Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.19 Кб
Скачать

09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi

1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiксыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.

78. Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.

ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 21.12.02 ж. N 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 79-бап өзгертілді Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:

а) айыппұл;

б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) бас бостандығын шектеу; (бұр. ред. қара)

е) бас бостандығынан айыру болып табылады.

Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екi аптадан алты айға дейiнгi кезеңдегi мөлшерiнде тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.

Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.

Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.

(бұр. ред. қара) Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың біреуі ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін - он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Кәмелетке толмай сотталған адамдар бос бостандығынан айыруды:

а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;

б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.

79. ҚР экологиялық құқығы.Экологиялық құқық табиғи ресурстарды пайдалану ж/е қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.Экологиялық құқықтық нысаны ( объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні: 1) қоршаған табиғи ортаны қорғау; 2) табиғат байлықтарын тиімді пайдалану; 3) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады. Экологиялық құқықтар әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағынылған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. құқықтық нормалардың орындалуы үшін әкімшілік-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістері қолданылады. Аталған әдістер экологиялық құқық саласында да пайдаланылады.Әкімшілік-құқықтық әдістер құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушалар қатынасынан туындайды.Азаматтық құқықтық әдіс құқықтық қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара теңдігіне негізделген . Сонымен бірге императивті және диспозитивті әдістер қолданылады. Императивті эклогиялық құқықтық қатынастарының субъектілерінің құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, жазу, тыйым салу нормалары қолданылады. Диспозитавтік әдіс ол экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдардың негізінде әрекет жасауы. Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғтты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады. Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтьң экологиялық-құқықтық тәртіптерін оқытады.

Экологиялық мәселелер: түрлері шешу жолдары. Жаһандық экологиялық мәселелер: 1)климаттың өзгеруі : 2) озон қабатының бұзылуы; 3)биоәртүрллікті сақтау ( өсімдіктермен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін ); 4 ) жердің шөлеуттену және тозуы . Ұлттық экологиялық мәселелер:1 ) Семей ,Арал; 2)Каспии теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланыситы мәселелер; 3)Су ресурстарының сарқылыу және ластануы; 4)Байырғы ластанулар ; 5)трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6) әскери ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері. Жергілікті экологиялық мәселелер;1 ) Әуе бассейнінің ластануы; 2)радиоактивті ластану; 3) Бактериологиялық және химиялық ластану ; 4)өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар;5 )табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар; Экологиялық проблемаларды табысты шешумен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемелекеттің әлеуметтік – экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетеді.Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурстарды үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық « лас» өндірістің үлесін азайту,табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың , экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетіе мемлекеттік,өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттармен талаптарды енгізі қажет

80. Қоршаған орта – атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы. Қоршаған ортаны қорғау объектілері: жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, тірі организмдердің гендік қоры, табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиіс.

81. Табиғи ресурстарға меншік құқығы. Объектілері мен субъктілері.Табиғат ресурстарына меншік құқығын 2 мәнісінде қарастыру керек. 1) табиғат ресурстарын меншік құқығы ұғымынан нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген, экол/қ құқық қатын.астарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Баксқаша айтқанда, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы.

2) табиғат ресурстарыне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану ж/е иелік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда, бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі. ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: меншік құқығы дег/з субъектінің заң құжаттары арқ танылатын ж/е қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану ж/е оған билік ету құқығы. Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру ү/н пайдалы қасиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі б.т. Билік ету құқығы таб объектілерінің заңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі б.т. Табиғат ресурстарының субъектілері: мемлекеттің өзі, жеке ж/е заңды тұлға. ҚР жер кодексінің 20- бабына сәйкес жерге меншік құқығынның субъектілері деп мыналар танылады:

1) республика аумағындағы жерге мем/к меншік құқығының субъектісі – ҚР;

2)ҚР азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Таб ресурстар/ң объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады: 1)сарқылмайтын объектілер(күн энергиясы, атмосфералық ауа, су). Сарқылатын

84. Жер қоры: түсінігі, түрлері. ҚР Жер кодексінің 1-бабында көзделген жер қоры арнайы мақсатқа-санаттарға бөлінуге ие. Егер ол біртұтас болмаса қалай бөлінуі мүмкін сол себепті ҚР-сының жер корын ҚР-ның біртұтас жер қоры деп атаған дұрыс Жер қоры – ҚР-ғы жер құқығы қатынастарының аса маңызды объектісі.Жоғарыда көрсетілгендей ҚР-сы конституциясы ҚР-сы егемендігі бүкіл аумағына таралатын барлық жерлерді құқықтық реттеудің қайнар көздерінің басты құқықтық базасы болып табылады.жер қоры жерге меншік құқығының жекелеген жер учкскелетіне жер пайдалану құқығының, севитуттың, жерді басқару мен қорғаудың объектісі болып табылады.

