
- •1.Саяси эита дегеніміз не?ол не ушін керек?
- •2.Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?
- •3.Саяси элиталар жөнінде қандай теориялар барболардың ерекшеліктері қандай?
- •4.Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайында саяси элитаның қызметінде тиімді бағыттарға нелерді жатқызамыз?
- •5.Қазіргі Қазақстан элитасына кимдерді жатқызар едіңіз?
- •6.Топ бастаушы (лидер)болу үшін қандай қасиеттер керек?неге байланысты олардың рөлі арта түседі?
8-ТАРАУ
1.Саяси эита дегеніміз не?ол не ушін керек?
Саясаттың сан алуан субьектілерінің оған ықпалы, әрине әр түрлі. Жеке азаматтар және әлеуметтік топтар күнделікті саяси өмірге тікелей қатынаса бермейді. Күнделікті саясатпен адамдардың ерекше қабаты айналысады , оларды ерекше басшы топ атайды. Саяси элита аталымын қалай түсінуге болады? “ Элита” француз тілінен аударғанда “таңдаулы”, “сұрыпталған “, ”ең жақсы” деген мағынаны береді. 18ғ бастап ол сөзбен жоғары сапалы тауарларды атады . 20ғ бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы, беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Бұл аталымның этимологиялық маңызының екі аспектісі бар. Оның біріншісі элита өзіне белгілі бір сапалық қасиеттерді , айқын белгіленген интенсивті белгілерді жинақтайды. Екінші аспектісі , осы белгілерді кң жоғарғы өлшеммен бағалайды . Өзінің алғашқы этимологиялық маңызы бойынша элита түсінігінде ешқандай ізгіліктілікке, демократиялыққа қарсылық жоқ. Әдетте, жоғары сапалы жылқы тұқымы , дәннің тұқымы, спорт саласындағы элита т.б түсініктер пайдаланылады. Демек, адамзат қоғамында да адамдар арасында табиғи және әлеуметтік айырмашылықтар орын алып, бұл жағдайлар олардың басқару саласындағы мүмкіндіктерінің әр түрлілігінен, саяси және қоғамдық процестерге әр түрлі ықпалынан көрінеді. Осының өзі саяси элитаны айқын бейнелеген саяси- басқарушылық сапаны иеленуші ретінде сипттауға негіз болады.Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б 551-479) адамдарды асыл азаматтарға және төменгі адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға,
әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20ғ басында итальян ғалымдары Г. Моска, В.Парето, неміс Р. Михельс және т.б қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
2.Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?
Мемлекет қана осы процесті белсенді түрде іске асыруға қабілетті. Басты мақсатты көре білу, ұлттық қорды оның жетістігі жолына жұмылдыру – қазіргі саяси элитаға ең қажетті қасиет. Жаңару кезеңіндегі биліктегі элитаның маңызды рөлі идеологиялық жұмылдыру болмаған кезде азаматтардың көпшілігінің модернизацияға көңіл аудармайтындығымен, ал «креативті тап» деп аталатын «модернизаторлардың» әлеуметтік қабатының жекеменшіктен, сол сияқты қабылданған шешімдерден шалғай болуына байланысты түсіндіріледі. Инновацияны кеңінен ендіру өзінің жұмыс орындарын сақтап қалуды қалайтындар үшін тиімсіз. Сондықтан олар барлық күшін салып модернизацияға қарсы тұрады, - деген болатын Пенсильвания Университетінің социология профессоры Рэндалл Коллинз. Егер Оңтүстік Корея 60-70 жылдары өзінің барлық қаржылық қорын әлемдік деңгейдегі электрондық, автомобиль және кеме жасау өндірісіне құймағанда, ол осынша қысқа мерзім ішінде өзінің аграрлық және отарлық жағдайын артқа тастап, алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік мемлекетке айнала алмас еді. Қазақстанның ұзақ мерзімді даму көрінісінің негізінде жатқан келесідегідей іргелі факторларды бөліп көрсетуге болады:
- қазақстандық экономиканың салыстырмалы басымдықтары – энергетикалық, ғылыми-зерттеушілік, транзиттік және ауылшаруашылық әлеуеті – оның дүниежүзілік шаруашылыққа қосылуына және өзін дамытуға капитал тартуға жарамды;
- әлеуметтік инфарқұрылым жаңаруын кеңейтетін көпшілік орта таптың қалыптасуы және білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту;
- еуроазиялық экономикалық кеңістікті интеграциялау;
- Кедендік Одаққа, ДСҰ-ға кірумен байланысты жаһандық бәсекелестікті күшейту; - технологиялық өзгерістердің жаңа толқынына сай адам капиталы рөлінің өсуі.