
- •5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
- •6. Мемлекеттің белгілері.
- •10. Құқық бұзушылықтың ұғымы және құрамы.
- •11. Құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
- •12. Субъективті құқық және заңдық міндет.
- •14.Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
- •17. Қазақстан Республикасының Конституциясының жалпы сипаттамасы.
- •44.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.
- •45.Некеге туру шарты және тәртібі.
- •46. Некені бұзу және некені жарамсыз деп таңу.
- •47.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •49.Алименттік қатынастар.
- •52. Қр Ұлттық қауіпсіздік органдары
- •53. Сот төрелігі және оның қағидалары
- •55. Қр ішкі істер органдары
- •56. Қаржы полициясы және оның атқару қызметі.
- •57. Қр адвокатура мен нотариат.
- •59. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
- •60. Бюджеттік құқық және мемлекеттік бюджет.
- •63. Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
- •64. Еңбек құқығының қағидалары
- •65. Еңбек құқығының қайнар көздері.
- •66.Жеке еңбек шарты.
- •67.Жұмыс уақыты және демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.
- •68.Еңбек тәртібі – тәртіптік және материалдық жауапкершілік.
- •70.Сақтандыру құқығы түсінігі.
- •09.12.04 Ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. Ред. Қара)77. Жазаның түрлерi
]1.Құқық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.
Құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы. Мемлекет дег.з белгіленген шекара шегінде өзінің территориясы бар, қоғамды басқаратын билік механизмі бар, халықтан салық жинайтын саяси ұйым.
Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.
2. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаты: а) заңның үстем етуі, б)мемлекеттің биліктің бөлінуі, в)тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. г)азаматтарлың құқықтары мен боста/ның шын мәнділігі, олардың құқықтық ж/е әлеум/к қорғалатындығы.д)саяси ж/е идеологиялық плюрализмнің болуы.ж)азаматтық қоғамның қалыптасуы,з)ішкі заңдар көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптеріне сәйкес келуі. «Заң-мем/тік ақыл, сот-мам/тің жүрегі, мәдениет-мем/тің тәртібі» осы қағидалар бірігіп, қалыптасып құқықтық мемлекетті орнатады. Құқықтық мемлекет дегеніміз-жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстепдігі мен құқық принциптеріне негіздеоген мемлекет.
3. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы. Азаматтық қоғам – имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. Азаматтық қоғам мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса, құқықтық мемлекетте болмайды. Азаматтық қоғам мынадай жүйелерден тұрады: Әлеуметтік; экономикалық; саяси; рухани- мәдени; ақпараттық. Азаматтық қоғамның түрлері: қауым; әлеуметтік құрылымдар; қоғам; азаматтардың әлемдік достастығы. ҚР-да құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы енді ғана басталуда.Сондықтанда көптеген келелі мәселелер туындау үстінде,бұлардың шешімін табу мемлекетке,қоғамға және де нақтылап айтқанда әрбір адамға байланысты.Сонымен қорытып айтқанда азаматтық қоғам-адамның өмір суру болмысындағы жағдайларын,тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мудделерін қанағаттандыруды қамтамассыз ететін қоғамдық қатынастардың формальді және формальді емес те құрлымдарының жиынтығы.Азаматтық қоғамның құрлысы: заң шығару және органдар жанындағы саяси партиялар мен лоббилік ұйымдар; қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстар; ғылыми және мәдени ұйымдар, спорт қоғамдастықтары; тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары,отбасы;мешіт,шіркеу және т.с.с; отбасы.
4..МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯСЫ Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, механизімінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыпьасқан: (маркстік – лениндік) және жалпыәлеуметтік.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге және халықты басқару барысында өзіне тән бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз оның мәні мен табиғаты көрінетін іс - әрекетінің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтраға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады. Мемлекеттің қызметтеріне экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, мәдени – тәрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, әскери, қорғаныс, халықаралық қылмыспен күрес т.б. жатады. Мемлекеттің қызметтері – мәні мен қажеттілігін білдіретін мемлекеттің іс - әрекетінің негізгі бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, әлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің әр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіретін және реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық және ұйымдастырушылық деп екіге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану және құқық қорғау жатады.
5. Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
Мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы мемлекеттің нысаны деп аталады. Кез келген мемлекет өзінің басқару, әкімшілік – құрылымдық және саяси тәртіптері белгілері бойынша үш нысанға бөлінеді. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай монархиялық және республикалық болып екі түрге бөлінеді. Монархия дегеніміз елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагерлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бірнеше түрге жіктеледі.
Республика мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны. Республикалық басқару нысанының негізгі белгілері төмендегідей: мемлекет басшысы мен мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органдарын халықтың сайлайтындығы; мемлекеттегі органдар мен лауазымды қызметтердің өмір бойы емес, белгілі бір мерзімге сайлануы; мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайтындықтан олар халықтың атынан сөйлеу, әрекет жасау құқығына ие болады.Республиканың президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері болады.
Елді, халықты басқару ыңғайлы болу үшін мемлекет аумағы ауыл, аудан, қала, облыс, аймақ, өлке, округ, штат, губерния т.б. сияқты әкімшілік құрылымдарға бөлінеді. Аталған құрылымдарда мемлекеттің басқару органдары құрылады. Сонымен мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы мемлекеттің құрылым нысаны деп аталады. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына орай унитарлы, федеративті, конфедеративті болып келеді.
