
- •8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
- •1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
- •7. Асанның:
- •9. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
- •17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
- •5. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
- •14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
- •5. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
- •17. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
- •3. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
- •10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
- •16. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
- •4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
- •8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
- •9. Асанның:
- •17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
- •1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
- •8. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
- •4. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
- •5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
- •10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
- •14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
- •15. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
- •18. ’’Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
- •3. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
- •17. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
- •12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
- •15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
- •2. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
- •9. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
- •5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
- •8. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
- •9. Асанның:
- •4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
- •13. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
- •18. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
- •20. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
- •4. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
- •10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
- •16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
- •3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
- •17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
- •5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
- •7. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
- •10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
- •4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
- •8. Асанның:
- •14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
- •12. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
- •15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
- •18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
- •Дұрыс жауап кодтары
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) С.Сейфуллин.
B) І.Жансүгіров.
C) Б.Майлин.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.
13. «Аллитерация» терминінің қай тілден алынғандығын табыңыз.
A) Латын.
B) Түркі.
C) Грек.
D) Француз.
E) Ағылшын.
14. «Шыңырау» повесінің авторын табыңыз.
A) Ә.Тәжібаев.
B) Ә.Кекілбаев.
C) Ш.Мұртаза.
D) Ә.Нүрпейісов.
E) І.Есенберлин.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Құдатғу біліг’’.
B) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.
C) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
D) Қорқыт ата.
E) ’’Мұхаббат-наме’’.
16. ’’Алпамыс батыр’’ жырында әкім болып жұртты жеп жүрген ’’азамат’’ кім екенін белгілеңіз.
A) Алпамыс.
B) Байбөрі.
C) Ұлтан құл.
D) Сарыбай.
E) Құлтай.
17. Бұқар жыраудың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
A) 1668-1781 жж.
B) 1670-1730 жж.
C) 1706-1778 жж.
D) 1465-1560 жж.
E) 1675-1768 жж.
18. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
A) Байтоқ.
B) Жанұзақ.
C) Шернияз.
D) Махамбет.
E) Шалкиіз.
19. Шортанбай Қанайұлының өлеңдеріндегі сарындарды белгілеңіз.
A) Кедейлерді күреске шақыру.
B) Орысша оқуға шақыру.
C) Оқу-білімге үндеу.
D) Қазақ даласына келген сауданы айыптау, елдің ақшаға құнығуын сынау.
E) Дінді сынау.
20. Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз.
A) Шығыс үлгісінде дастандар жазған ақын.
B) Талантты драматург.
C) Бірнеше поэмалардың авторы.
D) Тарихи романдардың авторы.
E) Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы.
21. «Қазақ» газеті қай жылдан шыққандығын анықтаңыз.
A) 1930 ж.
B) 1913 ж.
C) 1920 ж.
D) 1918 ж.
E) 1916 ж.
22. Мағжан ақынның өлең жазбай, көпшілікке белгісіз боп қалған уақытын көрсетіңіз.
A) 1929-1938 ж.ж.
B) 1926-1938 ж.ж.
C) 1927-1938 ж.ж.
D) 1925-1938 ж.ж.
E) 1924-1938 ж.ж.
23. Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.
A) “Қарағанды”.
B) “Өмір не өлім”.
C) “Ер Шойын”.
D) “Шығанақ”.
E) “Қашқын”.
24. Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр! Бейнелеу тәсілінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
A) Кейіптеу.
B) Метафора.
C) Ирония.
D) Метонимия.
E) Антитеза.
25. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.
A) XІІ ғ.
B) XV ғ.
C) X ғ.
D) XІV ғ.
E) XІ ғ.
26. Есендікте малыңды бер де батыр жый,
Басыңа қыстау іс түссе.
Дұспанның қолы жете алмас! – деп Шалкиіз жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.
A) Сөз өнері.
B) Ерлік, батырлық.
C) Табиғат.
D) Адамгершілік.
E) Бірлік-ынтымақ.
27. Жиембет жырау:
Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай... деген өлең шумағын кімге айтқанын анықтаңыз.
A) Абылай ханға.
