
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
57. Қр адвокатура мен нотариат.
Адвокатура ҚР- ның Конституциясымен 1997 жылғы 5 желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады., кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты пайда табуды көздемейді.
ҚР- дағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекеттік кепілдік берген және ҚР- ның Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай- ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай- ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.
Нотариат ҚР- ның 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» қабылданған заңымен реттеледі. Осы заңның 1 бабына сәйкес нотариат дегеніміз- ол жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін нотариалдық әрекеттер арқылы қорғаудың бекітілген жүйесі. Ол құқықтар мен фактілерді куәлендіруге, сондай- ақ осы заңда қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады. Мысалы: мәмілелерді куәлендіреді; құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын куәлендіреді; аударманың дұрыстығын куәлендіреді т.б.
58. ҚР- ның қаржылық құқығы құқық саласы ретінде
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы- реттеуші ықпалын тигізетін құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар мен қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланысты болады.
Мемлекетік қаржылардың материалдық негізін ақша нысынындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.
ҚР- ның қаржылық құқығы құқық саласы ретінде мемлекетің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекетік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттің қаржылық қызметі деп, мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның өкілетті органдарыгың қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай- ақ пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі іс- қимылдары мен қызметтерін айтамыз.
Мемлекетік қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік- экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Мемлекеттік қаржылық қызметінің мынадыай түрлері болады: бюджеттік қызмет; валюталық- қаржылық қызмет; қаржылық- банктік қызмет; кредиттік қызмет; қаржылық- сақтандыру қызметі; қаржылық – шаруашылық қызметі; салықтық қызмет; мемлекетік қаржылық бақылау, т.б.
Мемлекетік қаржылық қызметінің әдістері: ақшалай қорларды қалыптастыру; ақшалай қорларды бөлу; ақшалай қорлардың пайдалануын ұйымдастыру;
Мемлекеттік қаржылық қызметінің міндеттері: қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізін және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік- экономикалық даимуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу; айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару; қаржылық жоспарларды жүзеге асыру, т.б. болып саналады.