85-86. Жер құқық қатынастары (ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтығ бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы. ЖҚҚ дегеніміз-жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарын жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілеріне жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді қорғау мен пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. ЖҚҚ объектісі-Қ.Р-дағы бүкіл жер болып табылады және субъектілерге бекітіліп берілген жер учаскелері, жер үлестері болып табылады.ЖҚҚ субъектілері-жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылады және сол қатысушыларға байланысты белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленген тұлғалар болып табылады. Олар: жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет. ҚР-ның жер заңдары мына принципке негізделеді:

-ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- жерді, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

-Жерді нысанды пайдалану;

- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

- жерді ақы төлеп пайдалану.

87. Жерге меншік құқығының түрлеріне – ҚРда жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Жер учаскесіне меншік құқығы: 1) меншік құқығын табыстау 2) меншік құқығын беру 3) меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды. Меншік құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс. Жер учаскесіне меншік құқығы мемлекеттік органдар актілерінің, азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде туындайды. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

88. Қылмыстық іс жүргізу бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады.Ол сатылар былайша аталады:1)қылмыстық іс қозғау; 2)қылмыстарды алдын ала тергеу; 3)басты сот талқылауын тағайындау; 4)басты сот талқылауы 5)апелляциялық саты сотында іс жүргізу ;6) үкімді орындау.Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни, жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді.Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге боладыжәне олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар. Қылмыстық іс қозғау сатысы.Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәні - өкілетті органдар, олардың лауазымды адамдары қылмыстық белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім ғана одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтау органдары) берілген. Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы.Бұл-әр қылмысты тез және толық ашып,айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттеоген тергеуші мен анықтау органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмыстарды тергеу екі түрде жүзеге асырылады 1) анықтау; 2)алдын ала тергеу. Алдын ала тергеу және анықтау қызметі тергеу әрекеттерін (тінту, жауап алу, зат алу және т.б) қолдану арқылы жүргізіледі. Анықтау органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел іздестіру шараларын да қолданып қылмысты ашады. Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы ретінде жауапқа тартумен аяқталмайды.Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың мән-жайын толық және жан-жақты ашып зерттеу тергеу органдарының міндеттеріне жатады. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы.қылмыстық іс айыптау қорытындысымен 1-сатының сотына келіп түскен соң іс жүргізудің жаңа сатысы басталады. Бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу және анықтау жүргізу кезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса, онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Басты сот талқылауы. Бұл сатыда алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған және айыптаушы мен қорғаушы жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігі жүзеге асырылады. Апелляциялық тәртіппен істерді қарау.Бұл сатының негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылардың дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдігін) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақытында жою болып табылады. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты сот үкімдеріне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде беруге болады.

89. Сот – сот билігі органы, ҚР сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот. Судья – сот билігінің иесі, осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья. Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Тергеуші – өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға. Анықтаушы – өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынща сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам. Сезікті – тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Айыпталушы - өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам. Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам. Жәбірленуші - қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам. Сарапшы – іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам шақырылуы мүмкін. Маман - тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақырылуы мүмкін. Аудармашы – аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және сезікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сот отырысының хатшысы - сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші. Сот приставы – соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам.

90. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 174 бабына сәйкес аталған істерді қоспағанда,азаматтық іс екі ай ішінде қаралуға тиіс.Істі дайындау 7 күн ішінде жүргізіледі,күрделі істер бойынша судья дәлелді ұйғарым арқылы оны бір айға дейін ұзарта алады. Азаматтық іс жүргізу кодексінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізу құқықтарына ,шет мемлекеттерге қойылатын талаптарға ,шетелдік соттардың сот тапсырмалары мен шешімдеріне, халықаралық шарттарға арналған арнайы бөлім бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі- құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы бірінші сатыдағы, апелляциялық бақылау, сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар. Азаматтық іс жүргізу азаматтық процесс соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың куәлардың, сарапшылардың, сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет.Азаматтық іс жүргізу дегеніміз,іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының,дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызмет. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады,өйткені қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысумен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесін деп айтуға болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі. Азаматық іс жүргізу құқығы құқықтық басқа салалармен, әсіресе материалдықсалаларымен тығыз байланысты.Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады. Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты,өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейд

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]