
- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
Дәріс жоспары:
1.Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы.
Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
Басқару қызметкерлерінің мәдениеті әр түрлі қасиеттері бойынша көрініс тапса да, олардың мәдениетінің толық және нақты бағасын жүмыс істеу стиліне қарап беруге болады. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс -тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс - тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден түрады:
1. Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;
2. Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;
3. Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.
Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стилдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық.
Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді.
Демократиялық стильде - бағынышталарға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Жұмысты орындауға қажетті алғышарттар жасалып, оның нәтижесі әділ бағаланады. Адамдармен сыйласымды қатынастар орнатылады.
Либералдық стиль - басшының бағыныштылардың іс-әрекеттеріне араласпауымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті үжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Аталып өткен стильдерден басқа әркім нені және қалай істегісі келсе өз бетінше орындайтын анархиялық стиль; белгілі бір шараны орындау, атқару кезінде ғана аса белсенділік танытатын, келесі жағдайларға дейін салғыртсу, әрекетсіздік білдірілетін кампаниялық стилъ (кампанейский), көбінесе бұйрыққа, қызметтік тәуелділікке негізделіп, дөрекі психологиялық қысым жасалатын еріктілік стиль түрлері белгілі. Сонымен қатар нормативтік, яғни көпшілік мойындаған, қоғам қолдайтын жалпы ортақ стильді, нақтылы басқару қызметінің жағдайларына, түрлеріне және қызметкерлердің қабілетіне байланысты қалыптасатын жеке стильдерді де атауға болады.
2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
Американдық психолог Курт Левин (1890-1947 жж.) директивті басқарудағы қызметті ең өнімді деп санаған. Демократиялық басқару ең көп тараған және өнімділік пен сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Басқарудың либералды стилі барлық жағынан нашар болып шықты. Левин мінез-құлықтық бағыттың өкілі болып табылады, себебі оған дейін басқару тиімділігін басқарушының жеке қасиеттерімен емес, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісімен анықтайтын түлғалық және жағдайлық теориялар орын алған болатын. Осыған байланысты стильдер автократиялық жэне демократиялық болып жіктеледі. Авторлар сәйкесінше оларды «барлық күш-жігерін жүмысқа жұмылдырған» және «барлық күш-жігерін адамдарға бағыттаған» деп бөледі.
Барлық күш-жігерін жұмысқа жұмылдырған басшы үнемі мәселенің дұрыс қойылуы мен еңбек өнімділігін арттыру жайлы ойлайды. Ал «барлық кұш-жігерін адамдарға бағыттаған» басшы еңбек өнімділігінің өсуін тек адами қатынастарды жетілдіру жолдары арқылы ғана өз мақсаты етіп қояды.
Бірақ басшы тек жұмысқа ғана өз назарын аударып, қызметкерлеріне мүлдем көңіл бөлмеуге болмайтындығы кейіннен белгілі болды. Ол қандай да бір дәрежеде адами қатынастарды ынталандыруға, қарамағындағылардың кажеттілігін қанағаттандыруға мәжбүрлі. Авторитарлық бағыттың да, адами қатынастар позициясын ұстанушылардың да жақтаушылары бар. Бұл екі бағыт та тәжірибе жүзінде оң қолдауға ие болды және олар жұмыспен қанағаттанушылық, жоғары еңбек өнімділігінің болуымен бағаланады. Алайда, тәжірибе жүзінде бұл керсеткіштердің өсуін қандай да бір стильмен байланыстыруға болмайды. Жүмыспен қанағаттанушылық пен еңбек өнімділігінің жоғары болуы авторитарлық басқарудың нәтижесінде және керісінше, қарама-қарсы нәтижелер демократиялық басқару стилінде де болуы мүмкін.
Нақты өмірде аталмыш басқару стильдерінің, ешбірі де таза күйінде көрініс таппайды. Әрбір басшының мінез-қүлқынан (жүріс-тұрысынан) аталған үш стильдің барлығына тән жалпы ерекшеліктерді кездестіруге болады. Әр түрлі адамдар мен ұжымдарды басқаруға сәйкес келе беретін әмбебап басқару стилі жоқ. Көбіне олар ұштасып, сабақтасып, қандай да бір стильдің басымдыққа ие болуымен сипатталады. Дегенмен мемлекеттік басқарудың демократиялық стилінің мақсатқа сай, нәтижелі және перспективалы екендігін тарихи тәжірибе көрсетіп отыр. Бүл стиль басқарушылық үрдістерді тұрақтандыруға және сол арқылы ұтымды әрі тиімді қоғамдық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.