- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •Қызметтері
- •Даму сатылары
- •Мемлекетаралық төлем келісімі
- •3 Мемлекетаралық экономикалық одақтар
- •Мемлекет иелігіне алу
- •Мемлекеттік айыптаушы
- •Тақырып. Мемлекетті басқарудың функционалдық және экономикалық аспектілері
- •1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері
- •2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары
- •3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі
- •4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.
- •5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру
- •3 Тақырып. Саяси режим түсінігі және демократия формалары
- •Президенттік режим
- •Парламенттік режим
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару субъектілері және объектілері және оның жүйесі
- •1.Мемлекет қоғамдық үрдістерді басқару субъектісі ретінде.
- •2. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары.
- •3. Мемлекеттің қоғамдық функциялары және мемлекеттік басқарудың түрлері.
- •5 Тақырып. Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының тарихи аспектісі
- •1.Мемлекеттік саясатты жасақтау негіздері
- •1. Болжау;
- •2.Мемлекеттік билік түсінігі.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу
- •1. Құқықтық реттеудің мәні мен маңызы
- •3. Мемлекеттік басқару ісінде заңдылықты қамтамасыз ету мен тәртіп мәселелері
- •7 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың конституциалдық негіздері
- •Қр мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы.
- •2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
- •3.Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі.
- •4.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік
- •5. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі.
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральді-этникалық, әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқару қызметінің стилі түсінігі, мазмұны, түрлері
- •2.Басқарушылық қызмет стилі және жетілдіру қажеттілігі
- •3.Мемлекеттік басқару қызметіндегі стиль мен жауапкершіліктің өзара байланысы
- •9 Тақырып. Жергілікті басқару экономикалық ғылыми саласы ретінде
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •10 Тақырып. Жергілікті басқарудың міндеттері, негізгі қағидалары
- •2. Орталықтандыру.
- •11 Тақырып. Жергілікті шаруашылықты басқарудың объективті қажеттілігі
- •12 Тақырып. Әкімшілік-территроиялық бөлу және жергілікті өзін-өзі басару туралы заңнама
- •13 Тақырып. Аймақтың экономикалық дербестігі және оның мәні
- •14 Тақырып. Жергілікті жерлерде мемлекеттік билік органдарының өкілеттілігі
- •Әкім апараты-жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
- •15 Тақырып. Муницмпалды білім берудің әлеуметтік-экономикалық дамуына орталық және жергілікті басқару органдарының әсері
- •1 Қазақстан экономикасын басқарудың саяси экономикалық негіздері
- •2 Өзін-өзі басқару тұжырымдамасы және оның негізгі жағдайы
- •3 Қазақстанның реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасы
- •4 Сыртқы экономикалық қатынастардың қалыптасуын басқару
2. Қр Президентінің Конституциялық мәртебесі.
Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі таңда Еуропанын, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады.
Президенттік институты президенттік, сондай-ақ парламенттік басқару республикаларында құрылып, қызмет етуде. Парламенттік басқару жүйесі кезінде ел басшысы қызметін Президент атқарады, ал нақты атқарушылық билік Парламент алдында есеп беретін Үкіметтің қолында болады. Президенттік Республикада Президент кең өкілеттікті және ерекше жағдай-ды иеленеді. Президенттік Республика мынадай қырларымен сипатталады:Үкімет Президент алдында жауап береді, Үкімет мүшелерін Президент өз қалауымен қызметке тағайындайды және қызметінен босатады; Президент зандар бойынша ұсыныс енгізуге, Парламент қабылдаған зандарға қол қоюға немесе оларға тыйым салуға кұқылы; Президент өз қалауымен заң, күші бар Жарлықтар шығаруға құқылы; Президент лауазымыбойынша Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы болып табылады; Президент Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыруға, Парламентті таратуға және мезгілінен бұрын Парламент сайлауын тағайындауға құқылы; Президент референдум өткізуге, төтенше жағдай енгізуге және басқаларына құқылы. Президенттік Республика дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінде, оның ішінде АҚШ-та, Францияда, Италияда, Түркияда, Аргентинада, Мексикада, Сирияда, Филиппинде, Тайваньда, Корей республикасында және басқаларында қызмет етеді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Казақстан Республикасынын, 1993 жылғы Конституциясында Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес туралы тараудан кейін орналастырылды. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттік берілген бірден-бір заң шығарушы және жоғары уәкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағыттады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билік органдары жүйесінде бірінші орынға Президентті койды. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғаны туралы Конституциялық қағиданы бекітті.
Н.Ә. Назарбаев баскарудың президенттік жүйесін: "мемлекеттің бүгінгі тандағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырды. Және бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет" деп жазды. 12-шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен-өзі тарқағаннан және Президентке заң шығару органынын кейбір өкілеттігі уакытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша жедел және сапалық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық және жай зандык күші бар жүздеген Жарлықтар шығарды. Бүл заң шығармашылық салада президенттікқабілеттілік пен мүмкіндікті көрсетті және оның басқарудың президенттік жүйесін нығайтуда айтарлықтай мәні болды. Конституциянын, Президенттің мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орнын белгілейтін 40-бабы Президенттің мәртебесін сипаттаудың негізі болып табылады. Конституцияның көрсетілген бабына сәйкес Президент мемлекет басшысы болып табылады.
