Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
809_-ede-kaz-testen (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

4. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Сейфуллин.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) Ж.Жабаев.

E) Б.Майлин.

5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.

A) Павлодар қаласы.

B) Алматы қаласы.

C) Атырау қаласы.

D) Ақтау қаласы.

E) Орал қаласы.

6. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.

A) ’’Мұхаббат-наме’’.

B) ’’Кодекс-Куманикус’’.

C) ’’Оғыз-нама’’.

D) ’’Құдатғу біліг’’.

E) ’’Диуани хикмет’’.

7. ’’Ер Тарғын’’ жырындағы дана, батагөй қарияның атын табыңыз.

A) Бұлалай.

B) Ханзада.

C) Сыпыра жырау.

D) Қартқожақ.

E) Ақшахан.

8. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.

A) Жиембет.

B) Махамбет.

C) Доспамбет.

D) Шалкиіз.

E) Асан қайғы.

9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Жас дәурен»

B) «Адамдық іс»

C) «Әр нәрсенің парқы бар»

D) «Өлеңнің аққан көзі едім»

E) «Ақжайлау мен Сандықтас»

10. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.

A) 1863 ж. Ырғызда.

B) 1864 ж. Торғайда.

C) 1866 ж. Омбыда.

D) 1865 ж. Қостанайда.

E) 1865 ж. Орынборда.

11. Абай: “Талаптың мініп тұлпарын,

Тас қияға өрледің,”- деп кімге айтатынын табыңыз.

A) Оспанға.

B) Мағауияға.

C) Әбдірахманға.

D) Құнанбайға.

E) Ақылбайға.

12. Ғ. Мүсіреповтің М. Горькийден аударған әңгімесін табыңыз.

A) «Талпақ танау».

B) «Ашынған ана».

C) «Шұғыла».

D) «Қазақ солдаты».

E) «Адамның анасы».

13. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.

A) Тармақ.

B) Шумақ.

C) Буын.

D) Бунақ.

E) Ұйқас.

14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Т.Айбергенов.

B) А.Бақтыгереева.

C) Қ.Мырзалиев.

D) М.Шаханов.

E) Т.Молдағалиев.

15. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз.

A) Шыншыл бейне.

B) Сиқырлы бейне.

C) Типтік бейне.

D) Аңыздан туған.

E) Қиялдан туған.

16. Алдар Көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылысы жағынан әңгіменің қандай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз.

A) Қайғылы әңгіме.

B) Қорқынышты әңгіме.

C) Күлдіргі әңгіме.

D) Діни әңгіме.

E) Шытырман оқиғалы.

17. Сарыбай мен Қарабайдың бір-бірімен кездескен жерін табыңыз.

A) Сыр елінде.

B) Арқада.

C) Жетісу жерінде.

D) Балталы жерінде.

E) Бетпақдалада.

18. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.

A) Саятшы.

B) Малшы.

C) Әнші.

D) Педагог.

E) Ақын.

19. Алмажанның дастанын табыңыз.

A) “Арнау өлеңдері”

B) “Баймағамбет сұлтанға айтқаны”

C) “Бірінші тілек тілеңіз”

D) “Еспембет”

E) “Жетім қыз”

20. "Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам".

А.Байтұрсынов осы жолдарды жазуға мәжбүр болған себебін анықтаңыз.

A) Әкесінің ұсталуы.

B) Ғашықтық.

C) Оқуға еріксіздігі.

D) Ел мұңы.

E) Кедейлік.

21. Спандияр Көбеев 1887 жылы қайда оқығанын табыңыз.

A) Өз бетінше оқыды.

B) Орыс лицейінде.

C) Жұмыс істеді.

D) Ыбырай мектебінде.

E) Молдадан оқыды.

22. ²Абай жолы² романында Құнанбай мен Бөжейді татуластыру үшін сөз болатын қазақ салтын көрсетіңіз.

A) Қыз алысу.

B) Құда болу.

C) Құн төлеу.

D) Бала асырап алу.

E) Ас беру.

23. Параллелизм деген ұғымның мәнін табыңыз.

A) Қайта айту деген мағынаны білдіреді.

B) Керексіз, орынсыз, басы артық сөз.

C) Басқа біреудің әдеби шығармасын иемдену.

D) Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі.

E) Қарама-қарсы ұғымдарды жақындату.

24. ²Өз басым өзге елге сапарға шыққанда өзіммен бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі - ²Манас², бірі - М.Әуезовтің ²Абай жолы², - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.