B) Жәңгір ханға.
C) Ахметке.
D) Есім ханға.
E) Жолымбетке.
28. ’’Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі болар сөз қалмайды’’. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
A) Абай.
B) Ақан сері.
C) Жамбыл.
D) Мұсабек.
E) Мағжан.
29. Украин әдебиетінің өкілдерін белгілеңіз.
A) А.Ахматова, В.Распутин.
B) А.Беляев, И.Бунин.
C) М.Жәлел, С.Айни.
D) Г.Сковорода, О.Туманян.
E) П.Тычина, М.Бажан.
30. Зәресі жер түбіне кетіп, үрейленген кейіпкердің ала-шапқын көңіл-күйі шыншыл суреттелген шығарманы табыңыз.
A) «Жонарқа».
B) «Жанталас».
C) «Бір түннің оқиғасы».
D) «Ұстаз».
E) «Қаһарлы күндер».
20 нұсқа
1. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
A) Шақпақ.
B) Садақ.
C) Қауырсын.
D) Егеу.
E) Пышақ.
2. Шоқан Уәлиханов кадет корпусын қай жылы, неше жасында бітіргенін табыңыз.
A) 1854 жылы, 19 жасында.
B) 1855 жылы, 20 жасында.
C) 1853 жылы, 18 жасында.
D) 1856 жылы, 21 жасында.
E) 1857 жылы, 22 жасында.
3. Н.Некрасовтың «Аяз ата» өлеңіне ұқсас Абайдың өлеңін белгілеңіз.
A) «Жаз».
B) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».
C) «Жазѓытұры».
D) «Күз».
E) «Қыс».
4. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жылы ақталды, табыңыз.
A) 1938 ж.
B) 1990 ж.
C) 1988 ж.
D) 1931 ж.
E) 1987 ж.
5. «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
A) Бейімбет Майлин.
B) Сәкен Сейфуллин.
C) Жамбыл Жабаев.
D) Ілияс Жансүгіров.
E) Ахмет Байтұрсынов.
6. ’’Оғыз Қаған’’жырындағы Оғыздың ақылшысы кім екенін белгілеңіз.
A) Қорқыт.
B) Білге.
C) Ұлық Түрік.
D) Тоныкөк.
E) Күлтегін.
7. Алдар Көсе қай жанрдың кейіпкері екендігін табыңыз.
A) Аңыз әңгіме
B) Әңгіме
C) Айтыс
D) Ертегі
E) Шешендік сөз
8. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.
A) Белгісіз.
B) Бозтуған.
C) Жанбике.
D) Бибі.
E) Қанша.
9. Шалкиіз:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас-тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
A) Тыныштық.
B) Ел қорғау.
C) Ерлік, бірлік.
D) Достық, жолдастық.
E) Сақтық.
10. Жаманды байқап қарасаң,
Күндердің күні болғанда
Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.
A) Жастарға өнеге іс.
B) Жаманнан кесапат.
C) Батырға тән мінез.
D) Адамгершілік.
E) Жақсыдан шарапат.
11. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінде афоризм терминінің қалай аталғандығын табыңыз.
A) Шешен сөз.
B) Ақыл сөз.
C) Ділмар сөз.
D) Көсем сөз.
E) Нақыл сөз.
12. «Ассонанс» анықтамасына сәйкес қатарды белгілеңіз.
A) Бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.
B) Заттың айрықша сипатын анықтау.
C) Бір затты басқа затпен салыстыра суреттеу.
D) Бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.
E) Бүтіннің орнына бөлшекті қолдану.
13. Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман-Ананы атқан адамды атаңыз.
A) Жуан-жуандар.
B) Жолаушы.
C) Қайын сіңлісі.
D) Дөненбай.
E) Мәңгүрт.
14. «Сырдария» өлеңінің авторын табыңыз.
A) М.Шаханов.
B) Ә.Сәрсенбаев.
C) Т.Молдағалиев.
D) Ә.Тәжібаев.
E) Қ.Бекхожин.
15. Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте екенін көрсетіңіз.
A) Жетінші.
B) Үшінші.
