мәмiлелердi қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 5. Есуастық немесе ақыл-есi кем болуы салдарынан әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған адам жасасқан мәмiле жарамсыз болады. Кейiннен әрекет қабiлеттiгi жоқ деп танылған азамат жасасқан мәмiле, егер мәмiленi жасау кезiнiң өзiнде-ақ бұл азаматтың психикалық шатасу жағдайында болғаны дәлелденсе, оның қорғаншысының талабы бойынша сот мәмiленi жарамсыз деп тануы мүмкiн. 6. Сот әрекет қабiлеттiлiгiн шектеген адам жасасқан мәмiленi сот оның қамқоршысының талап етуi бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 7. Әрекет қабiлеттiлiгi болғанымен, мәмiле жасаған кезде өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе өзiнiң не iстегенiн бiлмейтiн жағдайда болған азамат жасасқан мәмiленi сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тiрi кезiнде талап етуге азаматтың мүмкiндiгi болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейiн басқа мүдделi адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 8. Елеулi мәнi бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмiленi сот жаңылысу әсерiмен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. Мәмiленiң табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкiндiгiн айтарлықтай төмендететiн мәнiнiң сапасына қатысты жаңылысудың елеулi мәнi болады. Дәлелдердегi жаңылысу кейiнге қалдыру немесе күшiн жою шарты ретiнде, мәмiленiң мазмұнына осындай дәлелдi енгiзген кезде ғана мәмiле жарамсыздығының негiзi бола алады. Егер жаңылысу мәмiлеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсiпкерлiк тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмiлеге қатысушы екiншi жақтың мүдделерiн ескере отырып, мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы. 9. Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн. 10. Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетiн етiп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретiн бұза отырып жасаған мәмiлесi, егер мәмiледегi басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы бiлгенi немесе күнiлгерi бiлуге тиiс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлiк иесiнiң қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
37. Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.
«Әкімшілік» латын тілінде басқару деген мағынаны білдіреді.
Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.
38. Әкімшілік құқық бұзушылық деп белгіленген мемлекеттік басқару тәртібіне немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру, құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) әрекеттер мен әрекетсіздіктер танылады, олар үшін заңдылықтармен әкілшілік жауапкершіліктер қарастырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
құқыққа қайшылық;
кінәлілік;
қоғамға зияндылық;
әкімшілік жауапкершілік.
Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
объект бұл заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады;
субъектісі бұл 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс азамат;
субъективтік жағы бұл қасақана не абайсызда жасалған нысаны;
объективтік жақ бұл әрекет немесе әрекетсіздік.
39. Әкімшілік жауапкершілік – заңдық жауапкершіліктің бір түрі, ол
құқық бұзушыға (жеке және заңды тұлғаға) әкімшілік құқық бұзғаны үшін уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік заңнамада белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза қолдануынан көрініс табады.
Әкімшілік жаза осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары. Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.
Әкімшілік жазаның түрлері:
Ескерту;
Әкімшілік айыппұл салу;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
Арнаулы құқықтан айыру
Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру
Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу
Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу
Әкімшілік қамауға алу
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
40. Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы. Әкімшілік құқықтың пәні, шартты түрде екі бөлімнен тұрады: 1.аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерімен және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады. 2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы. Әкімшілік құқықтың әдісі – жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді. Әкімшілік әдістерінің түрлері: императивтік (кесімді, биліктік) – құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету тәсілі; диспозитивтік (автономиялы) – ықпал ету субъектілерін, өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал беру тәсілі; көтермелеу - мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі; ұсыныс жасау – басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
41. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік-құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары: 1. Нормативтік құқықтық акт - құқық шығарушы құзыреті субъектілер қабылдаған және әк.құқықтық нормалары қаралған заңдық акт 2. Әкімшілік шарт - нормативтік мазмұны бар әкімш-құқ нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көпжақты келісім 3. Әкімшілік прецедент - нақты заңды іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады 4. Құқықтық әдет-ғұрып - тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі 5. әкімш-құқ доктрина - әкімш-құқ мәселелер жөніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде жаңа әкімш-құқ нормалар жасалады және нақты істер бойынша шешімдер қабылданады.
42. Әкімшілік құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысушыларының субъективтік қатынастары мен заңдық міндеттері болады. Элементтері: субъектілер – қатысушылар субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттерді иелену болып табылады; объектілер – неге байланысты қатынас пайда болды, өзгертілді, тоқтатылды; заңды айғақтар – құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгертілуіне, тоқтатылуына әсер ететін нақты өмірлік жағдайлар; мазмұны – субъективтік құқықтар мен заңдық міндеттердің жиынтығы.
43. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
Әкімшілік қүкықтың қүрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет -мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің күқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптерден негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтас-тығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; т.б.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құра-мына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси кызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т. б.
Мемлекеттік қызмет мәселелері Қазақстан Республикасының "Мемлекетгік қызмет туралы" Заңымен реттеледі (1999жыл 23 шілде).