
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған тығыз байланысты қарым қатынастарды айтады.
Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады. Құқықтық маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бөлінеді.
Ісәрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері «бұйрық беру», және «ынталандыру» болып бөлінеді де, бұлар «әкімшілік» және «экономикалқ» әдістерге жатады.
Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша да иынандай топтарға бөлінеді: өндіріс нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шарттындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа да ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген «ынталандыру» әдістерінен тұрады. Еңбек қатынастарын еттеудің басты әдісі - әлеуметтік- әріптестік әдіс, оның мынандай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде– ұжымдық шарт; 2) салалық, жергілікті жер деңгейінде- салалық, жергілікті тарифтік және басқа әлеуметтік- экономикалық келісім; 3) мемлекет деңгейінде- Бас келісімдер.
Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері:
1) еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым қолдану;
2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуде негізделген әдістерді қолдану;
3) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда «келісім» және еңбекі басқаруда «міндеттеу» қағидаларына сүйену;
4) еңбекте «ынталандыру» мен «міндеттеу» әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;
64. Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек құқығының қағидалары- еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты басқа да қоғамдық қатынастарды реттеу үшін негізге алынатын бастапқы идеялар, постулаттар.
Республиканың Ата заңында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарды баянды етілген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілетіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; еріксіз еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24 бап); денсаулықты сақтау құқығы (29 бап); бірлестіктер бостандығына құқығы (23 бап); құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13 бап); еңбегі үшін ешқандай кемсітушілік және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес еңбекақы алу құқығы (24, 28 баптар); демалуға құқығы (24 бап); Бұл конституциялық қағидаттар еңбк қатынастарын реттеудің салааралық қағидаттарына атады.
Еңбек құқығының салааралық қағидаттарына мыналар жатады:
а) Еңбек шартын жасасу бостандығы;
б) Қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету;
в) Заңдарда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем емес еңбекақы алу кепілдігі;
г) Демалыс пен жұмыс режимінің қалыпты жағдайларына мемлекеттік кепілдіктердің берілуі;
д) Еңбек тәртібін қамтамасыз ету;
е) Кәсіби біліктілікті арттыру кепілдігі;
ж) Өндірістік кәсіптік мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігу құқығы;
з) Еңбек құқығы нормаларының бірлігі және дифференциясы.