Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
809_-ede-kaz-testen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.

A) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.

B) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.

C) Айтыстың бір шарты.

D) Шабыт шақыру мақсаты.

E) Елдің көңілін аудару амалы.

18. Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.

A) Доспамбет.

B) Асан қайғы.

C) Шалкиіз.

D) Қазтуған.

E) Бұқар.

19. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1706-1778 жж.

B) 1670-1730 жж.

C) 1817-1881 жж.

D) 1675-1769 жж.

E) 1465-1560 жж.

20. Ы.Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз.

A) Долгополов.

B) Веселовский.

C) Михаэлис.

D) Потанин.

E) Ильминский.

21. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін анықтаңыз.

A) Кереку.

B) Семей.

C) Ақмола.

D) Қостанай.

E) Көкшетау.

22. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.

A) Зылиха, Рысты.

B) Қамар, Жамал.

C) Жаңыл, Жәмила.

D) Раушан, Күлтай.

E) Аппақай, Күлтай.

23. С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы қай жылы басылғанын анықтаңыз.

A) 1911ж.

B) 1913ж.

C) 1917ж.

D) 1914ж.

E) 1915ж.

24. Ғ.Мүсіреповтің ’’Қазақ солдаты’’ романы 1945 жылы алғаш қандай атпен жарық көрді?

A) ’’Ақлима’’.

B) ’’Қазақ айнасы’’.

C) ’’Ботагөз’’.

D) ’’Жұмбақ жалау’’.

E) ’’Қазақ батыры’’.

25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.

A) Үш.

B) Бес.

C) Алты.

D) Төрт.

E) Сегіз.

26. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Шаңқұтты.

B) Би.

C) Өзі.

D) Хан.

E) Ақсүйек.

27. Есендікте малыңды бер де батыр жый,

Басыңа қыстау іс түссе.

Дұспанның қолы жете алмас! – деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.

A) Адамгершілік.

B) Ерлік, батырлық.

C) Сөз өнері.

D) Бірлік-ынтымақ.

E) Табиғат.

28. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.

A) Мағауия Абайұлы.

B) Шортанбай Қанайұлы.

C) Әбубәкір Шоқанұлы.

D) Шәкәрім Құдайбердіұлы.

E) Мұрат Мөңкеұлы.

29. "Жеті жаста садақ тартты,

Атқан оғы тасты уатты.

Жай оғынан кейін емес,

Темірден де өткізеді,

Күндік жерге жеткізеді."

Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.

A) Теңеу.

B) Метафора.

C) Гипербола.

D) Аллегория.

E) Эпитет.

30. «Көшпенділер» трилогиясының бас қаһарманын анықтаңыз.

A) Халық.

B) Әйелдер.

C) Ерлер.

D) Ана.

E) Әке.

7 нұсқа

1. Үзінді авторын белгілеңіз.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

A) Ы.Aлтынсарин.

B) A.Байтұрсынов.

C) Aқан сері.

D) М.Дулатов

E) A.Құнанбаев.

2. Махамбет Өтемісұлының өлеңін табыңыз.

A) «Мен – қазақ».

B) «Шәкірт ойы».

C) «Айналайын, Ақ Жайық».

D) «Ей, Абылай, Абылай».

E) «Ереуіл атқа ер салмай».

3. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз.

A) Өлім.

B) Оқу, білім.

C) Махаббат.

D) Тіл.

E) Әдет-ѓұрып.

4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.

A) «Шәкірт ойы»

B) «Әсемпаз болма әрнеге»

C) «Жастарға»

D) «Ғылым таппай мақтанба»

E) «Мен - қазақ»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]