Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЖБ ЭЛ лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.1 Кб
Скачать

3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы

Қандай да бір стильді дұрыс таңдау басқарушылардың оларға тән қасиеттері мен жеке ерекшеліктері, бағыныштылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері сияқты көптеген факторларға байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі бағыныштылармен өзара қарым-қатынас орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған. Ал ол басқару ісіндегі бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болған.

Жалпы түрде жауапкершілік өзара байланысты жақтардың мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты, адам бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш құрамдас бөліктердің өзара байланысының нәтижесінде қалыптасады: а) борыштық сезім; ә) іс-әрекетті бағалау; б) шектеу қою, жазалау шараларын қолдану.

Жауапкершілік алғышарттардан, объектіден, мазмұны мен өлшемнен тұрады. Алғышарттар қоғамдық қатынастардың, адамдардың жүріс-тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге деген қоғамның (мемлекеттің), азаматтардың қажеттіліктерінен туындайды. Мұндай қажеттіліктер қоғамның нормативтік жүйесінде көрініс тауып, бекітіледі. Жауапкершіліктің маңызды элементін оның объектісі құрайды, себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруге тура келеді, мысалы, материалдық, моральдық, құқықтық, саяси, жеке, ұжымдық жауапкершілік болады. Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсатты әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекетгерде көрініс табады. Осыдан жауапкершілікті барлық аспектісі тұрғысынан жүзеге асырмайынша азамат та, қоғам да, мемлекет те қанағаттана алмайтынын білдіретін оның кешенді сипаты туындайды. Жауапкершіліктің өлшемі субъектінің өз іс-әрекетінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен байланысты. Ол қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметгік мәнділігіне, қоғамның адамға артатын сеніміне, түлғаның даму деңгейіне, өзінің жасаған іс-әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын сезінумен анықталады. Басқару ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету, шара қолдану, жазалау, ынталандыру шаралары қолданылып, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды.

Осыған байланысты өткен ғасырдың 60-шы жылдары американдық профессор Дуглас Мак Грегор адамдардың тұрпатын ажырататын «X» теориясы мен «У» теориясына негізделген, басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын ұсынған.«X» теориясы бойынша қатардағы адамның жұмыс істеуге ынтасының болмауы және одан жалтару жолдарын іздеуі тән, сондықтан белгіленген мақсаттарға жету үшін адамдардың көпшілігін мэжбүр ету, бақылау, бағыттау қажет; қатардағы адам көбінесе оны бақылап отыруды қалайды, жауапкершіліктен аулақ болуға, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады, атаққүмарлыққа талпынбайды; адамдар көбінесе қауіпсіздікті қажет етеді. Д. Мак Грегордың пікірінше мұздай адамдарға қатысты басшы авторитарлық стильді және формальды емес әдістерді қолдануды ұйғарады. Ол осыларды ескере отырып, қарамағындағыларға психологиялық әсер етеді, өкілеттіктерді орталықтандырып, бір жерден шешім қабылдайды. Авторитарлық лидер билік арқылы өзінің еркін қарамағындағыларға жүктейді, мойындатады.

«У» теориясы бойынша қатардағы адамға атқаратын жұмысынан жалтару міндет емес, себебі ол еңбек белгілі жағдайларға байланысты тиісті жаза алу немесе табыс көзі болуы мүмкін; қызметкерлердің қызметіне сыртқы бақылау орнату олардың күш-жігерін жұмылдырудың жалғыз қүралы емес, егер адам мақсатының орындалуына мүдделі болса өзін-өзі басқару мен бақылауды жүзеге асыра алады; ынталы қызметкер үшін ең жоғары марапат - оның өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру; қызметкердің өзін-өзі көрсетуін жүзеге асыру барысында ұжымның мақсаттарына қол жеткізіледі; қатардағы адам тиісті жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алуға үйренеді; көптеген адамдар ұйымның мәселелерін шешуге елеулі үлестерін қоса алады. Осындай қызметкерлерге қатысты басшы басқарудың демократиялық стилінжәне формальды үлес әдістерін қолданады. Басшы-демократ өз еркін қол астындағыларға міндеттемейді, орындаушылардың өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылыстарын жоғары мақсаттарға жету жолының басты кепілі деп біледі. Ол ұйымның мақсаты мен топ мақсаты арасында байланыс орнатып, кейін атқарылған жүмыстарға баға береді. Бүл басқару стилінің ашық түрі, мұнда сенімділік орын алып, адамдар мәселені өздері шешіп, басшыға тек керек кезде ғана барады.

Мак Грегордың пайымдауынша «X» теориясына сәйкес әкімшілік қызметкерлер тек «сызықтық» қызметкерлерді бақы -лау үшін қолданылса, онда олардың өзара байланыстарында түсінбеушілік туындауы мүмкін. Ал «У» теориясына байланысты әкімшілік кызметкерлердің рөлі қалған басқару деңгейлеріне тек қана кәсіби көмек көрсетумен шектеледі.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,5

Қосымша әдебиеттер: 6,7