Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.19 Кб
Скачать

65. Еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек құқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.

Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік құқықтық актілер кіреді:

а) Еңбек қатынастары құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң ҚР ның Конституциясы.

б) ҚР сы аумағындағы еңбек қатынастарын реттейтін ҚР дағы Еңбек туралы ҚР ның Заңы және соған сәйкес қабылданған заңдар және ҚР сы Президентінің жарлықтары

в) ҚР сы Президентінің жарлықтары;

г) ҚР сы Үкіметінің қаулылары;

д) ҚР сы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

е) Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері;

ж) Жергілікті маслихаттардың өз құзіреті шегіндегі нормативтік актілері;

з) Локальді нормативтік актілер;

и)\Жұмыс берушінің актілері;

ҚР мы Конституциясының төртінші бабының төртінші тармақшасына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

66.Жеке еңбек шарты.

Еңбек қатынастары негізінен жеке еңбек шарттарымен және ұжымдық шарттармен реттеледі. Жеке еңбек шарты - жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жазбаша жасалған екі жақты келісім. Шарт бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық төлеуге, еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жеке еңбек шарты: белгісіз мерзімге; белгілі бір мерзімге; белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін. Егер шартта оның қолданылу мерзімі көрсетілмесе, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі.

Жеке еңбек шарты жазбаша түрде кемінде екі дана етіп жасалып, оған тараптар қол қояды, ал бір данасы қызметкерге беріледі. Осыдан кейін қызметкердің жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық шығарылады. Еңбек кітапшасы (ол болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар бола алады. Қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында тараптардың келісімімен сынақ өткізілуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Сынақ туралы талап шартта көрсетілуі, ал бұл болмаған жағдайда қызметкер жұмысқа сынақсыз қабылданды деп есептелінеді.

Жеке еңбек шартының тоқтатылу негіздері: мерзімнің бітуі бойынша; тараптардың еркіне байланысты емес мән-жағдайларда(әскери қызметке шақырылғанда, қызметкер қайтыс болса жөне т. с. с.).

Шартты бүзу негіздері: тараптардың келісімі бойынша; тараптардың бірінің бастамасы бойынша (бір ай бұрын біреуі екіншісін жазбаша ескертсе); заңнамалық кесімдерде көзделген өзге де негіздер болып табылады. Жеке еңбек шартын бұзу мен тоқтату жұмыс берушінің бұйрығымен хатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]