C) Бірінші.
D) Тоғызыншы.
E) Он екінші.
16. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.
A) XVII ғ.
B) XIV ғ.
C) XVIII ғ.
D) XIX ғ.
E) XVI ғ.
17. Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.
Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.
A) Ж.Жабаев.
B) С.Торайғыров.
C) А.Құнанбаев.
D) Д.Бабатайұлы
E) С.Дөнетаев.
18. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.
A) Торғай облысы, Жангелдин ауданы.
B) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.
C) Көкшетау облысы, Айыртау ауданы.
D) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті.
E) Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаратау-Қарнақ жері.
19. Ы.Алтынсаринның шығармасын табыңыз.
A) ’’Жәмила қыз’’.
B) ’’Күз ’’.
C) ’’Туған еліме’’.
D) ’’Асыл шөп’’.
E) ’’Анау-мынау’’.
20. С.Көбеевтің адам бойындағы ұнамсыз мінезді көрсететін шығармасын көрсетіңіз.
A) ’’Қоян мен көлбақа’’.
B) ’’Сауысқан мен қарға’’.
C) ’’Екі соқа’’.
D) ’’Туған еліме’’.
E) ’’Жетімнің өлеңі’’.
21. С.Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендерді табыңыз.
A) Ертіс.
B) Жайық, Еділ.
C) Нұра, Есіл.
D) Іле, Шу.
E) Сырдария, Әмудария.
22. 1941 жылы Жамбылға қай шығармалары үшін мемлекеттік сыйлық берілгенін анықтаңыз.
A) ’’Алынбас қамал’’.
B) ’’Өтеген батыр’’, ’’Сұраншы батыр’’.
C) ’’Айтыстары үшін’’.
D) ’’Ворошилов туралы поэма’’.
E) ’’Өлеңдері үшін’’.
23. Ғ.Мүсіреповтің Рязанов, Ушаков деген кейіпкерлері қай шығармасынан екенін табыңыз.
A) «Қазақ солдаты».
B) «Амангелді».
C) «Оянған өлке».
D) «Ұлпан».
E) «Тулаған толқындар».
24. Диалог дегеніміздің не екенін табыңыз.
A) Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдану.
B) Әдеби шығарманың оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеу.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Кейіпкердің мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу.
E) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
25. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
A) «Қисса-сул әнбия».
B) «Диуани лұғат ат-түрк».
C) «Диуани хикмат».
D) «Құтты білік».
E) «Хибатул-хақайық».
26. Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге аттырып,
Теңгені атып түсірген ... – батыр қай сұлуды алады, табыңыз.
A) Назымды сұлу сол алар
B) Гүлбаршынды сұлу сол алар
C) Баянды сұлу сол алар
D) Ақжүністі сұлу сол алар
E) Құртқаны сұлу сол алар
27. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
’’Уа, Алатаудай Ақшадан,
Асып тудың, Бөгембай’’
A) ’’Бөгембай өліміне’’.
B) ’’Жауқашарға’’.
C) ’’Бәкеге’’.
D) ’’Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту’’.
E) ’’Бекболат биге’’.
28. С.Мұқанов туындысын табыңыз.
A) “Теміртас”.
B) “Барымта”.
C) “Көкшетау”.
D) “Жолдастар”.
E) “Майдан”.
29. «Қараш-Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.
A) Пьеса.
B) Роман.
C) Поэма.
D) Әңгіме.
E) Повесть.
30. І.Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз.
A) “Алтын құс”.
B) “Алмас қылыш”.
C) “Көшпенділер”.
D) “Алтын орда”.
E) “Қаһар”.
21 нұсқа
1. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын.
B) Жәңгір.
C) Бекмағамбет.
D) Өтеміс.
E) Исатай.
2. Ы. Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз.
A) «Қыпшақ Сейітқұл».
B) «Талаптың пайдасы».
C) «Бай баласы мен кедей баласы»
D) «Әке мен бала»
E) «Атымтай Жомарт».
3. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.
A) XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ.басы.
B) XVIII-XIX ғ.
C) ХХ ғ.
D) XVI-XVII ғ.