Саяси режим (тәртіп) дегеніміздің өзі мемлекеттік биліктің іске асырылуының амал – айла, әдіс, тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік биліктің іске асырылуының тәсіліне орай билік, қоғам және жеке адам арасындағы қатынастың сипаты анықталады. Осы тұрғыдан қарағанда саяси режимнің тұрапатына қарай мемлекет нысаны жағынан демократиялық емес (тоталитарлы, авторитарлы режимдер) және демократиялық (президенттік, парламенттік) болып екі үлкен топқа бөлінеді.
6. Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар.Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі (тәуелсіздік), құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады.
а. Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып іске асырылады. Бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
ә. Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болатын себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратны елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. б. ең негізгі белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды.
в. Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі.
г. Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады.
д. Мемлекеттің негізгі белгілерінің тағы бірі сол мемлекетте салық пен салық жүйесінің болуы. Салықтар, алымдар, төлемақылар – мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын, халық табысының бір бөлігі..
7. 1. Теологиялық теория-бұл теория мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан,бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамдарды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді;осы теорияны ұстағандардың ойы бойынша , құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері,дін қызметкерлері) арқылы да,тікелей де көрінеді.
2. Патриархалдық теория-бұл теория Антикалық дәуірде пайда болды. Мұнда отбасы басшысы-әке, ал мемлекет басшысы монарх болып келеді.
3. Органикалық теория- бұл теория мемлекеттің құрылымы, ал екінші жағынан –тірі организмнің (атап айтқанда-адамның) арасындағы ұқсас бай-ланысын байқап көруімізге болады. Адамның басы, денесі, қолы және тағы басқа мүшелері бар болатыны болса, және олардың әрқайсысының орындай-тын түрлі функциялары болады. Сол сияқты мемлекеттің де белгілі бір мақ-сатқа жету үшін мемлекет арнайы құрылысын ұйымдастырып қызметін жү-зеге асырады десек болады.
4. Қоғамдық келісім теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факто-ры жатыр.Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша ,адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайы қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғылушықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін бе-ріп, мемлекетке бірігуді шешті.
5. Психологиялық теория –мемлекеттің пайда болуы ,бұл адамдардың психикасына байланысты болды. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы, санасы-ның дамуымен байланысты болды, сонымен біз мемлекеттің дамуын осыдан байқап көрсек те деуге болады. Адамдардың санасы жоғары болған сайын мемлекеттің де беделі жоғары болады.
6. Материалистік теория- мемлекеттің пайда болуы,өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсізді-гімен,таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді.
7. Күштеу теориясы- күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап алудын нәтижесі.
8. Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құ-қықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың нышан белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқы-лы нормативтік актілер іске асады, орындалады;
Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттері-нің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды;
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Құқықтық қатынастардың түрлері:
Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық тағы басқа ;
Құқықтық норманың атқаратын ісіне қарай қатынастар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып дамытып отырады. Қорғаушы нормалар қарым -қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;
Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпылық және нақтылық. Жалпылық түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматта-рдың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілір болғанда басталады. Мыс: сауда – сату шартты тағы басқа;
Құқықтық қатынастардың субъектілердің жағдайларына қарай екіге бөлі-неді: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектіде тек міндеттер болады, мысалы: жеке меншіктің иесі, құқықтық қатынаста болса, оның құқығын ешкім бұза алмайды және ол меншікке қатынастың субъектілері нышан келтірмеуге міндетті. Салыстырмалы түрдегі қатынас-тардың субъектілердің құқығы мен міндеттері бірдей болады.
9. Құқықтық қатынастардың құрамы.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттiк аппарат - мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бiрлестiктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекiтiлсе, тiркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабiлеттiлiгi бар деп саналады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.Құқықтық қатынастың объектiсi (заты) - қоғамдағы көп түрлi, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтiк, мәдениеттiк, азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлiк, еңбектiк және т. б. қарым-қатынастар. Материалдық дүние-заттар, рухани-шығармашылықтың өнiмдерi, жеке мүлiктiк емес игiлiктер, құқық субьектiлерiнiң мiнез-құлқы және құқық қатынастарыны нәтижелерi - құқық қатынастарының обьектiлерi.Субъективтік құқық–бұл субъектінің өз мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы. Субъективтiк құқық бар жерде заңды мiндеттер болады. Бұл екеуi бiр-бiрiнсiз бола алмайды. Себебi қатынастардың көпшiлiгiнде екi жақты субьектiлердiң құқықтары бар және соған сәйкес екi жақты субьектiлердiң мiндеттерi бар. Заңды міндет–бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы. Міндет–бұл субъективтік құқықтың жүзеге асырылуының кепілі. Заңды мiндетi бар тұлға оны өз еркiмен орындамаса, мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге мiндеттi. Егер бұл мiндетiн орындамаса, заңда белгiленген шара қолданылады. Мiндет заңды тұлғаларға да жүктеледi.