Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
809_-ede-kaz-testen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.

A) Ақтау қаласы.

B) Павлодар қаласы.

C) Орал қаласы.

D) Алматы қаласы.

E) Атырау қаласы.

6. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.

A) Отан, туған жер, халық туралы

B) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы

C) Оқу, білім, өнер туралы

D) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы

E) Үнемшілдік жайында

7. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.

A) Қазтуған.

B) Жиренше.

C) Асан қайғы.

D) Жиембет.

E) Доспамбет.

8. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз.

A) Доспамбет.

B) Ақтамберді.

C) Бұқар.

D) Қазтуған.

E) Шалкиіз.

9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Еділ бол да, Жайық бол»

B) «Анаңнан асыл бар ма?!»

C) «Аягөз, қайда барасың?!»

D) «Абайдың суретіне»

E) «Артықша туған азамат»

10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1863 ж. Ырғызда.

B) 1865 ж. Қостанайда.

C) 1865 ж. Орынборда.

D) 1866 ж. Омбыда.

E) 1864 ж. Торғайда.

11. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз.

A) Қара басының қамын ойлаушы.

B) Тойымсыз, дүниеқоңыз.

C) Мақтаншақ, даңғой.

D) Даңққұмар, озбыр.

E) Қанішер, жауыз.

12. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) “Терме”.

B) “Азамат”.

C) “Қирағат”.

D) “Есеп құралы”.

E) “Оян, қазақ”.

13. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.

A) Р.Ғамзатов.

B) П.Тычина.

C) Ш.Айтматов.

D) Б.Кербабаев.

E) С.Айни.

14. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.

A) М.Шаханов.

B) І.Есенберлин.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) О.Бөкей.

E) Ш.Мұртаза.

15. ’’Жамиғат-тауарих’’ кімнің еңбегі екенін табыңыз.

A) М.Х.Дулати.

B) Қадырғали Жалайри.

C) З.М.Бабыр.

D) Әбілғазы Бахадүр.

E) Мұхаммед Салих.

16. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Шыншыл бейне.

B) Сиқырлы бейне.

C) Қиялдан туған.

D) Типтік бейне.

E) Аңыздан туған.

17. «Айтыс – сөз барымтасы» - деп баға берген зерттеушіні табыңыз.

A) С.Мұқанов.

B) Б.Кенжебаев.

C) М.Әуезов.

D) С.Сейфуллин.

E) І.Жансүгіров.

18. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.

A) 1670-1730 жж.

B) 1706-1778 жж.

C) 1675-1769 жж.

D) 1465-1560 жж.

E) 1817-1881 жж.

19. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.

A) С.Торайғыров.

B) Ж.Аймауытов.

C) Т.Жомартбаев.

D) М.Сералин.

E) С.Көбеев.

20. Қару-жарақ аттары, теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақынды белгілеңіз.

A) С.Мұқанов.

B) С.Сейфуллин.

C) А.Байтұрсынұлы.

D) Ә.Сәрсенбаев.

E) Т.Жароков

21. С.Мұқановтың ’’Ботагөз’’ романының 2-бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) ’’Жолда’’.

B) ’’Күн күлімдегенде’’.

C) ’’Тұңғиықта ’’.

D) ’’Таң атарда’’.

E) ’’Тарауда’’.

22. Ғ. Мүсіреповтің колхоз өмірінің бұралаң-бұлтарысын бүкпей, ашып айтқан шығармасының бірін белгілеңіз.

A) ’’Жат қолында’’.

B) ’’Қазақ солдаты’’.

C) ’’Алғашқы адымдар’’.

D) ’’Ақан сері- Ақтоқты’’.

E) ’’Қос Шалқар’’.

23. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.

B) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

C) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.

D) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.

E) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.

24. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.

A) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

B) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.

C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін

ойы.

D) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір

құбылыстарының түйіні.

E) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.

25. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.

A) «Диуани хикмат».

B) «Қисса-сул әнбия».

C) «Диуани лұғат ат-түрк».

D) «Хибатул-хақайық».

E) «Құтты білік».

26. ’’Айман-Шолпан’’ жыры аяқталар тұста Көтібар кім болатынын анықтаңыз.

A) Өкіл ата.

B) Нағашы.

C) Құда.

D) Ата.

E) Өкіл әке.

27. Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,-... деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.

A) Ақсүйек.

B) Шаңқұтты.

C) Хан.

D) Өзі.

E) Би.

28. Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа…

Байлар ұрлық қылады,- деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.

A) «Бала зары».

B) «Насихат».

C) «Замана».

D) «Алдаушы жалған».

E) «Зар заман».

29. Ыстықкөл сапарына, Құлжаға бірге барған Шоқанның досын табыңыз.

A) Семенов-Тян-Шанский.

B) Дуров.

C) Достоевский.

D) Костылецкий.

E) Гонсевский.

30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.

A) Ауылдағы адамдарға жолықты.

B) Жер ананы құшақтап сүйе берді.

C) Шекарашыларға берілді.

D) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.

E) Отырып тамақ ішті.

30 нұсқа

1. «Өтемістен туған он едік,

Онымыз атқа мінгенде,

Жер қайысқан қол едік...» ,- деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынған, белгілеңіз.

A) «Әй, Махамбат жолдасым»

B) «Қызғыш құс»

C) «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны»

D) «Беркініп садақ асынбай»

E) «Ереуіл атқа ер салмай»

2. Ы.Алтынсарин өлеңін табыңыз.

A) «Қыпшақ Сейітқұл»

B) «Өлең – сөздің патшасы»

C) «Әке мен бала»

D) «Ғылым таппай мақтанба»

E) «Өнер – білім бар жұрттар»

3. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

A) «Сағындым».

B) «Пайғамбар».

C) «Жұртыма».

D) «Аққу, шортан һәм шаян».

E) «Жетісу суреттері».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]