E) XV-XVII ғ.
4. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
B) І.Жансүгіров.
C) Ж.Жабаев.
D) М.Жұмабаев.
E) С.Сейфуллин.
5. С. Мұқанов жұмысшы факультетін (рабфак) қай қалада бітіргенін табыңыз.
A) Алматы.
B) Орск.
C) Шымкент.
D) Қызылорда.
E) Орынбор.
6. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
A) XІ ғ.
B) ІX ғ.
C) XІІ ғ.
D) X ғ.
E) VІІІ ғ.
7. ’’Аяз би’’ ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
A) Ерназар.
B) Кендебай.
C) Бапы.
D) Шойынқұлақ.
E) Жаман.
8. «Ақ жүрген азбас» мақаланың тақырыбын белгілеңіз.
A) Төрт түлік мал, кәсіп, егіншілік туралы
B) Адамгершілік, жақсы- жаман мінез туралы
C) Үнемшілдік жайында
D) Оқу, білім, өнер туралы
E) Отан, туған жер, халық туралы
9. Таза мінсіз асыл тас,
’’Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады’’
Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді.
B) Доспамбет.
C) Асан қайғы.
D) Қазтуған.
E) Шалкиіз.
10. Міржақып Дулатов Түркістан республикасының «Ақ жол» газетіне қай жылдары қызметте болғанын белгілеңіз.
A) 1920 ж.
B) 1927 ж.
C) 1925 ж.
D) 1926 ж.
E) 1930 ж.
11. С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қанша жылды қамтығандығын көрсетіңіз.
A) 20 жыл.
B) 10 жыл.
C) 15 жыл.
D) 5 жыл.
E) 25 жыл.
12. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.
A) Адамның сырт бітімін суреттеу.
B) Бір адамның ұзақ сөзі.
C) Оқиғалар арасындағы байланыс.
D) Оқиға не оқиғалар жиынтығы.
E) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету.
13. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
A) Таразда.
B) Сарыөзекте.
C) Ош оймағында.
D) Шекер ауылында.
E) Ыстықкөлде.
14. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
A) «Алмас қылыш».
B) «Жанталас».
C) «Ғашықтар».
D) «Қаһар».
E) «Қатерлі өткел».
15. ’’Алдар Көсе’’ аңызында майдың орнына қандай зат салынатынын анықтаңыз.
A) Сүйек.
B) Тезек.
C) Тулақ.
D) Ет.
E) Құрт.
16. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Рахымжан Қошқарбаев.
B) Мәлік Ғабдуллин.
C) Талғат Бигелдинов.
D) Қасым Қайсенов.
E) Бауыржан Момышұлы.
17. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Шалкиіз.
B) Шернияз.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Ақтамберді.
18. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) “Қамыстың басы майда, түбі сайда”
B) “Мұнар күн”
C) “Күмбір, күмбір кісінетіп”
D) “Асқар, асқар, асқар тау”
E) “Жиырма деген жасыңыз”
19. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
A) Мұрат.
B) Алмажан.
C) Бекболат.
D) Шәңгерей.
E) Шернияз.
20. ’’Жас жүрек’’ (1917 ж.) кімнің өлеңі екенін белгілеңіз.
A) М.Әуезов.
B) С.Көбеев.
C) М.Сералин.
D) С.Торайғыров.
E) С.Дөнентаев.
21. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын қай жылы бітіргенін көрсетіңіз.
A) 1916 ж.
B) 1915 ж.
C) 1914 ж.
D) 1918 ж.
E) 1912 ж.
22. М. Әуезовтің Ленинград университетін бітірген жылын табыңыз.
A) 1931ж.
B) 1926ж.
C) 1930ж.
D) 1925ж.
E) 1928ж.
23. ²Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде-кем-ақ шығар. Әсіресе, осындай дау-жанжалдың арасында жүретіндер езіп-созып, тіпті ұзақ амандасады. Мал-жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады... ² - деген жолдары бар халықтық дәстүрдің небір ғибратты үлгілерін сипаттайтын Ғ.Мүсіреповтің шығармасын көрсетіңіз.