A) З.Қабдолов.

B) С.Мұқанов.

C) Ш.Айтматов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) М.Шаханов.

25. ’’Құтты білік’’ дастанында ақыл-парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз.

A) Айтуды.

B) Айтолды.

C) Ұғділміш.

D) Огдүрміш.

E) Күнтолды.

26. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз.

A) “Бұл заманда не ғаріп?”

B) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

C) “Көлде жүрген қоңыр қаз”.

D) “Күн қайда”.

E) “Мұнар күн”.

27. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді.

Қызметін бір күн қылмаса,

Майлы сорпа бермейді.

A) Өнер, оқу, білім.

B) Бостандықтың туғандығы.

C) Әйелдер теңсіздігі.

D) Қазақ аулындағы тап жігінің ашылғандығы.

E) Табиғаттың тамаша көрінісі.

28. Ыстықкөл сапарына, Құлжаға бірге барған Шоқанның досын табыңыз.

A) Гонсевский.

B) Костылецкий.

C) Достоевский.

D) Дуров.

E) Семенов-Тян-Шанский.

29. «Ботагөз» романының ақырында Ботагөздің атқан таңды қарсы алған жерін табыңыз.

A) Бурабай көлінің ортасындағы діңгек таста.

B) Шортанды көлінің ортасындағы діңгек таста.

C) Сексенкөлдің ортасындағы діңгек таста.

D) Қалың орман ортасында.

E) Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста.

30. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып,шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.

A) Шекарашыларға берілді.

B) Отырып тамақ ішті.

C) Ата-бабалар зиратына құран оқыды.

D) Жер ананы құшақтап сүйе берді.

E) Ауылдағы адамдарға жолықты.

17 нұсқа

1. Махамбет Өтемісұлының жауынгер де абзал досын, көтеріліс басшысын табыңыз.

A) Шернияз

B) Есет батыр

C) Жәңгір

D) Әбілқайыр

E) Исатай

2. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз.

A) Ы.Алтынсарин.

B) А.Байтұрсынов.

C) Ә.Бөкейханов.

D) Ш.Уәлиханов.

E) М.Дулатов.

3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.

A) «Қайырымды түлкі».

B) «Залым төреге».

C) «Жаз».

D) «Әй, жігіттер».

E) «Өзен».

4. Шәкәрімнің өлеңін табыңыз.

A) «Мен - қазақ»

B) «Әсемпаз болма әрнеге»

C) «Ғылым таппай мақтанба»

D) «Шәкірт ойы»

E) «Жастарға»

5. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.

A) «Аққу, шортан һәм шаян».

B) «Сағындым».

C) «Пайғамбар».

D) «Жұртыма».

E) «Жетісу суреттері».

6. Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл,

Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.

A) Жол батасы.

B) Теріс бата.

C) Наурыз батасы.

D) Ас қайыру батасы.

E) Рамазан батасы.

7. Баласын мақтар бас жаман,

Қатынын мақтар қас жаман

Алыстағы дұшпаннан,

Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.

A) Қазыбек.

B) Төле.

C) Үмбетей.

D) Сырым.

E) Абай.

8. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.

A) Бұрынғыны аңсау.

B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.

C) Ғашықтықты жырлау.

D) Адамзат туралы ой-толғау.

E) Өзін-өзі мадақтау.

9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.

A) «Еділ бол да, Жайық бол»

B) «Артықша туған азамат»

C) «Анаңнан асыл бар ма?!»

D) «Аягөз, қайда барасың?!»

E) «Абайдың суретіне»

10. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Өнер-білім бар жұрттар’’.

B) ’’Арғымаққа оқ тиді’’.

C) ’’Әкеме’’.

D) ’’Өзен’’.

E) ’’Жазғытұры’’.

11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.

A) “Қирағат”.

B) “Есеп құралы”.

C) “Азамат”.

D) “Оян, қазақ”.

E) “Терме”.

12. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.

A) Ақұштап Бақтыгереева.

B) Мұқағали Мақатаев.

C) Фариза Оңғарсынова.

D) Жұмекен Нәжімеденов.

E) Қадыр Мырзалиев.

13. ²Егемен Қазақстан² газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.

A) ²Орда².

B) ²Тіршілік².

C) ²Кедей сөзі².

D) ²Еңбекші қазақ².

E) ²Әдебиет майданы².

14. М.Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.

A) Отырар.

B) Мысыр.

C) Бағдат.

D) Баласағұн.

E) Иассы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]