A) ²Боранды түнде² әңгімесі.
B) ²Этнографиялық әңгіме².
C) ²Жат қолында² романы.
D) ²Оянған өлке² романы.
E) ²Шұғыла² әңгімесі.
24. Мақал-мәтелдерде көп қолданылатын көркем өрнектің атауын табыңыз.
A) Синтаксистік параллелизм.
B) Саз.
C) Ырғақ.
D) Теңеу.
E) Интонация.
25. Әбу Насыр Әл-Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.
A) Оғыз дәуіріндегі әдебиет.
B) Ислам дәуіріндегі әдебиет.
C) Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет.
D) Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
E) Хандық дәуіріндегі әдебиет.
26. Жерге қарай мал бітіп,
Малға қарай құт болмақ.
Қонысынан мал тайса,
Құты кетіп жұт болмақ, - деген кім, табыңыз.
A) Шортанбай
B) Мұрат
C) Әйтеке би
D) Дулат
E) Төле би
27. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
A) Әйелдер теңсіздігі.
B) Бостандықтың туғандығы.
C) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.
D) Табиғаттың тамаша көрінісі.
E) Өнер, оқу, білім.
28. Ш.Уәлиханов 1857 жылы кімнің ұсынысымен орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болғанын белгілеңіз.
A) С.Ф.Дуров.
B) И.Н.Березин.
C) Семенов-Тян-Шанский.
D) Г.Н.Потанин.
E) Ф.М.Достоевский.
29. «Ойым – у, өмірім – су, үмітім – бу» тіркестерінде Шәкәрім қандай көркем тәсілді қолданғанын белгілеңіз.
A) Теңеу.
B) Антитеза.
C) Гипербола.
D) Метафора.
E) Эпитетті метонимия.
30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.
A) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.
B) Отырып тамақ ішті.
C) Жер ананы құшақтап сүйе берді.
D) Шекарашыларға берілді.
E) Ауылдағы адамдарға жолықты.
22 нұсқа
1. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан
B) Жолбарыс хан
C) Тәуке хан
D) Әбілқайыр хан
E) Жәңгір хан
2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.
A) Ә.Бөкейханов.
B) Ы.Алтынсарин.
C) Ш.Уәлиханов.
D) А.Байтұрсынов.
E) М.Дулатов.
3. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.
A) Байрон.
B) Михаэлис.
C) Гете.
D) Некрасов.
E) Герцен.
4. Сәбит Мұқановтың туған жерін табыңыз.
A) Алматы қаласы.
B) Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы.
C) Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы.
D) Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы.
E) Шығыс Қазақстан облысы.
5. Мына жолдарды айтқан қай пьесаның кейіпкері екенін табыңыз.
«Өз көңілімді барласам, дүниенің бәр дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос…Сауық құрам - ән сүйем, саят құрам – сән сүйем, жалын ұрам – жар сүйем.»
A) «Ақан сері - Ақтоты» - Ақан.
B) «Қарагөз» - Сырым.
C) «Айман-Шолпан» - Арыстан.
D) «Қыз Жібек» - Төлеген.
E) «Еңлік-Кебек» - Кебек.
6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
A) Ж.Баласағұн.
B) М.Қашқари.
C) С.Сараи.
D) Қорқыт.
E) А.Яссауи.
7. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.
A) Асан қайғы.
B) Қожанасыр.
C) Ер Төстік.
D) Жиренше.
E) Алдар Көсе.
8. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Мұңды адам.
B) Жай қоя салған.
C) Өз басында қайғысы бар адам.
D) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.
E) Айналасына наразылықтан.
9. ’’Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Ақтамберді жырау.
B) Шалкиіз жырау.
C) Доспамбет жырау.
D) Жиембет жырау.
E) Бұқар жырау.
10. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз.
A) «Жастарға».
B) «Дүние мен өмір».
C) «Ақындарға».
D) «Бостандық туы жарқырап».
E) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек».
11. «Сөз бен сөйлем», «Сөз бен буындар» бөлімдері А.Байтұрсыновтың қай еңбегіне тән екендігін анықтаңыз.
A) «23 жоқтау».
B) «Әдебиет танытқыш».
C) «Ер Сайын».
D) «Тіл құралы».
E) «Сынау».
12. С.Сейфуллиннің «Жұбату» әңгімесінің тақырыбын анықтаңыз.
A) Жер,ел.
B) Әйел азаттығы.
C) Табиғат.
D) Білім.
E) Өнер.
13. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз.
A) Қазақ.
B) Ұйғыр.
C) Түрік.
D) Өзбек.
E) Қырғыз.
14. «Шыңырау» повесіндегі бас кейіпкерді табыңыз.
A) Байсал.
B) Ермек.
C) Омар.
D) Еңсеп.
E) Ахмет.
15. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкері бар ертегіні табыңыз.
A) «Ер Төстік».
B) «Алтын сақа».
C) «Аяз би».
D) «Күн астындағы Күнікей қыз».
E) «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар».
16. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.
A) Айтыс.
B) Шешендік өнер.
C) Күйшілік.
D) Термелік.
E) Жыраулық.
17. Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
A) Бұқар.
B) Доспамбет.
C) Шалкиіз.
D) Асан қайғы.
E) Қазтуған.
18. Ы.Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз.
A) Потанин.
B) Михаэлис.
C) Ильминский.
D) Веселовский.
E) Долгополов.
19. Ы.Алтынсарин үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа әңгімелер жазған жазушыны табыңыз.
A) С.Көбеев.
B) С.Дөнентаев.
C) С.Сейфуллин.
D) М.Кәкімжанова.
E) М.Сералин.
20. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» романындағы жаңашыл қыздардың аттарын табыңыз.
A) Аппақай, Күлтай.
B) Қамар, Жамал.
C) Жаңыл, Жәмила.
D) Раушан, Күлтай.
E) Зылиха, Рысты.
21. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
A) «Боранды түнде».
B) «Ананың анасы».
C) «Этнографиялық әңгіме.»
D) «Боранда».
E) «Кездеспей кеткен бір бейне».
22. Ғ.Мұстафиннің’’Қарағанды’’ романында қандай мәселе әңгімеленетінін табыңыз.
A) Колхоздастыру кезеңі.
B) Қазақ ауылының тұрмысы.
C) Жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы.
D) Білімдендіру, сауаттандыру мәселесі.
E) Қазан төңкерісі.
23. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Пролог.
B) Эпилог.
C) Экспозиция.
D) Кульминация.
E) Шешім.
24. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының түйіні.
B) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін
ойы.
D) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
E) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
25. ’’Құдатғу білігте’’ әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.
A) Одгүрміш.
B) Күнтуды.
C) Айтолды.
D) Қорқыт.
E) Ұғділміш.
26. «Өжет адам ...» нені жеңеді, табыңыз
A) Өз-өзін жеңеді
B) Дұшпанын жеңеді
C) Өлімді жеңеді
D) Жаманды жеңеді
E) Жауды жеңеді
27. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
A) Жәңгірге.
B) Баймағамбетке.
C) Жәнібекке.
D) Қарауылқожаға.
E) Арынғазыға.
28. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Жетісу суреттері»
B) «Аягөз , қайда барасың?!»
C) «Толағай»
D) «Тарланым»
E) «Арқалық аясында»
29. "Зар заман" өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
A) Ыбырай, Абай, Шоқан.
B) Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
C) Шортанбай, Дулат, Мұрат.
D) Сұлтанмахмұт, Міржақып, Мағжан.
E) Қалижан, Ғафу, Мұқағали.
30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде Байтас шалдың шекарадан жалғыз өту себебін белгілеңіз.
A) Балалары болған, бірақ қайтыс боп кеткен.
B) Балалары жоқ адам.
C) Балалары туған жерге кетіп қалған.
D) Балаларын ұстап алып, түрмеге қамап тастаған.
E) Балалары туған жерге қайтқысы келмеген.
23 нұсқа
1. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
A) Жоқтау.
B) Сыңсу.
C) Жар - жар.
D) Беташар.
E) Той бастар.